
- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
- •1.№ 1 Тақырып: «Дені сау балаларды диспансерлік бақылау принциптері».
- •2. Мақсаты:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Оқытудың аралас әдісі
- •6.Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •8.Тәжірибелік сабақтың жоспары мен ұйымдық құрылымы Тәжірибелік сабақтың жоспары мен ұйымдық құрылымы
- •Тестілік тапсырмалар
- •Ситуациялық есептер
- •Ситуациялық есептердің жауап эталондары
Тестілік тапсырмалар
ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ
1. А
2. C
3. А
4. C
5. C
6. E
7. А
8. А
9. D
10. B
11. C
12. А
C
C
B
А
D
D
А
C
21. С
22. С
23. E
24. А
25. A
Ситуациялық есептер
№ 1есеп
Балаға 7 күн, учаскелік педиатрмен екінші рет қаралып отыр. Анамнезінен: бірінші жүктілік, анасының жасы 18, шылым шегеді, жүктілік I және II жартысында токсикозбен өткен. Босану стимулияцимен болған,сусыз кезең 8 сағат, мойынаа кіндіктің бір рет оралуымен туған. Анасы жұмыс істемеген, тұрмыс құрмаған, ата-анасымен тұрады, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қанағаттанарлық.Тұқым қуалаушылық жоқ.Бала табиғи тамақтанады.
Тапсырма: Десаулық тобын анықтаңыз:
А) I
B) IIA
C) IIБ
D) III
E) IV
№ 2 есеп
Бала 1 жасында емханаға диспансерлік бақылауға шақырылды.Бала белсенді, жүйке-психикалық және дене дамуы жасына сәйкес. Өз бетімен жүруге тырысады, 6-8 сөз айтады. 1 жылда ауырмаған. Декреттелген уақыттарда арнайы маман дәрігерлермен қаралған-дені сау. Жүргізілген зертханалық зерттеулер патологиясыз.
Тапсырма: Баланың өмірінің екінші жылы қандай маман дәрігері қарау керек екендігін көрсетіңіз:
А) Эндокринолог
B) Иммунолог
C) Отолоринголог
D) Невропатолог
E) Офтальмолог
№ 3 есеп
Бала 6 жаста. Мектепке баруға дайындалуда. Биологиялық жасы паспорт жасына сәйкес. Балабақша бағдарламасын белгілі бір қиындықтармен меңгереді. Мектепке жетілгендік деңгейі - 6-7 балл. Резистенттілігі төменность.
Тапсырма: Мектепке дайындық деңгейін анықтаңыз:
А) Дайын емес
B) Дайындалған
C) Өте төмен дайындық
D) Жетілгендігін анықтауға қажеттілік жоқ
E) Шартты дайын
№ 4 есеп
2 айлық сәбидің жүйке-психикалық дамуын бағалау кезінде анықталғаны: эмоциональдық
реакциялары – қатынасқан кезде күліп тез жауап береді; қимылы жалпы – қолын тіреп, басын жоғары көтеріп, ішімен ұзақ жатады; қолтығынан демеген кезде тізе буынын түзеп, аяғын тірейді;
ересектердің қолында басын вертикальді күйде ұстайды; сөйлеу реакциясы – ояу кезінде гулейді; көру ориентациялық реакциялар – қозғалған затқа ұзақ қарайды, вертикальді күйде ойыншықтарға қарайды; есту ориентациялық реакциялар – қатты дыбыс шыққан жаққа қарап, дыбыс көзін іздейді.
Тапсырма: Жүйке-психикалық дамуын бағалау:
А) Жасы бойынша жылдам даму
B) Терең қалыс қалған
C) Озық даму
D) Жеңіл қалыс қалған
E) Қосымша зерттеулер қажет
№5 есеп
Бала 5 жаста, балабақшаның дайындық тобына барады. Ата-анасы 6 жастан мектепке бермек.
Баланың дамуы жақсы, дене дамуы және жүйке-психикалық дамуы жасына сай. Бұрын жиі ауыратын балалар тобында болған. «Д» бақылауда болып, реабилитация курсын өткен.
Тапсырма: Мына мамандардың қайсысы қортынды береді:
А) Педиатр
B) Невропатолог, офтальмолог, лор, хирург
C) Логопед
D) Кардиолог, офтальмолог
E) Эндокринолог