Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 к. ТҚН каз ОБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

Тж жөніндегі қр Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және кұрылымдық аумақтық органдары

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. ТЖ-ны ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" ҚР Заңында белгіленген.

ҚР АҚ-ға жалпы басшылықты ҚР Премьер-Министрі — Азаматтық қорғаныстың бастығы жүргізеді.

ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігіне жүктелген.

ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі ҚР Үкеметінің құрамына кірмейтін, сала аралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипатты ТЖ-ны ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз.жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында арнайы атқарушы жөне рұқсат ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы орган болып табылады.

Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады.

Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департаментті директор басқарады.

Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:

- Төтенше жағдайларды ескерту департаменті;

- Жедел іс-әрекет департаменті;

- Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;

- Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;

- ТЖ техникалық жөне тау-кендік бақылау жөніндегі департамент.

Ұйымдастыру— бақылау және кадр жұмысы департаменті

Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын (аумақ бойынша бас мемлекеттік инспекторлар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерімен келісе отыра Агенттік төрағасы тағайындайды.

Агенттік төраға, оның орынбасарлары, департамент директорлары, Агенттік пен оның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары құрамындағы алқа құрылады. Ғылыми техникалық кеңес құрылады.

Агенттік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:

-облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда);

- қалалық баскармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары);

-аудандық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;

- біліктілікті көтеретін Республикалық курстар;

- Республикалық дағдарыс орталығы;

- Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;

- химиялық-радиациялық лабораториялар;

- Республикалық жедел-құтқару отрядтары;

— облыстық жедел құтқару отрядтары;

— аймақтық аэромобилді отрядтары;

- АҚ әскери бөлімдері;

- мемлекеттік өрттен қорғау қызметтерінің бөлімшелері;

- "Қазселден қорғау" Республикалық кәсіпорны.

Тж жөніндегі қр орталық атқарушы органның өкілеттігі

Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің:

- Агенттік құзыретінің саласын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;

- Үкімет қүрамына кірмейтін министрліктерге, орталық атқарушы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға табиғи және техногендік сипатты ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнінде нұсқаулар беруге;

- өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылдауға;

- ҚР Үкіметіне ТЖ аймағындағы авария, апат, зілзала, салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объекгілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларын, басқа әскерлер мен құрамалдардың күштері мен құралдарын тарту туралы ұсыныс енгізуге;

-өз құзыретінің шегінде аттестация жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жұмыс түрлерін жүргізу үшін рұқсат беруге;

- объектілердің жұмысын доғаруға немесе тоқтатута, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде кешіру шараларын жүргізуге;

-егер объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйі белгіленген нормативтерге сай келмеген жағдайда ұйымдардың қызметін толық немесе ішінара тоқтатуға;

- бүкіл республика аумағында бірыңғай радио жиіліктері белдеуін;

-ТЖ-ны ескерту және жою жөніндегі мәселелері бойынша журналдар, режимдік анықтамалықтар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқығы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]