
- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
- •1.№ 1 Тақырып: «Дені сау балаларды диспансерлік бақылау принциптері».
- •2. Мақсаты:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Оқытудың аралас әдісі
- •6.Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •8.Тәжірибелік сабақтың жоспары мен ұйымдық құрылымы Тәжірибелік сабақтың жоспары мен ұйымдық құрылымы
- •Тестілік тапсырмалар
- •Ситуациялық есептер
- •Ситуациялық есептердің жауап эталондары
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
АМБУЛАТОРЛЫҚ-ЕМХАНАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫ |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ |
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
№ 1 тақырып: «Дені сау балаларды диспансерлік бақылау принциптері».
Курс: 5
Дайындаған: асс. А.С.Еспанова
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.
1.№ 1 Тақырып: «Дені сау балаларды диспансерлік бақылау принциптері».
2. Мақсаты:
Дені сау балаларды диспансерлік бақылауды жүргізуді ұйымдастырудың ерекшеліктері жөнінде жүйелі білім қалыптастыру.
Студенттерде дені сау балаларды сапалы қарауды жүргізу дағдысын қалыптастыру.
Студенттерде балалардың денсаулық топтарын анықтауға және патология даму қатер топтарын ажыратуға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыпастыру.
Клиникалық ойлау негіздерін, медициналық этика мен деонтология ережелерін сақтай отырып, науқаспен, олардың туысқандарымен, әріптестермен қарым-қатынас орната білу дағдыларын, кәсіби білімді алу қажеттілігін және пәнді оқу қызығушылығын қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
Студенттерді учаскелік дәрігер міндеттерімен таныстыру.
Студенттерге профилактикалық қарау кезінде балалардағы патологияларды ерте анықтау негізгі принциптері мен диагностикалық критерияларын үйрету.
Ерте және ересек жастағы дені сау балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру принциптерін үйрету.
Денсаулықты қалыптастыратын критерияларды анықтау принциптерін үйрету.
Балаларды денсаулық топтары бойынша бөлу принциптерін үйрету.
Ерте жастағы балалардағы фондық аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін үйрету.
Профилактикалық қараулар жоспарын құру дағдысын үйрету және баянды ету.
Студенттерде науқаспен және оның туысқандарымен клинико-эпидемиологиялық анамнезді нақты, әрі толық алу үшін сенімді қарым-қатынас орнату қабілеттілігін дамыту.
Студенттерде әріптестерінің пікірлерін ескере отырып шешім қабылдау қабілеттілігін дамыту.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- ДДҰ бойынша «денсаулық» анықтамасы
- Балалар денсаулық жағдайын жиынтықты бағалау критериялары
- Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастыратын факторлары
- Денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
- Денсаулық топтары. Балаларды денсаулық топтары бойынша бөлу критериялары
- Медициналық қарауды ұйымдастыру және жүргізу реттілігі
- Баланың өсуі мендамуына әсер ететін факторлар
- Бір жасқа дейінгі балалардың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Оқытудың аралас әдісі
№ |
Қолданылатын оқыту әдістері |
Нәтижесі |
1 |
Кіші топтарда жұмыс |
Сабақ тақырыбы бойынша білім алу, топпен жұмыс істей білу, өз көзқарасын дәлелді қорғау. |
2 |
Дәрігерлік қабылдауда жұмыс жасау және профилактикалық қараулармен баланың даму тарихын талдау |
Алынған білім негізінде бала мен оның ата-анасымен қарым-қатынас орнату дағдысын, баланың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау әдістерін қалыптастыру. ҚР ДСМ бұйрықтары мен қаулылары негізінде профилактикалық қарауларын жүргізу дағдысы. |
3 |
Ситуациялық есептерді шешу |
Формирование навыка делать заключение по результатам профилактических осмотров, определение групп здоровья и определение групп риска развития патологии. Профилактикалық қараулар нәтижесі бойынша қорытынды жасау, денсаулық топтарын және патология даму қаупі бар топтарды анықтау дағдысын қалыптастыру. |
4 |
Презентациялар |
Алынған білімді қолдана білуді және кәсіби білімді алуға мұқтаждықты қалыптастыру. Есептік амбулаторлық картаны толтырумен қатар жаңа туған нәрестеге үйіне патронаж жасауды көрсете білу. |