Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 к. ТҚН каз ОБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

Малды ветеринарлық тазалау

Малдың тері жамылғысынан радиоактивті, улы затты және бактериалдық құралдарды алу, сондай-ақ оларды залалсыздандыру мен организмдерімен кетіру ветеринарлық тазалау деп аталады.

Зақымдану түріне байланысты радиацияға, химияға, бактерияға қарсы тазалау болып бөлінеді.

Малды радиацияға қарсы тазалау арнайы ерітінділермен тері жамылғысынан радиоактивті затты қарапайым жолмен алуға негізделеді. Ол асқазанды (жылқынын) жақсылап шаю және ішке адсорбциялаушы, ілсіретуші және арнайы сәуледен қорғайтын препараттарды жіберу кезінде радиоактивты заттарды организмнен ішінара кетіруге ықпал етеді.

Малды химиялық, тазалау кезінде дегазаторлар қолданылады, олар улағыш заттармен реакцияларға жылдам түсіп, оларды усыз заттарға айландырады. Бұдан кейін оларды тері жамылғысынан сумен шайып кетіреді. Бұдан басқа улы затты организмнен оларды асқазан-шек жолын жақсылап шайю арқылы бейтараптандыруға болады.

Малды бактериядан тазалау тері жамылғысынан бак­териалдық затты әртурлі дезинфекциялаушы заттармен залалсыздандыру мен кетіруді, сондай-ақ сақтандырушы егуді, кеңінен қолданылатын антибиотиктерді және инсектицидтерді қолдануды қамтиды.

Зақымдалған малдың тері жамылғысын құрғақ немесе ылғалды әдіспен тазалайды.

Құрғақ әдісте радиоактивті затты механикалық әдіспен, сабы узын шеткамен кетіреді. Бұдан кейін аяқтың төменгі жағын жуады, көзді және ауыздын ашық жерін ылғал шүберекпен сүртеді немесе оларды таза сумен шаяды.

Жылдың жылы уақытында малдың зақымдалмаған суатта шомылдыруға болады. Қысқы уақытта ветеринарлық тазалау үшін таза қарды пайдалануға болады. Көзді, ерін мен кызыл етіп бұл жағдайда ылғалды шүберекпен сүртеді немесе марганец-қышқылды калийдін 0,2%-тік ерітіндісімен, соданың 2%-тік ерітіндісімен шаяды.

Көлік құралдары мен техниканы арнайы тазалау

Көлік құралдарын дезактивациялау 2—3 атмосфералық қысымдағы су ағысымен шаю немесе дезактивациялаушы ертіндімен тазалау, бензинге, керосинге, дизель отынына малынған шүберекпен сүрту, сондай-ақ газ тамшысы ағынымен тазалау арқылы жүргізіледі.

Жазғы уақытта дезактивациялаушы зат ретінде СФ—2 ұнтағының 15%-тік ертіндісі, ал қысқы уақытында 20— 24%-тік аммиак ертіндісі бар аммиак суын пайдаланады.

Дезактивация кезінде қолмен басқарылатын сұйылтқыш және шашратқыш қолданылады. Мұндай приборларға РДП дегазизациялау приборы, ИДК-1 жеке дегазизациялау кешені, әртүрлі үлгіден ОРП, ОРД, ОРД-А бақша шашратқыштары, басқа шашратқыштар жатады. Бұлар насоспен, шлангымен және шандатқыш қондырғымен жабдықталған резервуарлар. Сыйымдылығы 11 литр ОРП шашратқышпен 2,5 атмосфера қысым жасалады.

Залалсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі сақтың шаралары.

Зақымдалған ошақтағы жұмыс кезінде жеке қорғаныс құралдары жұмыс реттеушілерді толық қорғауға тиіс.

Радиоактивті шанмен зақымдалған малды тазалау кезінде мақта-қагаз комбинезонын пайдалануға болады, оған ұзын резиналық фартук, резина етік пен қолғап киеді.

Мал мен өсімдіктерді қорғау қызметі башмшелерщщ жеке құрамы жеке дәрі-дәрмек кобдишасымен (АИ-2) қамсыздандырылады.

Химиялық зақымдау ошағында резина мен комбинезон немесе резиналы қорғаныс костюмін және резиналы етік пен қолғапты киеді.

Зақымдалған аумақта тамақ, пен су ішуге темекі тартуға отыру мен жатуға терін, тыныс алу органдарының қорға­ныс құралдарын шешуге, қорғаныс киімінің түймесін ағытуға рұқсат етілмейді.

Жұмыс аяқталып, зақымдау ошағынан шыққаннан кейін бөлімшелердің жеке құрамы міндетті түрде санитарлық тазалаудан етуге, ал киім мен аяқ-киім, қорғаныс құралдары залалсыздандыруға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]