
- •«Тіршілік қауіпсіздігі » курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған
- •I тарау . "Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігінің қамтамасыз ету"
- •I тарау. Төтенше жағдайларда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •Тж жөніндегі қр Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және кұрылымдық аумақтық органдары
- •Тж жөніндегі қр орталық атқарушы органның өкілеттігі
- •Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия
- •"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
- •Ақ және тж басқару органдары мен қызметтері
- •Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау
- •Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігі қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері
- •Жоғары оқу орындарының Азаматтық қоғанысын ұйымдастыру
- •Шаруашылық объектісі Азаматтык қорғанысының ұйымдық құрылымы
- •Ақ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар
- •Табиғаттағы тосын жағдай
- •Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері
- •Халықаралық жер үсті белгілері (белгі көлемі 3x0,5 м)
- •Адамға радиацияныц әсері.
- •Сәулелену дозасы туралы түсінік
- •Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі
- •Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жердің радиоактивтік ластануы
- •Аумақтың радиоактивті ластануы
- •Адамға сәуле алудың қауіпі
- •Хайуанаттардағы сәулелену ауыруы
- •Қатты әсер ететін улы заттар
- •Қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек шаралары
- •Ауа температурасының қәуз (ксі) алгашқы бултыныц таралу теңдігіне ықпал ету коэффициентіиі", маңызы
- •2 М Ім/с (сагаттар, әэуліктер, айлар) биіктіктегі желдіқ жылдамдыгы кезінде төгілу алаңынан қәуз – дің булану уақыты
- •Ауырлықтың белгілі бір деңгейіне дейін қоргалмаған жеке қурамның зақымдалуы бақыланатын шект қәуз-дің таралу аймагы тереңдігінің улесі
- •Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін заттармен және бактериал дық құралдармен зақымданған кезде алғашқы медициналық көмек
- •Улағыш заттардың жіктелісі
- •Организмнің әртүрлі уз топтарымен зақымдану белгілері
- •Қатты әсер ететін улы заттардың (қәуз) организмді зақымдауы
- •Ііітарау. Төтенше жағдайлардағы ахуалды бағалау радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлар
- •Химиялық барлау приборлары
- •Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау
- •Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау
- •Іv тарау. Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы азаматтық қорғаныс шаралары халықты қорғаудың непзгі принциптері мен қорғау әдістері
- •Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен кұралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас.
- •Халықты қорғаудың негізгі әдістері
- •Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
- •Панаханалар
- •Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібі
- •Қоныстандыру және көшіру Көшіру және қоныстандырудьщ принциптері және көшіру әдістері
- •Көшіру органдары, олардың кұрылымдары мен міндеттері
- •Көшіру шараларын жоспарлау
- •Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі
- •Қоныстандыру мен кешіруді қамсыздандыру
- •Жеке қорғаныс құралдары
- •Газқағардьщ алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Қосымша патрондар
- •О қшаулағыш газқагарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарларынын жіктелісі
- •Теріні корғау құралдары
- •Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
- •Жеке корғаныстын медициналық құралдары
- •Қарапайым панаханалар
- •Бейбіт уақытта корғаныс гимараттарын күтіп ұстау және пайдалану
- •Корғаныс ғимаратын панахана, рк,о режиміне келтіру
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп – кету тәртібі.
- •Малға арналған жемді коймада және дала жағдайында сактау
- •Малды ветеринарлық тазалау
- •Зілзала және оньің салдарымен күрес
- •Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау қүралдарынан қорғау жөніндеп ақ шаралары
- •V бөлім. Тж жағдайларына басіиы қүрамы- на, ақ қүрамаларын даярлау және халықты
- •Тосын жағдайда іс-әрекеттер халықты үйрету мәселесіндегі насихатгың ролі
- •VI тарау. Тж ұйымдары жүмысының тұрақтылығы Ұйым жүмысы түрақты негіздері
- •Шаруашалақ нысандарының жүмыс істеу тұрақтылығы
- •ҚжШбж жүргізу тәсілдері мен амалдары
- •Жаракат алғандар мен ауруларды тасымалдау
- •Автомобиль шанагывда тасымалдау
- •Санитарлық зембілдер
- •Пайдаланылған әдебеттер
Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерініц сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
жүйкені жансыздандыратын УЗ — фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы — зарин, заман, V — газдар;
жалпы улағыш әсері бар УЗ — көгілдір қышқылы, хлорциан;
терінің құрысуына әсер ететін УЗ — иприт, люизит;
тұншықтырғыштық әсердегі УЗ — фосген, дифосген;
көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СS (си-эс);
психохимиялық әсер ететін УЗ — ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, заман, V — газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).
УЗ улылык жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
өлімге ушырататын — (зарин, заман, V — газдар, көплдір кышқылы, иприт, люизит, фосген);
уақытша есті тандыратын — ДЛК, ВZ ;
тітіркендіретін — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит CS ;
УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V — газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).
Организмнің әртүрлі уз топтарымен зақымдану белгілері
Жуйкені жансыздандыратын УЗ. Бұл топқа улылығы жоғары фосфор органикалық заттар (ФОЗ) — зарин, заман, V — газдар жатады. ФОЗ организмге тыныс алу органдары, жара, тері, кілегейлі қабық, асқазан-ішек жолдары арқылы өтеді. Тері ұлпалары мен кілегейлі қабық арқылы ФОЗ тамшылы-сұйық, аэрозоль және бутәріздес күйде әсер етеді.
ФОЗ организмге енгеннен кейін тыныс алуды, жүрек-тамыр жүйке және басқа жүйелердің қызметін күрт бұзады.
ФОЗ-дың зақымдау әсері үш дәрежеге бөлінеді:
жеңіл зақымдау дәрежесі көз қарашығының қысылуын, көру қабілетінің күрт төмендеуін, көз бен мандай төңірегінің сырқырауыш, мұрыннан сілекей ағуды, кеуденің қатты қысылуын, жүректің айнуын, жалпы әлсіздікті тудырады;
орташа зақымдау дәрежесі ауа мырдың тарылуы сал-дарынан демікпенің дамуымен, сондай-ақ жеңіл зақымдану дәрежесі кезінде байқалатын уланудың барлық белгілерінің күшеюімен сипатталады. Жүрек айниды, кейде қүстырады, іш бүрап ауырып, өтуі мүмкін, кіші дөрет жиі келеді. Кілегейлі қабықтың көгеруі жүріс-түрыстың бүзылуы (тен-селу), қүрыспа байқалады.
• ауыр закымдау дәрежесі ұстама төріздес сипаттағы құрыспамен сипатталады, құрыспа кезінде тыныс алу біржола тоқтауы мумкін. Тері жамылғылары көгсріп, дәрет алу жиілейді.
лық дружиналар, санитарлар және санитарлық нұсқаушылар көмегімен көрсетіледі.
ФОЗ-бен зақымданудың тез өтуіне байланысты зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті жедел көрсету қажет. УЗ зақымдану аймағындағы зақымданушыға газқағарды тез кигізіп, алдын ала беттің үстін химиядан қорғайтын жеке пакеттегі (ИПП — 8) сұйықпен сүрткен жөн. Зақымданудың алғашқы белгілері байқалысымен (қаршықтардың тарылуы, тыныс алудың қиындауы, тұншығу, құры) зақымданушыға шприц-түтіктің көмегімен антидот егеді 0<зақымданудың ауыр дәрежесінде — 2 доза, орташа дәрежесінде — 1 доза), ал жеңіл зақымданғандарға АИ— 2 қобдишасындағы 2 таблетканы береді, ал улану белгісі ершіген кезде тағы бір таблетка береді. Бұдан кейін ИПП — 8 құралдарымен терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізіледі.
Тыныс алу тоқтаған кезде жасанды демалдырады (хими-лық зақымдану аймагында жасанды демалдыруга болмайды!).
ФОЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде шприц-түтікпен бүлшық етке антидот енгізеді, ал зақымданған аймақтан тыс жерде зақымданушыңПЬІ қүстырады. Бұдан кейін барлық зақымданушыларды химиялық зақымдану ошағынан емдеу мекемесіне алып барады.
Жалпы улагыш әсердегі УЗ — көгілдір қышқылы, хлорциан.
Көгілдір қышқыл организмге тыныс алу органдары кілегейлі қабықтардың жарасы, тері ұлпалары, асқазан-ішек жолы арқылы өтеді. Көгілдір қышқылым зақымданған кезде ащы бадамның иісі келіп, ауызда ащы металдың дәмі пайда болады, ауыз қуысындағы кілегейлі қабықта қанның азаюы, таңдайдың құрғауы байқалады, жүрек айниды, бас ауырады, әлсіздік пен мазасыздық сезімі билейді - кілегейлі қабықтар мен тері ашық түске енеді. Қарашықтар кеңейеді, көздің алмалары жыпылықтап, демікпе пайда болады. Зақымданушы мазасыз күйге түседі, жүріс-тұрысы оғаштық байқа-ып, қорқыныш сезімі билейді, есінен танады.
Жалпы улагыш әсердегі УЗ –мен зақымданган кездегі алгашкы медициналык, көмек:
зақымданушыға газқағарды тез кигізу;
шлем масканың астынан амилнитриті бар жаншылған ампуланы енгізу (көгілдір қышқыл антитоды)
ауыр зақымданған кезде 2—3 минуттық үзіліспен амилнитриттің 2—3 ампуласын еңгізу;
тыныс алу күрт бұзылған немесе тоқтаған кезде жасанды демалдыру;
зақымданушының тыныс алуы орнына түскен соң оны тез арада емдеу мекемесіне алып бару.
Теріні қурыстыратын УЗ. Осы топтың өкілдері иприт пен люизит болып табылады, олардың зақымдағыш әсері тамшы-сұйық түрінде, және бу тәріздес күйде болады. Олардың организмге өту жолдары ФОЗ-бен бірдей. Ипритпен зақымдану жасырын мерзімнің болуымен сипатталады. УЗ әсер еткен сәтте, әдеттегідей, ауру немесе өзгеде жағымсыз күй байқалмайды.
Ипритті әсіресе көз тезірек сезеді. Көз зақымдалғаннан кейін 2 — 5 сағаттан соң көз топырақ түскен сияқты әсерде болады, жарықтан тайсақтайды, жас ағады, қызарады, кілегейлі қабықтар жасаурайды.
Тамшы-сұйық ипритпен тері зақымданған кезде 3 — 7 минуттан кейін-ақ оның оны тереңірек енгендігі, ал 30 — 60 минуттан соң оның толық сіңірілуі байқалады. 18 — 24 са-ғаттан соң бүршіктер пайда болып, артынша үлкен бүршіктерге құйылады. Иприт буымен демалған кезде тыныс алу органдары зақымданады. 2 — 6 сағатган кейін таң-дай қүрғайды, жөтел жиілеп, дауыс қырылдайды, біраздан соң жоғалады. Кейінен өкпе қабынады.
Иприт асқазанға тамақпен немесе сумен өткен кезде 20— 40 минуттан кейін асқазанның маңайы сырқырап, жүрек айниды, құстырады, еріннің, қызыл еттің және ауыздың
қуысы қанталайды.
Люизит — герань жапырағының иісі бар ауыр қара-қоңырқай сұйық. Оның зақымдағыш өсері көп жағдайда иприттікіне ұқсас. Тек, айырмашылығы әсер ете басағаннан-ақ венені сырқыратады.
Теріні құрастыратын УЗ – мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:
Зақымданушыға газқағаз кигізу;
ИПП – 8 көмегімен ішінара санитарлық тазалау жүргізу;
Егер улы заттың көзге түскендігі туралы күдік болса көзді сумен жақсылап шаю:
- УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде (тек зақымданған аймақтан тыс жерде) асқазанды түтіксіз шаю;
- егер дене қышып, қанталаса, онда ішінара санитарлық тазалаудан кейін зақымданған жерге асептикалық таңғыш қою;
- зақымданушыны емдеу мекемесіне алып бару.
Туншықтыргыш УЗ (фосген, дифосген) қоқыс шөп пен шіріген алманікі сияқты жағымсыз иісімен ерекшеленеді. Организмге тек тыныс алу органдары арқылы ғана өтеді. Түншықтырғыш УЗ-ның алғашқы зақымдау белгілері: ауызға тәтті дәмінің келуі, таңдайдың құрғауы, жетел, бастың ай-налуы, кеуденің қысылуы, жалпы әлсіздік.
Газқағарды шешкен соң (зақымдалған аймақтан шық-қаннан кейін) бүл құбылыстар біртіндеп бәсендейді немесе мүлдем жоғалады. 4 — 6 сағатқа созылатын жасырын мерзім дейтіннің әсері басталады. Одан кейін зақымданушының көңіл-күйі нашарлай бастайды: демігу, сілекейді қатты ша-шырататын жөтел пайда болады, бас ауырады, әлсіздік билейді. Тері ұлпалары көгереді, өкпе домбығады.
Туншықтыргыш УЗ-мен зақымданган кездегі алгашқы медициналык, көмек:
зақымданушыға газқағар кигізу;
зақымданушыны субъективтік жағдайға қарамастан зақымданған аймақтан шығыру (әкету), ешкім шагымданбаса да жаяу көшіруге рұқсат етіледі. Газқағарды ұзақ кию көңіл-күйде нашарлатады және өкпенің домбығуына ықпал етеді.
жылдың суық уақытында зақымданушыны жылыту (көрпеге, пальтоға, плащқа орау, жылытқышты пайдалану).
Туншықтыргыш УЗ-мен зақымданган кезде жасанды тыпыс алдыруга болмайды!
Көздің жасын агызатын және тітіркендіретін — хлор-пикрин, хлорацетофенон, адамсит, СS заттары.
Көздің жасын ағызатын улы заттарға хлорпикрин мен хлорацетофенон жатады. Олардьщ әсері кезінде кезде шымшу сезіледі, жас қатты ағады, жарықтан таясақтайды, қабақ домбығады. Қатты уланған кезде көздің тітіркенуі күшейеді және жоғары тыныс алу жолдарын зақымдану белгілері пайда болады: тандай мен кеуденің қыжылы, жөтел, тұмау.
Тітіргендіргіш УЗ-мен уланған кезде (адамсит, СS заттары) түщкіртеді, мұрың қуысында қыжыл пайда болады, мұрыңбоқ ағады, көздің жасы ағады, жөтел пайда болып, сілекей ағады.
СS заттары тез әсер ететін УЗ болып табылады адам организімін 20 - 60 секундтан кейін зақымдайды.
Алгашқы медициналық көмек:
зақымданушыға газқағар кипзш, зақымданған аймақтан әкету;
көз бен аңқаны сумен мүқият жаю, көзді сүртуге болмайды, өйткені бұл жағдайда тітіркену күшейеді;
• 2-3 минуттың бойында түтіннен қорғатқыш қоспамен (ампуладан) демалдыру, егер тітіркену тоқтамаса тыныс алуды 5-10 минуттан соң қайталау.
Медициналық тірекке көздің, тыныш жолдары мен терінің қатгы тітіркену құбылыстарымен зақымданғандар ғана жіберіледі.
Психологиялық, әсер ететін УЗ-га В2 және лизергин кышқьшы диэтиламиді (ДЛК) түріндеп адамдарды уақытша қатарынан шығаратын химиялық қосылыстар жатады.
ВZ заттармен уланған кезде зақымданушыға құштарлық көніл күйі пайда болады (масгануды сезіну), бұдан кейін жүріс-тұрыс бұзыла бастайды, бұлшық еттің әлсіреуі байқалады. Бұдан әрі орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері анық біліне бастайды. Зақымданушы уақыт пен тұрған жерін зорға болжайды. Көздің қарашығы кеңейеді, кілегейлі қабықтар мен тері ұлпаяары кұрғайды, жүрек соғысы күрт жиілейді. Псикиқалық және жүріс-тұрыс қозуы, ретсіз сөйлеушілік байқалып, ара тұра тежеледі. Зақымданудың ауыр дәрежесінде сана көмескіленеді, уақыт пен тұрған жерда ажырата алмайды, тіл күрмеледі, мазасыздық, кауіп, қорқыныш билейді, кезге баска заттар елестейді және құлақ шала естиді. Мұңдай сезімдер зат өсер еткеннен кейін 2-3 сағаттан кейін пайда болады. В2 улгісіндегі УЗзаттарымен зақымдаган кездегі алгашқы медициналык, көмек:
зақымданушыға газқағар кигізу;
терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізу;
УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен өтсе асқазанды түтіксіз шаю;
Зақымданушыны емдеу нүктесіне алып бару;
Қоршағандар немесе зардап шегушінің өзі үшін қауіп төндіретін қатерлі іс - әрекет жасалған жағдайда шектеу шараларын жүргізу қажет (зақымданушы зембілге салып байлап тастайды)