
- •«Тіршілік қауіпсіздігі » курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған
- •I тарау . "Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігінің қамтамасыз ету"
- •I тарау. Төтенше жағдайларда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •Тж жөніндегі қр Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және кұрылымдық аумақтық органдары
- •Тж жөніндегі қр орталық атқарушы органның өкілеттігі
- •Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия
- •"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
- •Ақ және тж басқару органдары мен қызметтері
- •Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау
- •Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігі қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері
- •Жоғары оқу орындарының Азаматтық қоғанысын ұйымдастыру
- •Шаруашылық объектісі Азаматтык қорғанысының ұйымдық құрылымы
- •Ақ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар
- •Табиғаттағы тосын жағдай
- •Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері
- •Халықаралық жер үсті белгілері (белгі көлемі 3x0,5 м)
- •Адамға радиацияныц әсері.
- •Сәулелену дозасы туралы түсінік
- •Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі
- •Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жердің радиоактивтік ластануы
- •Аумақтың радиоактивті ластануы
- •Адамға сәуле алудың қауіпі
- •Хайуанаттардағы сәулелену ауыруы
- •Қатты әсер ететін улы заттар
- •Қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек шаралары
- •Ауа температурасының қәуз (ксі) алгашқы бултыныц таралу теңдігіне ықпал ету коэффициентіиі", маңызы
- •2 М Ім/с (сагаттар, әэуліктер, айлар) биіктіктегі желдіқ жылдамдыгы кезінде төгілу алаңынан қәуз – дің булану уақыты
- •Ауырлықтың белгілі бір деңгейіне дейін қоргалмаған жеке қурамның зақымдалуы бақыланатын шект қәуз-дің таралу аймагы тереңдігінің улесі
- •Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін заттармен және бактериал дық құралдармен зақымданған кезде алғашқы медициналық көмек
- •Улағыш заттардың жіктелісі
- •Организмнің әртүрлі уз топтарымен зақымдану белгілері
- •Қатты әсер ететін улы заттардың (қәуз) организмді зақымдауы
- •Ііітарау. Төтенше жағдайлардағы ахуалды бағалау радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлар
- •Химиялық барлау приборлары
- •Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау
- •Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау
- •Іv тарау. Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы азаматтық қорғаныс шаралары халықты қорғаудың непзгі принциптері мен қорғау әдістері
- •Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен кұралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас.
- •Халықты қорғаудың негізгі әдістері
- •Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
- •Панаханалар
- •Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібі
- •Қоныстандыру және көшіру Көшіру және қоныстандырудьщ принциптері және көшіру әдістері
- •Көшіру органдары, олардың кұрылымдары мен міндеттері
- •Көшіру шараларын жоспарлау
- •Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі
- •Қоныстандыру мен кешіруді қамсыздандыру
- •Жеке қорғаныс құралдары
- •Газқағардьщ алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Қосымша патрондар
- •О қшаулағыш газқагарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарларынын жіктелісі
- •Теріні корғау құралдары
- •Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
- •Жеке корғаныстын медициналық құралдары
- •Қарапайым панаханалар
- •Бейбіт уақытта корғаныс гимараттарын күтіп ұстау және пайдалану
- •Корғаныс ғимаратын панахана, рк,о режиміне келтіру
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп – кету тәртібі.
- •Малға арналған жемді коймада және дала жағдайында сактау
- •Малды ветеринарлық тазалау
- •Зілзала және оньің салдарымен күрес
- •Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау қүралдарынан қорғау жөніндеп ақ шаралары
- •V бөлім. Тж жағдайларына басіиы қүрамы- на, ақ қүрамаларын даярлау және халықты
- •Тосын жағдайда іс-әрекеттер халықты үйрету мәселесіндегі насихатгың ролі
- •VI тарау. Тж ұйымдары жүмысының тұрақтылығы Ұйым жүмысы түрақты негіздері
- •Шаруашалақ нысандарының жүмыс істеу тұрақтылығы
- •ҚжШбж жүргізу тәсілдері мен амалдары
- •Жаракат алғандар мен ауруларды тасымалдау
- •Автомобиль шанагывда тасымалдау
- •Санитарлық зембілдер
- •Пайдаланылған әдебеттер
Химиялық барлау приборлары
Ауадағы, жердегі, техникадағы және басқа обьектілердегі улы заттарды анықтау химиялық барлау приборлары көмегімен немесе сынақ алу және оны артынша химиялық лабараторияда талдау жолымен жүргізіледі. Барлық приборлардың жұмыс принциптері индикацияның химиялық әдісіне негізделген. Ол бойынша улы заттар реактивпен ықпалдасқан кезде реактивтің түсі өзгередеі, ал егер реакция сұйық ортада жүргізілсе ылғал түседі.
Ә
скери
химиялық барлау приборы (ӘХБП).
Ауадағы, жердегі және техниканың
үстіндегі улы заттарды табуға арналған,
ол корпусқа қақпақпен және тасуға
арналған белбеумен бекітілген. Корпуста
қол насосы, насостың саптамасы,
индика-торлы түткішесі бар үш қағаз
таспасы, түтіннен қорғайтын сүзгі,
қорғаныс қалпақшалары, шам, жылытқыш
және оның патрондары орналасады.
Корпустың сыртынан сынақты ірікге-уге
арналған күрек бекітіледі.
Ауада улы заттарды анықтау. Улы заттарды анықтауды зариннан, зоманнан және ҮХ бастайды. Бүл үшін прибордың қақпағын ашады, ілмешекті итереді және насосты алады. Қызыл шеңберлі және қызыл нүктелі екі индикаторлық түтікшені алып, олардың үшын кесіп ашады. 5°С температура кезінде түтікшенің төменгі жағын ашардың алдында 40°С-тан аспайтын температурада жылытқыны қыздырады (реактивті ерітеді). Индикатор түтікшенің таңбасына дөл келетін таңбалы насостың ампула ашқышының көмегімен екі түтікшенің үстіңгі ампуласын сындырып, оларды үшы-нан таңбамен бірге үстай отыра 2—3 рет қатты сілкілейді, түткішілердің бірінің (тәжірибелік) үшын таңбаланған на-сосқа қояды, секундтына бір рет тербету жылдамдығымен 5 — 6 тербетіп, ауа айдайды. Екінші түтікше арқьшы (бақы-лау) ауаны айдамайды, керісінше прибор корпусында орналасқан штативте қалдырады. Ауаны айдағанан кейін тәжірибелік түтікшенің төменгі жағын сыңдырып толтырғыштың жоғары бөлігін толығымен шаятындай етіп бір-екі рет үлкен құлашпен сілкілейді. Толтырғыштар бояуының өзгерісін қадағалайды.
Төменгі ампулаларды ашып, оларды сілкілегеннен кейін толтырғыш қызарады, кейіннен сарғайады. Екі түтікшеде де қызыл түстің жасыл түске бір уақытта көшуі қауіпті мөлшердегі улы заттың жоқтығын айғақтайды. Бақылау түтікшесіңде сары түс пайда болған сәтте тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғары қабатында қызыл түстің сақталуы ауада қауіпті мөлшердегі улы заттардың бар екендігін көрсетеді.
Газқағарларын алу туралы шешім қабылдау үшін зариннің, заманның және ҮХ қауіпсіз мөлшері де осылайша анықталады. Анықтауды жоғарыда жазылған тәртіппен жүргізеді, тек ауаны тәжірибелік индикаторлық түтікше арқылы айдаған кезде насосты 50 — 60 рет басады және түтікшелердің төменгі ампуласын бірден емес, басқаннан кейін 2 — 3 минуттан соң сындырады.
Жүйкені құрыстырғыш улы затты зерттеу нәтижесіне қарамастан ауада фосгеннің (дифосгеннің) және көгілдір қышқылдың немесе хлорцианның бар-жоғын анықтайды. Бұл үшін үш жасыл жүзікшесі бар индикаторлық түтікшені ашып, ондағы ампуланы сындырып, түтікшені насосқа қой-ып, насоспен 10—15 рет тербетеді. Түтікшені насостан кейін алғаннан кейін толтырғыштың бояуын индикаторлық түтікше сақталатын таспаға жағылған эталонмен салыстырады.
Бұдан кейін ауадағы иприт буын анықтайды, бұл үшін бір сары жүзікшелі түтікшені ашып, оны насосқа қояды және насосты 60 рет басады. Бүдан кейін түтікшені насостан алып, 1 минуттан соң толтырғыштың бояуын таспадағы эталон-мен салыстырады.
СZ және ВZ-да индикаторлық түтікшесі бар таспалар болған кезде ауада осы улы заттардың бар екендігін анықтауға болады.
Төменгі температураларда ауаны зерттеуді жүргізген кезде түтікшілерді қыздыру керек. Бүл үшін жылытқының орталық саңылауын патронға қояды және патрон қалпақшасындағы саңылау арқылы оның ішіндегі ампуланы сындырады. Ампуланың сыңғанына көз жеткен соң ұшты патроннан алады. Жылытқыны қойғанан кейін оны бүйірдегі ұяларға түсіріп, индикаторлық түтікшілерді қыздыру немесе еріту үшін пайдаланады.
Индикаторлық түтікшенің толтырғышы түсінің ауада тек улы заттармен қатар негізгі сипаттағы қышқыл қоспаларының улы немесе бүркемелі түтіннің әсерінен өзгеретіндігін де есте ұстау қажет. Сондыктан да ауаны зерттеудің күдікті жағдайларында оны түтіннен қорғайтын сүзгіні пайдалана отырып қайталайды.
Топырақ пен сусымалды материалдағы улы заттарды анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып даярлағаннан кейін оны насостын басына қояды. Бұдан кейін насосқа саптаманы бұрып, басылатын жүзікшені ашық қалдырады. Саптаманың аузына қорғаныс қалпақшасын кигізеді. Зақымдалғаны туралы күдік тудырған жердегі топырақтың (сусымалы материалдың) үстіңгі бетін күрекпен ашып, қорғаныс қалпақшасьш шетіне дейін кемеді. Қақпақ-ты түтіннен қорғайтын сүзгімен жауып, оны сығатын жүзікшемен бекітеді және насоспен қажетінше тербетеді. Бұдан кейін түтіннен қорғайтын сүзгіні, сынама мен қалпақшаны лақтырып тастайды, индикаторлық түтікшені алып, жоғарыда көрсетілгендегідей, улы заттарды анықтайды.
Жердегі, техникадағы, киімдегі және әртүрлі заттардағы улы заттарды анықтау. Анықтауды фосфорлы органикалық заттардан бастайды. Әзірленген нүктені насосқа қойып сап-таманы бүрайды, қорғаныс қалпақшасын кигізіп, саптама-ны топыраққа немесе зертелетін объектінің үстіне қалпақшаны зақымдану белгілері анығырақ көрінген учаскені жабатындай етіп қояды, бұдан кейін қажетінше тербетеді. Бұдан әрі саптаманы алып, қалпақшаны лақтырып тастайды, насостың басынан индикаторлық түтікшені алып, таспаға жапсырылған нұсқаулықтарды басшылыққа алып улы заттарды анықтайды.