- •Гомер поэмаларының тарихилығы
- •2. Гомер поэмаларындағы құдайлар.
- •4. «Сен құдайға сенесің бе?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.
- •Гомер шығармашылығы бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ежелгі грек театры бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
- •1. Міндеті: Драма жанрының өзіндік ерекшеліктерін саралап көрсету
- •2. Келтірілген суреттер бойынша театрлардың құрылысына сипаттама беру
- •3. Шығармашылық тапсырма
- •Геродот шығармашылығы бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
- •Аристофан шығармашылығы бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
- •Пайдаланған әдебиеттер:
Ежелгі грек театры бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
Лосев А.Т. Античная драма. –М., 1970.
Чистякова Н.А., Вулих Н.В. История античной литературы. –М., 1968.
Ярхо В.Н., Полонская К.П. Античная комедия. –М., 1979.
Головня В.В. История античного театра. –М., 1972.
Федоров Н.А. Греческая трагедия. -М., 1960.
Ярхо В.Н. Вина и ответственность в древнегреческой трагедии. –В сб.: Проблемы античной культуры. Тбилиси, 1975.
Античная культура. Литература. Театр. Искусство. Философия. Наука. Словарь-справочник / Под ред. В.Н.Ярхо. М., 2002.
Людинина О.Е. Античная литература. Пропедевтика. Пособие для студентов. Алматы, 2007.
Дәріс бойынша берілетін сұрақтар:
Театрдың грек полистері өміріндегі маңызы қандай?
Амфитеатр деген не?
Ежелгі грек театры мен алғашқы қазақ театрының (Қорқыт заманындағы) арасында қандай ұқсастық, қандай айырмашылық бар?
Тілдік өрнектерді қолдануда драмалық шығарма қай жанрмен таласа, иық теңестіре алады?
Драма жанрының табиғаты жөнінде зерттеу жүргізіп, пікір айтқан қазақ ғалымдарынан кімдерді білесің?
Шарап құдайы Дионис культінің театр өнеріне қаншалықты қатысы бар?
Тапсырмалар:
1. Міндеті: Драма жанрының өзіндік ерекшеліктерін саралап көрсету
а) Драма жанрындағы төрт түрлі қиындықтың болу себебін түсіндіріңіз (З.Қабдоловтың «Сөз өнері» оқулығын пайдалана отырып).
ә) Ежелгі грек әдебиеті даму сипатын, драмалық жанрлар эволюциясын, драматургтар шығармашылығының эволюциясын бақылаңыз.
б) Антикалық әдебиеттегі комедия мен трагедияны осы күнгі әдеби жанрлармен салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын кестеге түсіріңіз.
в) Ежелгігрек театрының орналасу, жабдықталу, драмалардың театр сахналарында қойылу ерекшеліктеріне талдау жазу.
г) Драма мен театр өнері арасындағы сабақтастық мәселесін сөз ету.
2. Келтірілген суреттер бойынша театрлардың құрылысына сипаттама беру
|
|
|
|
Бүгінгі күнге дейін жеткен Римдегі Колизей театрының ішкі көрінісі |
Ежелгі Рим театры
|
Ежелгі грек театры
|
Антикалық театр (Босра, Сирия ) |
3. Шығармашылық тапсырма
«Ежелгітеатр мен бүгінгі театрдың сабақтастығы» немесе «Театр – қоғам айнасы» деген тақырыпта эссе жазу.
№3 СӨЖ ТАПСЫРМАСЫ: АРИСТОФАН
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Комедиографтың жеке өміріне қатысты мәліметтерді оның қай туындысынан кездестіреміз?
2. Аристофан шығармашылығының екінші кезеңіне жататын туындылары?
3. Комедиографтың ғылыми және философиялық теорияларды әжуалап, мазаққа айналдырған туындысы қалай аталды?
4. Кейінгі аттика комедиясының негізгі элементтеріне айналған сюжет Аристофанның қай комедиясынан алынған?
5. Аристофанның комедия жанрында ұсынған жобасы бүгінде қолданыста бар ма?
6. Аристофан комедия жанрына қандай жаңалық енгізді? Комедияның қандай жанрлық белгілерін белгілеп берді?
7. Ежелгігрек комедиясы мен бүгінгі дамыған комедия жанрының арасында айырмашылық бар ма?
8. «Ежелгі комедия» өнерінің гимны болып саналатын Аристофан комедиясының «Бақалар» деп аталу себебі неде?
9. Аристофанға «ежелгі Грекияның соңғы ұлы ақыны» деп баға берген кім?
