Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНЦИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

3.Қосалқы станцияның жүктеме графигін тұрғызу

Жеке тұтынушылардың электр жүктемелері және осыған сәйкес қосалқы станцияның жұмыс істеу режимін анықтайтын олардың жиынтық жүктемелері үздіксіз өзгеріп отырады. Осы фактты жүктеме графигімен, яғни уақытта қосалқы станция шиналарында ток қуатының өзгеру диаграммасымен сипаттайды.

Белгіленген параметрлердің түрлері бойынша қосалқы станция шиналарында активті P (МВт), реактивті Q (Мвар), толық (мүмкін) S (МВА) қуаттар және ток I (А) графиктерін ажыратады.

Осы графиктер белгілі уақыт аралығындағы жүктеме өзгерулерін көрсетеді. Сондықтан сипаттамасына сәйкес тәуліктік (24 сағ.), маусымдық (қыс, жаз) және ұзақтығы бойынша жылдық графиктер болып бөлінеді.

Арналған жеріне немесе олар кіретін, энергожүйе элементіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:

  • ҚС шиналарында анықталатын, тұтынушылар жүктемелерінің графиктері;

  • Аудандық және негізгі ҚС шиналарында - желілік жүктеме графиктері;

  • Энергожүйенің нәтижелейтін жүктемесін сипаттайтын, энергожүйенің жүктеме графиктері;

  • Электр станция жүктемелерінің графиктері.

Тұтынушылар жүктемесінің тәуліктік графиктері

Фактіге негізделген жүктеме графигі уақытта сәйкес параметрдің өзгеруін жазып алатын аспаптар көмегімен алына алады.

мах) максималды активті қуаттан басқа, графикті тұрғызу үшін уақытта тұтынушылар жүктемесінің өзгеру сипатын білу қажет, оны 4.3.1 - 4.3.8 суреттерінде келтірілген, (қыс, жаз) тәуліктері ішінде пайыздарда күштік максимумның типтік графиктерінен анықтауға болады.

Есептеулердің ыңғайлылығы үшін график сатылы болып орындалады. Тәулікте мүмкін ең үлкен жүктеме 100 % деп алынады, ал графиктің қалған сатылары тап осы уақыттың тәулігі үшін жүктеменің салыстырмалы мәнін көрсетеді.

Pрасч. белгілі болғанда, типтік графикті белгіленген тұтынушы жүктемесінің графигіне, тапсырма бойынша, графиктің әр сатысына келесі қатынасты пайдалана отырып аударуға болады:

Pi = ni % · Pрасч. /100 (МВт)

мұндағы ni % - типтік графиктің сәйкес сатысының ординатасы, %; Pрасч - тапсырмаға сәйкес кәсіпорынның есептік қуаты, МВт.

Қ ыс, жаз маусымдары бойынша кәсіпорын жүктемесінің тәуліктік типтік графиктерін, кәсіпорындардың Pi (МВт) жүктемесінің сәйкес графиктеріне, жоғарыда көрсетілген формуланы пайдалана отырып, ауыстыру қажет. Есептеулер нәтижелері бойынша кәсіпорындар үшін маусымдық тәуліктік жүктемелердің графиктерін тұрғызу қажет.

4.3.1 сурет. Қара металлургия кәсіпорынының тәуліктік жүктеме графигі ___қыс, ----- жаз

Тұтынушылар жүктемесінің жиынтық (біріктірілген) графигі

Бұл график ҚС-дағы қуат шығынын ескере отырып тұрғызылады.

Қуат шығыны мыналарға байланысты:

- жүктемеге тәуелді, айнымалы шама болып келетін, трансформатор орамасымен ағатын ток (∆Pпер. ).

- қуат шығынының тұрақты бөлігін трансформатордың бос жүріс кезіндегі шығыны анықтайды (∆Pпост. ).

- өз қажеттілігіне байланысты болатын шығындар, трансформатор параметрлеріне және ҚС түріне байланысты болады (∆Pс.н.).

Барлық тұтынушылар жүктеме графиктерінің iх-сатыларының қуат мәндерін және әр саты үшін қосалқы станциядағы қуат шығындарын қоса отырып, (қыс, жаз) маусымдары үшін қосалқы станцияның жиынтық (біріктірілген) жүктеме графигін формула бойынша аламыз:

P пс(i)=P(i) + ∆ Pпост. + ∆ Pпер.+ ∆Pс.н. МВА

мұндағы P(i) - i-сатылы барлық кәсіпорындардың толық қуаты; ∆ Pпост. - Pmax 1% құрайтын, тұрақты шығындар, мұндағы Pmax - i-сатысындағы біріктірілген графиктің активті қуаттың максималды мәні;

Pпост.=0,01 Pmax МВА

Pс.н. - Pmax 0,5% құрайтын, өз қажеттілігіне кететін шығындар

P с.н.= 0,005 Pmax МВА

Pпер. - әр сатының қуат мәніне тәуелді, айнымалы шығындар, келесі формула бойынша анықталады:

Pпер= P2(i) / 10 · Pmax МВА

ҚС шиналарындағы (қыс, жаз) тұтынушыларының жиынтық жүктеме графигінің есептеулерінің P пс(i) соңғы шыққан мәннің нәтижесі бойынша жыл маусымдары үшін, шығындар ескеріліп, қосалқы станцияның жиынтық (біріктірілген) жүктеме графигі тұрғызылады.

Жүктемелер ұзақтығы бойынша жылдық график

Бұл график әр түрлі жүктемелермен бір жыл аралығында қондырғы жұмысының ұзақтығын көрсетеді. Ордината осі бойынша сәйкес масштабта жүктемені, ал абсцисса осі бойынша - 0-ден 8760 дейін жыл сағаттарын тұрғызады. Жүктемелерді графикте олардың Pmax нан - Pmin. дейін кему ретімен орналастырады.

Қыс пен жаз маусымдық жыл уақыттарының ұзақтығы сәйкесінше 200 және 165 күнді құрайды деп қабылданған.

Жүктемелердің ұзақтығы бойынша жылдық графигі қыс пен жаз кезеңдерінің белгілі жүктеменің жиынтық тәуліктік графиктері негізінде жасалады.

Жүктемелер ұзақтығы бойынша графикті қондырғының техника-экономикалық көрсеткіштерін, электрэнергия шығындарын есептегенде, бір жыл аралығындағы жабдықтардың пайдалануын бағалағанда және т.б. қолданады.

Ұзақтығы бойынша графиктің i-сатының активті қуат мәні, ізделіп отырған графиктің ординаталар осіне, қыс пен жаз кезеңдеріндегі жиынтық тәуліктік жүктеме графигінің сәйкес ординаталарының проекциясымен анықталады, ал ұзақтығы бойынша Тi осы график сатысының ұзақтығы төмендегі формула арқылы анықталады:

Тi = tiқыс · 200 + tiжаз · 165 с

мұндағы tiқыс және tiжаз жиынтық жүктеме графигінің қыстық және жаздық тәуліктік і-сатысының ұзақтығы.

Жүктеме графиктерінен анықталатын техника - экономикалық көрсеткіштер

Активті жүктеме графигі қисығымен шектелген аудан, қарастырылып жатқан жылда тұтынушыларға қосалқы станция шиналарынан жіберілген энергияға тең:

Wn = Σ Pi ·Ti МВт·с

мұндағы Pi - графиктің i-сатысының қуаты; Ti - сатының ұзақтығы.

График бойынша қарастырылып отырған жылдағы орташа жүктеме тең:

Pср= W п /T МВт

мұндағы: T - қарастырылатын мерзімнің ұзақтығы; Wп -қарастырылған мерзім электрэнергиясы.

Қондырғының жұмыс істеу графигінің біркелкі еместігі толтырылу коэффициентімен сипатталады.

Kзап.= Wп / Pmax · T= Pср/ Pmax

Жүктеме графигінің толтыру коэффициенті, кондырғының жүктемесі барлық уақытта максималды болған жағдайда, қарастырылып отырған мерзімдегі шинадан жіберілген электрэнергия көлемі қанша есе дәл осы уақытта қосалқы станция шиналарынан жіберілген электрэнергия көлемінен аз екенін көрсетеді. График біркелкі болған сайын kтол мәні бірге жақын болады.

ҚС жүктеме графигін сипаттауда максималды жүктемені қолдану ұзақтығы қолданылады.

Tmax = Wп / Pmax = Pср. · T / Pmax = kзап. · T с

Бұл шама, Wn электрэнергияның нақты көлемін қосалқы станция шиналарынан жіберу үшін, Т қарастырылған мерзімде (әдетте жыл) қанша сағат қондырғы тұрақты максималды жүктемемен жұмыс істеу керектігін көрсетеді.