Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 к. ТҚН каз ОБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия

Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия-тұрақты жұмыс істейтін орган. Комиссияның мақсаты:

-төтенше жағдайдағы ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі жүйені құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

- орталық, жергілікті атқарушы органдарының және шаруашылық объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы тетенше жағдайдан сақтандыру, болдырмау, ауыртпалығын төмендету және жою жөніндегі қызметін үйлестіру жөне бақылау;

- төтенше жағдай кезінде құтқару-іздестіру және авариялық құтқару қызметтерін, құралдарын және халықтың тіршілік жүйесін құру.

"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міңдеттерін, құрылу және жұмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АК) саласыңдағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс-әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізіледі.

АҚ-ның негізгі міндеттері:

- басқару, хабарлау және байланыс жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікте ұстау;

- АҚ күшгерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрекетке тұрақты әзірлікте ұстау;

- орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты үйрету;

- радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологаялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;

- АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;

- шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

-қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-ның өзге бөлігін жинау және әзірлікте ұстау;

-халықты, орталык, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;

- құтқару-іздестіру жөне өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;

- азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.

АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.

АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді.

АҚ-ға даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды.

АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]