Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел әд. силлабус 98-2013 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.38 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығы

«Шетел әдебиетінің тарихы»

Пәнінің бағдарламасы (syllabus)

АҚТАУ 2014

1. Оқитын пәннің сипаттамасы

Курсты оқыту бір семестрге арналған. Барлық жүктеме мөлшері 90 сағат, оның ішінде аудиториялық жүктеме көлемі 45 сағатқа, оның 30 сағаты дәріске, 15 сағаты тәжірибе сабаққа, 9 сағаты СОӨЖ-на және 81 сағаты СӨЖ-на арналған. Студенттердің білімін бағалау қорытындысы аралық, семестрлік бақылау, сондай-ақ, қорытынды бағалау 5 семестр аяғында емтихан түрінде жүргізіледі.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

«Шетел әдебиетінің тарихы» пәні әдебиеттанымдық пәндерде берілген білім мазмұнын тереңдетеді, студенттердің ғылыми-теориялық көзқарасын жетілдіреді. Бұл сала қоғамдық-әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп, болашақ маманның дүниетанымын жетілдіріп, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді.

«Шетел әдебиетінің тарихы» пәнін оқу нәтижесінде студент келесі іскерлік, білім, дағды минимумдарын білуі тиіс:

- грек-римдік құлиеленушілік әдебиеттердің дамуы мен эволюциясының негізгі кезеңдеріне тарихи-нақты талдау;

грек-рим әдебиеттерінің жеке-дара өзгешеліктерін айқындау;

- тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуына, дамуына, кейінгі дәстүрлі даму жолына талдау;

- негізгі жанрлар мен олардың көрнекті авторларының шығармашылығының аясында ең маңызды көркемдік шеберлік үлгілерін ашу;

- шетел әдебиетінің әр түрлі дәуірлердегі мазмұндық-формалық, көркемдік жағынан даму тарихын танып, зерделеу.

3. Пәннің қысқаша мазмұны

«Шетел әдебиетінің тарихы» пәнінің дүниежүзілік, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерудегі маңызы зор. Әсіресе, ежелгі дәуір әдебиеті – ең көне және тұңғыш еуропалық әдебиет. Антикалық әдебиеттің көркемдік шеберлігі және бейнелілік мазмұндылығы өте терең. Ең көне дәуірдегі поэзия мен прозадан бастап, бүгінгі кезеңге дейінгі әдеби жанрлардың қалыптасу тарихы бұл курста түгел қамтылған.

Антикалық өлең өрімінің метрикалық жүйесі туралы негізгі мәліметтер, мәтіндер: қолжазба мұралардың сақталу мәселесі, жазу материалдары, папирус пен пергамент, свитка мен кодекстер көлемді орын алады. «Антикалық әдебиет» термині және оның мәні, тарихы, хронологиялық сипаттары, шетел әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі, антикалық шығармалар, ортағасырлық қолжазбалар, дәйексөздер, фрагменттер, сонымен бірге авторлық мәтінге қарым-қатынас сол дәуірлердегі қоғамдық-тарихи, мәдени-әлеуметтік кезеңдерді бейнелейді.

4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы

4.1. Дәрістік сабақтар

Рет.

№№

Cабақтың тақырыптары

Көлемі,

сағаты

1

Кіріспе. Антикалық дәуірдегі әдебиет. Ежелгі грек әдебиеті. Гомер дастандары

3

2

Алғашқы таптық мемлекеттің пайда болуы дәуіріндегі әдебиет (б.з.б. VІІ-VІ ғ.ғ.)

3

3

Грек әдебиетінің аттикалық дәуірі

2

4

Рим әдебиеті. Республика дәуіріндегі рим әдебиеті.

2

5

Ішкі ұрыстар дәуіріндегі рим әдебиеті. Август дәуірі.

2

6

Ерте орта ғасырлар әдебиеті

3

7

Феодалдық дәуірдегі батырлық эпос

3

8

ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы серілік әдебиет

3

9

Орта ғасырлардағы қалалық әдебиет

2

10

Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет

3

11

ХVІІ ғасырдағы ағылшын әдебиет

2

12

ХҮІІ ғасырдағы испан, француз әдебиеті

2

БАРЛЫҒЫ:

30