Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи УПП ТК.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.13 Кб
Скачать

19 Есеп

32 жасар еркекке "жедел жәрдем" бригадасы шақырылды. Қатты әлсiздiкке, лоқсуға, бiрнеше рет құсуға, жүрек соғуына, жиі сұйық нәжіске,ұйқы бұзылуы, көңiлсiздiктi, мазасыздықты, шамадан тыс тершеңдікке шағымданады. Анамнезден: еркек 24 сағат бұрын қуырылған саңырауқұлақтар жеген.

Объективтi түрде: науқас айналасындағыларға енжар. Терісі бозарған, дымқыл. Қол дірілі. Жүрек тондары тұйық, ырғақты. Пульс 120рет/мин. АҚҚ 90/60 мм с.б. Іші жұмсақ, эпигастрида ауырсыну бар.

Тапсырма

1. Емделушiде дамыған шұғыл күйдi анықтаңыз.

2. Шұғыл көмектi көрсетудiң алгоритмін жасаңыз және әр кезеңдi дәлелдеңiз.

3. Тазарту клизмасын жасау техникасын көрсетiңiз.

20 Есеп

53 жасар еркекке «жедел жәрдем» шақырылды. Анамнезінде созылмалы маскүнемдiк . Оң аяқ-қолдарының ұюы, сөйлеу бұзылысы ,бас ауыруы, әлсiздiкке шағымданады.

Объективтi түрде: аузының оң езу төмен түскен , оң жақ қол, аяқ бұлшық еттері әлсіреген.Жүрек тондары тұйық,пульс 100рет/мин. АҚҚ 85/60 мм с.б. Фельдшер науқасты ЭКГ ға түсірді, онда SТ тісшесінің жоғарлауы, Т тiсшемен араласып кеткен.

АҚ «Астана медициналық университеті»

менеджмент интегририленген жүйесі

бет 111 ішінен 16

Жедел жәрдем курсымен анестезиология, реанимация кафедрасы

Тапсырма

1. Емделушiде дамыған шұғыл күйдi анықтаңыз.

2. Шұғыл көмектi көрсетудiң алгоритмін жасаңыз және әр кезеңдi дәлелдеңiз.

3. АҚҚ өлшеу техникасын көрсетiңiз.

21 Есеп

35 жастағы науқас, амбулаторлы ампициллинмен ем қабылдап жатыр.Ампициллинді б/е енгізгнннен кейін , науқас әлсіздікке, қанның бетке шабуына, бас ауруға, көрудің бұзылуына, кеудесіндегі ауырлау сезіміне шағымданды. Жүрек тондары керең. Жіп тәрізді пульс 120рет/мин. АҚҚ 80/50 мм с.б. ТАЖ 28рет/ мин.Экспираторлы ентңгу.

Тапсырма

1. Емделушiде дамыған шұғыл күйдi анықтаңыз.

2. Шұғыл көмектi көрсетудiң алгоритмін жасаңыз және әр кезеңдi дәлелдеңiз.

3. АҚҚ өлшеу техникасын көрсетiңiз.

22 Есеп

Жедел жәрдем үйге шақырылды. 44 жасар әйел аяғын жерге түсіріп отыр. Сөйлеуі қыйындаған.Беті бозарып, термен қапталған, өлім қорқынышы бар. Ерін, мұрын циянозы. Қызғылт көпіршікті қанды қақырықты жөтел. Өкпенің барлық аймағында майда көпіршікті сырылдар. Жүрек аускультациясы қйындаған. Пульс 120рет/мин., аритмиялы. ЭКГ да солжақ бөлікке күш түсу көрінісі. Анамнезінде жүрек ақауы. (митральді стеноз).

Тапсырма

1. Емделушiде дамыған шұғыл күйдi анықтаңыз.

2. Шұғыл көмектi көрсетудiң алгоритмін жасаңыз және әр кезеңдi дәлелдеңiз.

3. Оксигенотерапия техникасын көрсетiңiз.

23 Есеп

Жедел жәрдем бригадасы цехқа шақырылды, 60 жасар науқас . Төс артының кенет ауырсынуына , ентігуге, қан аралас шырышты қақырықты жөтелге шағымданад. Науқасқа жатқан ыңғайлы.Тері қабаты бозарған, цианоздалған, мойын веналары ісінген яремды ойықта соққысы білінеді.ТАЖ 40рет/мин. АҚҚ 90/60 мм с.б. Пульс 120 рет/мин. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы оңға ығысқан. Өкпе артериясында систолалық шу. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұр.Сол сирақтың цианозы, гиперемиясы ж/е ісінуі, ауырсыну бар.

АҚ «Астана медициналық университеті»

менеджмент интегририленген жүйесі

бет 13 ішінен 16

Жедел жәрдем курсымен анестезиология, реанимация кафедрасы

Тапсырма

1. Емделушiде дамыған шұғыл күйдi анықтаңыз.

2. Шұғыл көмектi көрсетудiң алгоритмін жасаңыз және әр кезеңдi дәлелдеңiз.

3. Улы дәрілерді сақтау мақсаттарын айтыңыз.