
- •Жіктелісі
- •Әйел бедеулігінің этиологиялық факторы мен патогенетикалық механиздері
- •Бедеулік диагностикасы
- •VI түтікті-перитонеалды факторы -косервативті ем -хирургилық ем -реабилитация
- •Әйел бедеулігін емдеу принциптері Бедеуліктің түтікті-перитонеалды түрі-
- •Бедеуліктің эндокринді түрінің емі
- •Иммунологиялық бедеулікті емдеу
Гинекология және репродуктологиядағы маңызды мәселелердің бірі бедеулі неке. Қазіргі кезде бұл тақырып өте маңызды және өте қиын медико-әлеуметтік мәселелердің бірі болып есептеледі, себебі бедеуліктің кездесу жиілігі 18-20% және жылдан жылға өсіп жатыр. Оның 50% әйкл бедеулігі, 40% ерекек бедеулігі, ал 10% аралас түрі болып табылады. Босанбаған әйелдердің арасындарепродуктивті денсаулықтың төмендеуі, психосексуалды бұзылыстарға, гинекологиялық патологияның үдемелі салмағының жоғарылауына, репродуктивті жүйенің ісіктеріне әкеледі. 35 жастан асқан әйелдердің ұрықтануға қабілеті 3-4 есе төмендейді, бедеулік 3 жылға созылған кезде 25-35 жас арасындағы әйелдерде репродуктивті жүйенің қайта қалпына келуі 50-20% кездедеседі.
Жанұяны жоспарлау- дені сау балалардың туылуына, аборт жасау профилактикасына, репродуктивті денсаулықты сақтауға, некеде гармонияға жетуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, медициналық шаралардың жиынтығы.
Бедеулі неке дегеніміз- репродуктивті жастағы ерлі- зайыптылар бір жыл ішінде ретті түрде жыныстық қатынасқа түсіп, ешқандай жүктілікке қарсы заттарды (контрацептивтерді) қолданбаған кезде жүктіліктің болмауын айтамыз.
Жіктелісі
Еркек және әйел ағзасының репродуктивті жүйесінің әр учаскесінде күрделі биологиялық мезаханизмнің жұмысын бұзушы және бедеулікке әкелетін патологиялық процесстер пайда болуы мүмкін.
Біріншілік және екіншілік бедеулікті ажыратады.
Біріншілік бедеулік- әйелде (еркекте) ретті түрде жыныстық қатынаста бар, ешқандай контрацептивтерді қолданбағанда жүктіліктің болмауы (еркектерде – фертильді емес сперма).
Екінішілік бедеулік- егер жүктілік бұрын болып, ретті жыныстық қатынас кезінде бір жылдың ішінде жүктілік болмаса (еркектерде ұрықтануға мүмкіншілігі бар).
Абсолютті бедеулік- жыныс мүшелерінің даму аномалиясы немесе жоқ болуына байланысты бедеулік түрі.
Әйел бедеулігінің этиологиялық факторы мен патогенетикалық механиздері
Әйел бедеулігі көптеген аурулардың және жағдайлардың асқынуы болып табылады.
Әйел бедеулігінің этиологиялық факторы
біріншілік |
екіншілік |
-генитальді инфантилизм, әйел жыныс мүшелерінің дамуының ақауы |
-әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары, аборттан кейінгі асқынулар |
-аналық бездің гормоналды функциясы регуляциясының бұзылысы |
- эндокрин жүйесінің аурулары |
-жатырдың және оның қосалқыларының аурулары |
-жыныс мүшелерінің ісіктері |
-жатырдан тыс жүктілік |
|
-соматикалық аурулар (туберкулез, коллагеноз, қан аурулары) |
|
-жатыр мойнының, қынаптың және аралықтың жарақаттануы |
|
-созылмалы интоксикация (алкоголь, никотин, ауыр металл тұздары) |
|
-дұрыс тамақтанбау |
Әйел бедеулігінің негізгі себебі жыныс мүшелерінің қабыну аурулары және оның асқынулары болып табылады(60-70%). Оның ішінде ең жиі жатыр қосалқыларының қабыну аурулары бедеулікпен асқынады, бұл кезде жатыр түтігінің өткізгіштігі бұзылып, аналық бездің әр түрлі функционалдық өзегрістерге ұшырауы байқалады.
Жатыр түтігінің өткізгіштігінің бұзылысы әдетте гонореялық сальпингитте пайда болады. Бедеулік көбіне аборттан кейін немесе патологиялық босанудан кейін басталады. Аборт асқынуы сальпингитпен, ал ол жатыр түтігінің өткізгіштігін бұзып, жатырдың шырышты қабатын зақымдайды.
Сальпингит тек қана жатыр түтігінің өткізгішітігінің бұзылысына әкеліп қоймайды, сонымен қатар оның қозғалғыштығының бұзылысына, жатыр түтігінің шырышты қабатының дистрофиялық өзгерістеріне әкеледі.
Аналық без қабынуы кезінде овуляция бұзылуы мүмкін, аналық клетка іш қуысына түспейді, ал аналық без айналасында жабыспалар болғанда аналық клетка жатыр түтігіне түсе алмайды. Оофорит аналық бездің эндокринді функциясын бұзады.
Бедеулікте Эндоцервициттердің ролі жатыр мойныны өзегінің эпителий қызметін өзгертеді. Бедеуліктің тағы бір себебі ретінде кольпит орын алуы мүмкін.
Бедеулік этиологиясында эндокринді бұзылыстар 40-60% жағдайда кездеседі. Бұл кезде аналық бездің қызметінің бұзылысы біріншілік болып табылады, яғни ол жыныс мүшелерінің дамуының бұзылысы мен аналық бездің фолликулярлы аппаратының зақымдалуында анықталады.
Инфантилизм мен жыныс мүшелерінің гипоплазиясы да бедеулік себебінің бірі. Бұл жағдайда бедеулікке анатомиялық, жыныс жүйесінің функционалдық ерекшеліктері әсер етеді(ұзын жіңішке тайыз емес күмбезді қынап, жіңішке жатыр мойны, аналық без гормоналды функциясының төмендеуі, жатыр түтігінің қызметінің төмендеуі).
Аналық бездің қызметі екіншілік өзгеруі мүмкін, оған себеп гипофиз, қалқанша без, бүйрек үсті безінің аурулары. Сонымен қатар бедеулік себебі бұл микседема, гипотиреоз, қант диабетінің ауыр түрі, Иценко-Кушинг ауруы, семіздік т.б.
Себебіне байланысты әйел бедеулігінің негізгі түрлері:
Эндокринді түрі- басқа түрлердің ішінде 35-45% құрайды, бұл кезде овуляция процесі бұзылады. Бұл бедеуліктің түріне гиперандрогения, гиперпролактинемия, гипоталамо-гипофизарлы жүйенің дисфункциясы жатады.
Түтікті-перитонеальді түрі- басқа түрлерінің ішінде 20-30% құрайды. Бұл бедеуліктің түріне жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары, операция жасалған, жабысқақатары бар науқастар жатады.
Әр түрлі гинекологиялық аурулар- басқа бедеуліктің түрлерінің ішінде 15-25% құрайды (қынап және жатыр мойнының аплазиясы, эндометриоз, жатыр лейомиомасы, синехиялар жатады).
Иммунологиялық-2-5% орын алады, шәуетке антиденелер түзіледі.
Ерлердің бедеулігінің келесі түрлері бар:
Варикоцелле (шәует канатигінің қан тамырларының кеңейіп кетуі)
Жыныс мүшелерінің індетті қабыну аурулары (уретрит, везикулит, эпидедимит)
Эндокринді бұзылыстар
Хромосомды аномалиялар (Клайнфельтер синдромы)
Крипторхизм
Жүйелік аурулар,ятрогенді себептер, шәует шығаратын жолдарының бітелуі