Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тема 2 Мет. рек. ОМ 5курс. каз.послед.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178.18 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

АМБУЛАТОРЛЫҚ-ЕМХАНАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық №2 тақырып: «Ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру»

5-курс

Дайындаған: Зулхажы А.

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.

2тақырып: «Ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру».

Мақсаты: Студенттерде ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде жүйелі білім қалыптастыру.

Тамақтандыру бойынша алған білімдерін қолдана білу тәжірибесін қалыптастыру.

Табиғи тамақтанатын дені сау балаға тамақты есептеу тәжірибелік дағдысын қалыптастыру.

Клиникалық ойлау негіздерін, медициналық этика мен деонтология ережелерін сақтай отырып, науқаспен, олардың туысқандарымен, әріптестермен қарым-қатынас орната білу дағдыларын, кәсіби білімді алу қажеттілігін және пәнді оқу қызығушылығын қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:

Студенттерде ерте жастағы балаларды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

Студенттерді ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыру мәселелерімен таныстыру. Ұтымды тамақтандыру және емізу принциптерін меңгеру.

Емшек сүтімен ұтымды тамақтандырудың негізгі ережелерін меңгеру.

ДДҰ және ЮНИСЕФ-тің «Емшекпен ұтымды тамақтандырудың он принципі» Бағдарламасының негізгі принциптерін үйрету.

Студенттерде сәбидің ата-анасымен қарым-қатынас жасау, сонымен қатар тамақтандыру жөніндегі өзінің ұсыныстарын анық және нақты жеткізе білу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Студентте әріптестерінің пікірлерін ескере отырып шешім қабылдау қабілеттілігін дамыту.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- ұтымды тамақтандырудың негізгі талаптары;

- табиғи тамақтандыру;,

- сүт бездерінің даму кезеңдері және лактация;

- емшекпен тамақтандыру туралы ДДҰ ұсыныстары;

- емшекпен тамақтандыруға қарсы көрсеткіштер;

- ана сүтінің құрамы және ерекшеліктері;

- гипогалактия, диагностикасы, емі және алдын алу;

- ерте жастағы балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың негізгі принциптері;

- ерте жастағы балалардың тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі;

- ерте жастағы балалардың асқазан-ішек жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері;

- қосымша тамақтарды еңгізу;

- қосымша тамақтардың сипаттамасы;

- қосымша тамақтарды еңгізу ережелері;

- жасанды және аралас тамақтандыру;

- ерте жастағы балалардың тағамдық құрамының ерекшеліктері;

- ерте жастағы балалардың тағамындағы негізгі ингредиенттерінің қатынасы.

5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Оқытудың аралас тәсілі

Қолданылатын оқыту әдістері

Нәтижесі

1

Кіші топтарда жұмыс

Сабақ тақырыбы бойынша білім алу, топпен жұмыс істей білу, өз көзқарасын дәлелді қорғау.

2

Балаларға тамақты есептеу, баланың даму тарихын толтыру.

Алынған білім негізінде табиғи тамақтанатын дені сау балаға тамақтану калоражын есептеу дағдыларын қалыптастыру; бала және оның ата-анасымен қарым-қатынас орнату дағдысы мен тамақтандыру туралы өз ұсыныстарын анық және толық жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру; ДДҰ және ЮНИСЕФ-тің «Емшекпен ұтымды тамақтандырудың он принципі» Бағдарламасының негізгі принциптерін білу.

3

Ситуациялық есептерді шешу

Берілген маңызды ақпараттарға сүйеніп,тамақтануды есептеу дағдыларын қалыптастыру, ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тактика қалыптастыру.

4

Презентациялар

Алынған білімді қолдана білуді және кәсіби білімді алуға мұқтаждықты, тақырыпқа қызығушылықты қалыптастыру. Ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыру күн тәртібін ұйымдастыра білу.