
- •Гомер поэмаларының тарихилығы
- •2. Гомер поэмаларындағы құдайлар.
- •4. «Сен құдайға сенесің бе?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.
- •Гомер шығармашылығы бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ежелгі грек театры бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
- •1. Міндеті: Драма жанрының өзіндік ерекшеліктерін саралап көрсету
- •2. Келтірілген суреттер бойынша театрлардың құрылысына сипаттама беру
- •3. Шығармашылық тапсырма
- •Аристофан шығармашылығы бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
- •Геродот шығармашылығы бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
- •Пайдаланған әдебиеттер:
№1 СӨЖ ТАПСЫРМАСЫ: Эпос атасы Гомердің әдеби шығармашылығы бойынша
Дәріс бойынша берілетін сұрақтар:
«Гомер мәселесі» дегенді қалай түсінесіз? Бұл мәселенің туындауына себеп болған не нәрсе?
Гомер поэмаларын қазақ тіліне аударған ақындар қатарында кімдерді атар едіңіз?
Гекзаметр үлгісінің ерекшелігі неде?
Көрнекті ақын Ғ.Қайырбеков пен жас ақын А.Ержанов жасаған «Одиссея» поэмасының аудармасын, яғни тура аударма мен нәзирагөйлік дәстүрдің арасындағы айырмашылықты жыр мазмұнының берілуінен, сюжет желісінің түзілуі тұрғысынан ажыратыңыз.
Тапсырмалар:
Гомер поэмаларының тарихилығы
Міндет:
Гомердің «Илиада», «Одиссей» поэмаларының тарихқа қатысы жөнінде материалдар жинау арқылы полиглот, археолог Шлиманның Гомер поэмаларының тарихилығын дәлелдеу үшін жүргізген еңбегінің хронологиясын жасаңыз. Ғалым С.И.Радциг «Введение в классическую филологию» атты еңбегін пайдалана отырып, Шлиман тапқан ескі Троя қаласы орнынан табылған археологиялық қазбалардың Гомердің поэмаларында суреттелген деректермен ұқсастығы қандай деңгейде екендігін саралап көріңіз.
2. Гомер поэмаларындағы құдайлар.
Міндет: Гомер поэмаларын да кездесетін құдайларға төмендегі кесте бойынша сипаттама беріңіз.
Үлгі:
Құдай аттары |
Афина-Паллада |
Атқаратын қызметі |
Қалаларды қорғаушы, батыр-құдай |
Қандай образ түрінде бейнеленген |
Әділдікті сүйетін, қиындықтан қорықпайтын, алған бетінен қайтпайтын геройлық образ сипатында бейнеленген |
Адамдарға тигізетін пайдасы |
Троялықтармен соғыс барысында үнемі гректерге жақтасып отырады. Он жыл соғысып, әбден қалжыраған гректерге тигізген пайдасы – Одиссейге ағаш атты ойлап табуға көмек беруі |
Өзіндік ерекшелігі |
Кекшілдігі. Өштескен адамының түбіне жетпесе тынбайтындығы. |
Поэма сюжетінде өзіңе ерекше әсер еткен әрекеті |
Қанша қаһарман, ержүрек, әділ құдай десек те, «бүлік алмасын» алу жолында әлсіздік танытып, әйелдік құмарлыққа салынуы |
Берілетін құдайлар:
ЗЕВС |
ГЕРА |
АФРОДИТА |
АИД |
ГЕРАКЛ |
ПОСЕЙДОН |
3. «Эллада ерлері» (Т.Әбдіков) атты кітапты пайдалана отырып, онда суреттелген кескілескен шайқастағы Одиссей батырдың ерлігін «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыланды батырдың ерлігімен салыстырыңыз. Салыстыра отырып, батырларға тән, ортақ ұқсастықты табыңыз (мысалы мінезіндегі, әрекетіндегі, аңғалдығындағы т.б.).
4. «Сен құдайға сенесің бе?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.
Пікірталас барысында қойылатын сұрақтар:
Гректер мен біздің халқымыздың арасындағы құдайға деген сенім, құдайлар туралы таным-түсініктің арасында айырмашылық бар ма?
Не себепті гректер бір құдайға емес, көп құдайға табынады? Көп құдайға табынушылыққа деген көзқарасыңыз қандай?
Адам баласы не себепті құдайдан қорқады деп ойлайсыз? Әлде өз мүмкіндігіне сенбей ме?
Гомер шығармашылығы бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
Гомер. Илиада. Одиссея (избранные песни). –В кн.: Европейский эпос античности и средних веков. Сост., пред. и комм. И.Нахова. М., 1984.
Шталь И.В. Художественный мир гомеровского эпоса. М.: Наука, 1983. 296стр.
Гомеровские гимны/Пер. В.В.Вересаева // Эллинские поэты VIII-III века до н.э. –М., 1999.
Фрейденберг О.М. Миф и литература древности. М., 2000.
Егунов А.Н. Гомер в русских переводах ХҮІІІ-ХІХ веков. –М., 2001.
Әбдіков Т. Эллада ерлері. Алматы: Жалын, 1977, 169-бет.
Гомер. Илиада. Аударған Қ.Жұмағалиев. Жалын,1992, №2
Гомер. Одиссея. Аударған Ғ.Қайырбеков. Әлем әдебиеті. 2008, №2-3.
Гомер. Одиссея. Аударған А.Ержанов. Әлем әдебиеті, 2009, №3
Троя сұрапылы және оның батырлары. Одиссейдің басынан кешкендері. Қара сөзбен әңгімелеген Е.Тудоровская. Орыс тілінен қазақ тіліне аударған Ақселеу Сейдімбеков. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1974, 246-бет.
О.Жанайдаров. Гомердің ежелгі түріктер жөнінде айтқандары. Жұлдыз, 2002, №2.
Ә.Балқыбек. Гомер «Илиадасы», түркілер және мәңгілік қала. Жас Алаш, 1999, 16 ақпан.
Гомер ме, Ғұмар ма? («Илиада», «Одиссея» дастандары авторының тегі туралы). Егемен Қазақстан, 2009, 30 қыркүйек.
Ө.Нұрғалиев. Гомер мен Әбділда. Қазақ батырлары. 2002, №3(44), наурыз.
№1 СӨЖ ТАПСЫРМАСЫ: Антикалық грек театры
Грек театрының кезеңдері
Ежелгі грек театрының құрылысы
«Антикалық театр» ұғымына ежелгі грек театры, эллинизм дәуіріндегі театр мен ежелгі рим театры тарихы кіреді. Ежелгі грек театры – кейінгі барлық халыққа аңыз болып тараған мәдениет ошағы. Ежелгі грек театры генетикасы бойынша ежелгі дәуірдің культтық дәстүрлерінен бастау алады (аң аулау, жер өңдеу, қысты шығарып салу, жоқтау айту т.б.). Аталған дәcтүрлердің қарапайымдылығына қарамастан, бұлардан театрлық көріністердің алғашқы бастамаларын байқауға болады. Яғни, музыка, би, ән мен сөздің үйлесімділігі. Ежелгі грек театрының өзі бірнеше күнге созылып салтанатты түрде өткен Дионисқа арналған мерекелерді атаудан шыққан. Бұл мерекелерде драматургтер мен ақындардың шығармалары, хор сайыстары арнайы салынған сарайларда өткізілген. Театр ежелгі грек қаласының қоғамдық және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған. Бұл күндері халық жұмыстан босатылып, мереке тойлау шараларына қатысуға міндетті болған. Афиныда Перикл басқарған кезінде кедейлерге театрге келуге қажетті қаражат бөлініп те отырған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін грек театры жөнінде рим архитекторы Витрувийдің б.з.б. 25 жылдар шамасында жазылған «Архитектура туралы» трактатында жазылғаннан басқа мәліметтер болған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде әр дәуірдегі грек театрлары жөнінде толыққанды деректер жеткілікті.
Мың жылдан астам тарихы бар және географиялық аумағы бойынша Жерорта өзенінің бассейнін түгелдей дерлік қамтып жатқан антикалық театр құдіретті де біртұтас жүйе болып табылады. Зерттеушілер ежелгі грек театрын өмір сүру уақытына қарай:
1. Тәуелсіздік дәуіріндегі грек театры. Грек қала-мемлекеттерінің негізін салудан олардың өз-өздерін билеу қабілетінен арылуына дейін (б.з.б.VI-IV ғ. ортасы).
2. Эллиндік монархиялар театры. Александр жорықтарынан бастап римдіктер жаулап алуға дейін (б.з.б.IV ғ. ортасы – II ғ. аралығы).
3. Рим республикалық театры. Пуникалық соғыстардан бастап Ұлы төңкеріске дейін: (III–Iғ.ғ.).
4. Рим империясы кезіндегі театр (I–IVғ.ғ.) деп 4 кезеңге бөледі.
Дионис (Вакх құдайдың екінші аты) – грек мифологиясындағы жүзім мен шарап құдайы, Зевс пен фивы ханшайымы Симеланың ұлы, антикалық құдайлар пантеонындағы ең құдіретті құдайлардың бірі, солып бара жатып қайта жанданған табиғат белгісі. Диониспен мифологиялық мағынаға сәйкес келетін: мысырлық құдайлар Осирис, Серапис және Амон, ежелгі ирандық Митра, Адонис, римдік Либерді атауға болады. Дионис қайғылы құдайлар қатарына жатқан. Б.з.б. 534 жылы Афины билеушісі тиран Писистрат Дионис культін мемлекеттік мейрам қатарына енгізу туралы шешім қабылданғаннан бастап Дионис құдай құрметіне жасалған мерекелер жыл сайын өткізілетін болды. Аңыз бойынша Дионис Аттикаға бірінші рет келіп, жұртқа шарап таратқанда Афины халқы «бізді улағысы келіп тұр» деп түсініп, оны өлтіріп тастайды. Өз әрекеттерінің дұрыс еместігін кеш түсінген афиндықтар кешірім алу үшін көптеген құрбандықтар шалып, Дионис құдайдың құрметіне арнап мерекелер ұйымдастырып, сайыстар өткізеді. Соның бірі – сахналық қойылымдар болды. Алғашында драмалық қойылымдар б.з.б. ІV ғасырдың аяғында Афинының орталық алаңында, қасиетті қара еменнің жанында ағаштан жасалған сахнада қойылды. Б.з.б. ІҮ ғасырда Ликург дәуірінде көрермендерге арналған ағаш орындықтар тас орындықтарға ауыстырылды. Ежелгі грек сахналық өнерінің бір ерекшелігі – ондағы қойылымдардың ашық аспан астында өтуі болатын. Ашық аспан астында салынған театрлар амфитеатр деп аталды. Қойылымдар әуелгіде тек күндіз қойылды. Театр шатырының болмауы, табиғи жарықты пайдалану алғашқы грек театрларының өте үлкен болуымен байланысты еді. Археологтардың есептеуінше, ежелгі афиндық театрға 17000 көрермен, Эфес театрына 23000 адам, ал Аркадиядағы Мегалополь қаласының театрына 44000 адам сыйып кеткен. Театрлардың мұншалықты кең болуы қала халқын толық қамту мақсатынан туғаны түсінікті. Бұл әрине грек мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосатыны белгілі.
Ежелгі грек театры |
Афиныда алғашқы қойылымдар қала алаңдарының бірінде қойылып, көрермендерге арнап уақытша тақтайша үстелдер (оның биіктігі бар болғаны 38 см болды) орнатылған. Бірақ театрға халық көп жиналғандықтан, ол көпке шыдамай қирап қалады. Бұл оқиғадан кейін халық жиналысының шешімі бойынша Афины қамалының оңтүстігінде, дәлірек айтқанда Акропольде үлкен театр салынады. Театрдың негізі диаметрі 27 метрден |
тұратын тапталған дөңгелек жерді алды. Ортада Диониске құрбандық шалатын жер болды. Ежелгі грек театры қорған қызметін атқарған қаланың жоғарғы бөлігі Акрополь аумағында орналасқан.
Грек қоғамының гүлденген дәуірінде театр өнері дамып, ол тек Дионис құдайдың құрметіне арнап қойыла бастады. Дионис құдайға арналған мерекелер көп болғанымен, драмалар тек «Ұлы Дионис» мерекесінде, наурыз-сәуір айларында және Леней мерекесінде, қаңтар-ақпан айларында қойылды. Қыстың қаһарлы суығынан кейін көктем мезгілінің келіп, күннің жылуын халық қуана қабылдап, Дионис мерекесін үлкен дайындықпен өткізді. «Ұлы Дионисийде» табиғат қысқы ұйқысынан оянып, дүние жаңғырған кезеңде Шығыс еліне тәрбиеленуге жіберілген Дионистың отанына оралуы қойылым түрінде көрсетілді. Осыдан еуропалық «карнавал» сөзі бастау алды (латын тілінде carrus navalis – «кеме арбасы» деген мағынаны білдіреді). Бұл мереке 6 күн бойына тойланды. Бірінші күні Дионис статуясын бір храмнан екінші храмға апаратын салтанатты шеру өтеді. Ол қолдарына пүлішке оранған найза ұстаған вакх, сатира, менад, бассаридтердің салтанатты шеруінен басталған. Мерекелік шеруге қатысушылардың бәрі би билеп, дифирамбтар мен фалликалық әндерді орындаған. Ал қалған күндері поэтикалық сайыстар өткізілді; 2-3 күндер – лирикалық хор дифирамбыларына; соңғы 3 күн – драмалық ойындарға бөлінді. Трагедиялық ойындар шамамен алғанда б.з.б. 534 жылы қойылса, комедиялық ойындар б.з.б 488-486 жылдары қойылды.
«Ұлы Дионис» мерекесіне арналған тәртіп бойынша трагедиялық сайысқа үш драматург қана қатыса алды және ол тек үш трагедия немесе сатиралық драмасын ғана қоя алатын болды. Ал комедиялық сайыстарда ақын бір пьесасын ғана қойды. Ақын өз драмасында режиссер да, балетмейстер де, актер де болды. Ақындардың сайысқа қатысуын мерекені басқаратын архонт (үкімет мүшесі) белгілеп отырды. Осылайша, үкімет пьесаларға идеологиялық тұрғыда бақылау жасап отырды деп айтуға болады. Драманы қоюға қажетті шығынды бір дәулетті адам өз мойнына алып отырды және ол хорег (хор жетекшісі) болып тағайындалды. Хорег трагедия үшін 12 адамнан (кейін 15 адамнан) тұратын, ал комедия үшін 24 адамнан тұратын хор орындаушыларды таңдап алды. Хор орындаушылар репитиция өткізетін ғимараттың, сайысқа қажетті костюмдерінің ақшасын хорег төледі. Қойылымның ерекше сәнді, салтанатты өтуі хорегтің жомарттығына байланысты болды. Драмада үш актер ойнаса, негізгі рөлді ойнайтын актер – протагонист, екінші актер – девтерагонист, үшінші актер – тритагонист деп аталды. Ақынның хорегі кім болатындығы, негізгі актеры кім болатындығы архонт басқарған халық жиналысында жеребе тастау арқылы шешіліп отырды.
|
Драмалық сайыста әділқазылар алқасы 10 адамнан тұрды, яғни әрбір афиндық округтың бір өкілі қатысуға тиіс болды. Олар сайыстың басында алдын-ала жасалған тізім бойынша жеребе тастау арқылы анықталды. Әділқазылардың шешімі мемлекеттік архивте сақталды. ІV ғ. ортасында Аристотель бұл архив материалдарын жариялады. Аристотельдің еңбегі жарыққа шыққаннан кейін әрбір мерекеде жеңіске |
жеткендердің тізімі мрамор тақта – дидаскалийлерге жазылып отырды, мұндай жазбалардың кейбір фрагменттері біздің заманымызға дейін жеткен.
Афины театры үш ярустан тұрды және 78 қатары болды. Онда бір мезгілде 14 мыңнан 17 мың адамға дейін қойылымды тамашалай алатын болған. Бірінші қатарда мрамордан жасалған 76 орын болды. Мұнда әдетте абыздар, архонттар, әртүрлі лауазымды қызметкерлер мен құрметті қонақтар отырды. Алдыңғы қатардағы креслолардың бәрі атаулы болды, яғни олардың иесі болды. Скульптуралық суреттеулермен, балдахиндермен әшекейленген орталық алаңды Дионис құдайдың абызы иеленді.
Ежелгі грек театры мынадай негізгі бөліктерден тұрды: орхестра, трибуна, проскения, скена. Драмалық және лирикалық хор орындалатын орхестра («пляскаға арналған алаң») театрдың негізгі бөлігі болып табылды. Демек, орхестрада хор орындаушылар мен актерлар өз өнерлерін көрсеткен. Ол 24 метр диаметрден тұратын дөңгелек тапталған жерді алды, екі жағында көрермендер кіретін есік болды. Орхестраның ортасында Дионистің алтары орналасты. Орхестра мен көрермендердің арасын қолдан жасалған арықтар (су ағып) бөліп жатты. Әртүрлі рөлдерді ойнайтын актерлардың киінуіне арналған орын скена («сцена» немесе шатыр) деп аталды. Скена – қосымша құрылыс, бутафория, реквизит және актерлардың киім ауыстыру орны. Скена әуелгіде көрермендердің көз алдында болып, кейіннен орхестраның артына орналастырылды да, қойылымға арналған декоративтік фон түрінде безендірілді. Оның алдында проскений (колоннада) қозғалып тұрды, колоннадалар арасына декорациялар салынған тақталар қойылды. Тақталар пьесадағы көрініс өтетін орынды білдіру үшін қойылды. Көрермендердің орны – театрон (theasthai – қарау деген мағынаны білдіреді) деп аталды. Қойылымның барлығы ашық аспан астында өтетіндіктен актерлардың даусы қатты шығу үшін резонаторлық урналарды пайдаланды.
Актерлар мен хор орындаушылар түрлі маскалар киіп ойнады. Бұл оларды әртүрлі мимикалар жасаудан құтқарса, ал көрермендердің актерлар сомдап отырған образдарды тануға мүмкіндігі болды. Драмадағы актерлардың саны шектеулі болғандықтан, актерлар масканың көмегімен бірнеше рөлді, соның ішінде әйел адамның рөлін де ойнай алды. Комикалық маскалар мен сатиралық хор маскалары әдейі көріксіз, ұсқынсыз етіп жасалды. Жалпы, грек театрында барлық рөлді тек қана ер адамдар ойнады. Бұл мамандықтың тағы бір ерекшелігі болды, яғни актерлар мемлекетке салық төлеуден босатылды. Трагедияны актерлар абыздар салтанатты жиындарда киетіндей ұзын киімдер киіп ойнады, ал комедиялар мен сатиралық драмаларды ойнағанда актерлар қарапайым, әдеттегі киімдерін киіп ойнай берді. Құдайлар адамдардан биігірек, ұзын болды деп түсінгендіктен трагедиялық актерлар аяқтарына биік өкшелі аяқ киім – котурн киіп ойнады.
Ежелгі Рим театры |
Ал барлық афиндықтар – көрермендер болып табылды. Мемлекет тарапынан театрға келу үшін арнайы ақша бөлініп, көрермендерге отыратын орындары көрсетілген металдан жасалған нөмірлер берілді. Қойылымдар таңертең басталып, кешке дейін созылатындықтан (трагедиялар үш күн қатарынан қойылды) көрермендер өздерімен бірге тамақтарын алып келді. |
Алғашқыда басты көңіл хорға аударылған болатын, ол 12 адамнан тұрған еді, ал Софокл кезінде бұл сан 15-ке дейін жетті. Комедияда хор 24 адамнан тұрып, 2-ге бөлінді: жартылай хор – ол идеалды көрермен көзқарасын білдірді. Хор партиялары – парабазаларда – спектакльдің мағынасы ашылды. Хордың әрдайым сахнада болуы қойылымның бір күндік уақыт көлемінен тыс шықпауын қадағалап тұрды. Осыдан келіп ХУІІ ғасырда француз классицистері уақыт, әрекет және орын бірлігі заңын ойлап тапты («Үш бірлік» ережесі). Уақыт өте келе актерлер ойынының күрделеніп, арта түсуінің есебінен хор функциясы кеми түсті. Бастапқыда рөлдерді драматургтердің өздері сомдады, кейін тәжірибелі актерлер сахнаға шықты. Оларды «Дионис шеберлері» деп атады.