Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-синтаксис.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» РМҚК

ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ

Оқу-әдістемелік кешен

Ақтау - 2013 жыл.

2.Пәннің жұмыс бағдарламасы -силлабус

2.1.Жалпы мәлімет

  • Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

  • Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі пәнінің жұмыс бағдарламасы

  • Өтетін орны –32ш/а

Пән коды

Пән аты

Курс

Дәріс

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

KKTSIN3207

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

3

30

15

20

70

135

  • Оқытушы туралы мәлімет

Дәріскер

ф.ғ.к., кафедра доценті Жылқыбаева Маржан Сәрсекешқызы

Білімі

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ

Кеңсе

206

Телефоны

  • Курстың саясаты мен жүргізілуі: Курсты оқу барысында студентке

қойылатын негізгі талаптар оқылатын курстың мақсаттары мен тапсырмаларынан келіп шығады.

Оқытушының бақылауымен студенттің жеке жұмыстарын жүргізу, сабақтарына қатысу студент дайындығының деңгейімен, оның сабақ үлгерімімен анықталады және міндетті немесе ерікті болуы мүмкін. Студенттің міндетті сабақтарға қатысу жағдайы оның ағымдық рейтингісіне әсерін тигізеді.

Студенттің міндеттері:

  • сабақтан кешікпеу;

  • сабақ үстінде артық сөйлемеу, газет оқымау, ұялы телефонын өшіріп қою, сағыз шайнамау;

  • сабақтан себепсіз қалмау, ауырғанына байланысты сабақ жіберсе, денсаулығы туралы анықтамасын көрсету;

  • оқу үрдісіне белсенділікпен қатысу;

  • үй тапсырмасын толық орындау.

  • оқытушымен бірлесіп жұмыс жасағанда, белсенділік таныту үшін пәнді оқуға мүдделі болу және топтың оқуына себебін тигізу, белсенділік пен жауапкершілік таныту.

  • барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау.

  • сабаққа жоғары дайындықпен, оқытушы қоятын мәселелерді түсінетіндей болып және олардың шешілуіне шығармашылық тұрғыдан келетіндей болу.

  • себепсіз сабақ жібермеу, емтиханға мезгілінде келу.

2.2.Бағдарлама:

  • Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Қазақ тілінің өзінің грамматикалық-синтаксистік жүйесі бар. Тіліміздің сөйлем жүйесін қарастыратын синтаксис саласы сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисінде зерделенеді. Бұл екеуінің арасында табиғи байланыс сақталған. Сатылы құрылым –әуелі сөздер байланысынан тұратын тіркес, одан әрі сырттан болған әсерді тұтас ойға әкелетін құрылымға түсіреді. Яғни бұл курста зерттеу обьектісінің сипатына қарай синтаксис ілімі төрт салаға ( сөз және оның формасының синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем және мәтін синтаксисі) бөлініп қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, сөздердің тіркесімдік қасиеттерін, сөз тіркесінің құрамын, сөйлемнің құрылу принциптерін, олардың түрлері мен жасалу жолдарын, мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтарын түсіндіріп береді.

Курс135 сағат көлеміндегі жарты жылдық академиялық мерзімге аптасына 3 несиелік сағат бойынша есептелген. Яғни, дәріс -30 сағат, тәжірибелік сабақ -15 сағат, СОӨЖ -20 сағат және СӨЖ -70 сағат. Қорытынды бақылау емтиханы тест түрінде алынады.

  • Пәннің оқытылу мақсаты: «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінің басты

мақсаты – студенттерге қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік конструкциялардың түрлері мен жасалу жолдары, оның құрамы мен басты қағидалары туралы жүйелі білім беру. Қазақ тілі синтаксисі ғылымының туу, даму, зерттелу тарихынан хабардар қылу.

  • Пәнді оқыту міндеттері:

-Студенттерге қазақ тілінің синтаксисі ғылымының пайда болу, даму, зерттелу тарихынан мәлімет беру;

- Қазақ тіліндегі сөз тіркестері мен сөйлем, олардың жасалу жолдары мен мағыналық және құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелері мен олардың түрлері туралы білім меңгерту;

Сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрамына және мағыналық түрлеріне қарай талдауға машықтандыру;

- Әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктері мен олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары туралы білім меңгерту.

  • Пререквизиттері: ТBK 1208 –Тіл біліміне кіріспе, NKT 1301 –Нормативті қазақ тілі, ККТFON 1203 –Фонетика, ККТL 2204 –Лексикология, ККТSO -2205 –Сөзжасам, MOR 3206 –Морфология.

  • Постреквизиттері: ZһTB 4210 –Жалпы тіл білімі, KL 3304 –Когнитивті лингвистика, TKN 2302 –Тілдік қатынас негіздері.

  • Курстың рөлі мен маңызы. Жоғарғы оқу орындарының қазақ тілі мен

әдебиеті мамандықтарында оқытылатын қазіргі қазақ тілінің синтаксисі– морфология тәрізді грамматиканың өзекті салаларының бірі. Тілдің грамматикасын жетік меңгермейінше, сауатты жазу, сауатты сөйлеу мүмкін емес.

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, оны жете білуге көіл аударған шақта студенттердің тілдік мәдениетін, тілдің ғылыми негіздерін жақсы игеру талаптары күшейіп отыр. Сол үшін тілдің синтаксистік құрылысын, оның түр-тұрпатын қалай жұмсауға болады деген өмір талаптарына ден қоятын жастар оның ғылыми негіздерін білуді өздерінің тіл байлықтарын молайтумен, тіл мәдениетін арттырумен ұштастыруы керек.

  • Әдіснамасы: Пән мазмұнын меңгерту негізінен дәрістік сипатта болады.

Дәрісте талдау, қорытындылау, салыстыру, мәтінмен жұмыс жасау, синатксистік талдау әдістері қолданылады. Оқытушының студенттермен жұмысына баса мән беріледі. Студенттердің жеке ой қорытындылары, пікірлері тыңдалып, талқыланады. Практикалық сабақтар негізінен көркем мәтіннен алынған сөйлемдерді сөз тіркесіне, сөйлем мүшелеріне, сөйлем түрлеріне талдау түрінде өткізіледі. Сабақ материалдарын меңгерту мақсатында интерактивті тақтаның мүмкіншілігі кеңінен қолданылады. Аудиториялық сабақтар қысқаша баяндама, пікірсайыс, логикалық тапсырмалар түрінде өтеді.

  • Күтілетін нәтижелер:

- студент синтаксистің нені зерттейтінін, оның салаларын білуі керек;

-синтаксис саласы терминдерімен жете таныс болулары қажет;

-қазіргі қазақ тілі синтаксисінің зерттелуімен, ғалымдардың еңбектерімен, ондағы синтаксис мәселелері туралы пікірлермен таныс болулары керек;

- синтаксистік талдаудың түр-түрін жетік меңгерулері керек.

  • Студент білімін бағалау бойынша ақпарат

Пәннен қорытынды баға ағымдағы бақылаудан 60%, аралық бақылаудан 40% - барлығы 100 % ең жоғары ұпайлар жиынтығы бойынша үлгерім көрсеткіші ретінде анықталады. Демек, қорытынды бағаны мына формуламен анықтауға болады:

Қ% = * 0,4 + Е * 0,6;

мұнда: Р1 - 1 рейтингілік бағалаудың пайыздық қатынасы,

Р2 - 1 рейтингілік бағалаудың пайыздық қатынасы,

Е - емтихан бағасының пайыздық қатынасы

Қорытынды бағадағы санақтың дәлдігі үшін студенттің білімін аралық бақылауда (рейтинг) және қорытынды емтиханда 0-ден 100%-ке дейін бағалау керек.

Студенттің білімі, білігі мен дағдысы төмендегі жүйе бойынша бағаланады:

Студенттің білімі, білігі мен дағдысы төмендегі жүйе бойынша бағаланады:

Ұпайдың пайыздық қатынасы

Әріптік жүйе бойынша баға

Ұпайдың сандық баламасы

Дәстүрлі жүйедегі баға

95-100

А

4

Өте жақсы

90-94

А-

3,67

85-89

В+

3,33

Жақсы

80-84

В

3

75-79

В-

2,67

70-74

С+

2,33

Қанағаттанарлық

65-69

С

2

60-64

С-

1,67

55-59

D+

1,33

50-54

D-

1

0-49

F

0

Қанағаттанғысыз

2.3. Пәннің тақырыптық жоспары.

Тақырып

Сағаттар

Дәріс

Тәжірибе

СӨЖ

СОӨЖ

1

«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» курсының мақсаты, зерттеу обьектісі, салалары. Синтаксис мәселелерінің зерттелуі

2

1

5

1

2

Сөз тіркесінің синтаксисі. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары

2

1

5

1

3

Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері

2

1

5

1

4

Жай сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

2

1

5

1

5

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

2

1

5

1

6

Жай сөйлемнің күрделену жолдары

2

1

5

1

7

Сөйлемнің түрлері. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері

2

1

5

1

8

Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемдер: өзіндік белгілер, жасалу жолдары

2

1

5

1

9

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

2

1

5

1

10

Сабақтас құрмалас сөйлемдер: құрылымдық бөлшектері, жасалу жолдары

2

1

5

11

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

2

1

4

2

12

Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.Құрмалас сөйлемнің зерттелуі.

2

1

4

2

13

Бөгде сөз, оның түрлері

2

1

4

2

14

Мәтін. Күрделі синтаксистік тұтастық

2

1

4

2

15

Тыныс белгілері

2

1

4

2

Барлығы

30

15

70

20