Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология практика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
899.58 Кб
Скачать

Тапсырмалар:

1. Класс бөлмесінің табиғи және жасанды жарығына гигиеналық баға беру.

2. Көздің негізгі қызметін білу.

Табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар.

Табиғи жарық терезелердің және олардың әйнектерінің көлеміне байланысты. Неғұрлым олардың ауданы үлкен, көлемі көп болса соғұрлым жарық сәулелері мол өтіп бөлме жарық болады. Бірақ терезелердің тым үлкен болуы бөлмені не тым суытып жіберуі мүмкін.

Сондықтан жарық коэффиценті терезенің әйнектелген беттерінің еденінің ауданына қатынасы 1: 4 – 1 : 5 болса, ауылдық жерлерде 1 : 6 болуы керек. Ауылдық жерлерде бұның азырақ болуы мектептердің жанында күн сәулесін ұстап қалатын биік үйлер болмайды.

Терезенің төменгі жиегінің еденнен биіктігі 80-85 см ден көп болуы керек, оның жоғарғы жиегі төбеге неғұрлым жақын (20-30см) болуы керек. Сондықтан жоғарғы жағы дөңгеленіп келген терезелер (готика архитектурасы) жасаудың қажеті жоқ, оқушылардың алдыңғы және артқы жақтарында орналасқан терезелердің де қажеті жоқ, олар күн сәулесін шағылыстырып кейде көлеңке де жасауы мүмкін. Лабораториялық бөлмелерде терезелер екі жақ қырдан орналасуы қажет. Терезелер арасындағы қашықтық 40-50 см- ден аспауы керек

Мектептермен көп қабатты үйлер арасында қашықтық сақталғаны жөн. Сонымен бірге мектеп үйіне тым жақын биік өсетін ағаштарды отырғызудың да қажеті шамалы.

Бөлмедегі табиғи жарықтың мөлшерін қарапайым әдістің көмегімен анықтауға болады.

Егер бөлменің ең түкпірінен аспан терезенің барлық ауданы арқылы көрінсе, бөлме жарықтығы жақсы, 2/3 бөлігін қамтыса орташа және 12 бөлігінде ғана көрінсе нашар деп есептеледі.

Жарықтың жеткілікті екендігін анықтаудың келесі бір әдісі көзі жақсы көретін оқушының 50 см қашықтықта ұсақ шрифты кітапты (петит) еркін оқи алуы. Терезе әйнектері таза болуы керек. Күннің сәулесі мол түсуі үшін терезелер оңтүстікке және оңтүстік батысқа қарай орнатылғаны жөн. Мектеп үйінің жарық болуы сондай – ақ жиһаздардың қабырғаларының, тіпті көршілес орналасқан үйлердің болуының түсіне де байланысты. Олар ашық түсті баяулар мен сырлануы керек. Соңғы кезде класс тақтасы қоңыр кейде жасыл түске боялынады. Кейбір оқымыстылардың айтуы бойынша көмірмен жазуға болатын ақ түсті тақталарды қолданған дұрыс деп есептеледі.

Жұмыстың барысы

1. Көз өткірлігін анықтау.

Кестеде әріптер бірнеше қатарда жоғарыдан төмен қарай кішірейе орналасқан. Әріп кестесін қабырғаға іліп қояды. Көзін тексеретін адамды 5м қашықтыққа отырғызады. Бір көзін жауып, таяқшамен көрсеткен әріптерді оқиды. Қай әріп қатарын анық көретінін айтады.Содан соң екінші көзін жауып тәжірибені қайталайды. Көздің өткірлігі әріп кестесінің оң жағында, сол бойынша әр адамның көз өткірлігін анықтайды. Y=І – қалыпты, Ү=0,8 – төмен, Ү=1,5-2,0 – қалыпты жағдайдан жоғары. 1-сурет.

1-сурет. Көз өткірлігін анықтауға арналған кесте.

2. Көз торындағы соқыр таңбаны көру.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Ақ дөңгелек және крест таңбалы қара қағаз.

Жұмыстың барысы: Бір көзін жауып, қара қағазды қолына алып, созып, екінші көзімен қарап қара қағазды көзіне біртіндеп жақындатады. Көзді қағаздың крест таңбасына тоқтатады. 20-25см қалғанда қағаздағы ақ дөңгелек көрінбей қалады. Бұл көз торында соқыр таңба бар екенін дәлелдейді, өйткені онда көру рецепторы жоқ. Екінші көзді жауып (сол көзді) тәжірибені қайталайды. 2 сурет.

+

2-сурет. Көздің соқыр нүктесін анықтауға арналған құрал

Жұмысты қорытындылау: 1. Әр білімгер өзінің көз өткірлігін анықтайды. 2. Көру өрісінің шеңберін сызады. 3. Көз торының соқыр таңбасын түсіндіріп дәптерге жазады.

3. Табиғи жарық коэффицентін анықтау. Бұл терезелердің шыны ауданының қатынасы. Класс бөлмесінің ұзындығын, енін өлшеп, ауданын шаршы метрмен (м2) табыңыздар. Терезенің әйнектелген бетінің ауданын анықтаңыз.

S1

ЖК = ——, мұнда

S

ЖК – жарық коэффиценті

S1 – терезе шынысының ауданы

S – еденінің ауданы.

Мектеп үйінің әр бөлмесі үшін бұл коэффиценттің мөлшері әр түрлі: кабинеттермен кластарда – 1: 4 ; 1: 5 қосымша бөлмелерде – 1:10; 1: 12; каридор, вестибюльдерде – 1 : 9; 1: 12; тұратын бөлмелерде – 1:8.

Мектептің класс бөлмелері мен негізгі үй жайларына табиғи жарықтың түсуі терезелердің пішініне шамасына, қоршаған үй жайларға, көк желектерге байланысты. Сондықтан бөлме жарығы басқа да көрсеткіштерге байланысты.

4. Келесі жағдайларды ескере отырып, класс бөлмесінің схемасын салыңыз:

А) терезелердің орналасуы;

Б) терезенің төменгі жиегінің биіктігі;

В) терезелер аралығы (40-50 см болуы керек);

Г) шамдардың орналасуы;

Д) бөлме қабырғаларының, жиһаздардың, тақтаның болуы.

5. Есту өткірлігін анықтау.

Есту өткірлігі шамасы есіту табалдырығына байланысты. Есіту табалдырығы неғұрлым төмен болса, есіту өткірлігі соғырлым жоғары болады. Есту табалдырығы дегеніміз құлақ қабылдайтын ең аз күші. Есіту өткірлігі шамасын зерттелушінің сыбырды еститін аса ұзақ ара қашықтық бойынша анықтауға болады. 5м қашықтықта сыбырлаған сөзді жақсы естісе есту өткірлігі қалыпты деп есептеледі.

Зерттелуші барынша кең және бөгде шудан біраз оқшауланған. Бөлменің керегесін қараған құлағын алақаны мен жауып керегеге қырынан тұрады. Зерттелушіден бес метр қашықтықтағы адам демін сыртқа шығарып, демін шығарысы мен 2 таңбалы санды сыбырлап, бірақ ретсіз айтады. (мысалы, 34.37.33.және т.б.). зерттелуші әрбір санды дауыстап қайталайды. Егер ол қателессе, жақынырақ барып сол санды қайталайды. Зерттелушінің сандарды дұрыс қайталайтын ең қашық аралық құлақтың есту өткірлігі болып есептеледі. Зерттелушіні басқаша тұрғызып, екінші құлағын алақанымен жаптырып, тәжірибені қайталайды. Екі құлақтың есту өткірлігін салыстырады. Протоколға құлақтық есту өткірлігін туралы қорытынды жасайды.

Жұмысты қорытындылау: Анықталған нәтижелердің табиғи және жасанды жарықтың жеткіліктігін көрсетіңіз

Бақылау сұрақтары:

1. Көру анализаторларының құрылысы қандай ?

2. Бинекулярлы көру дегеніміз не?

3. Аккомодация дегеніміз не?

4. Мектеп үйіндегі жарық режимі.

5. Табиғи және жасанды жарыққа қандай гигиеналық шаралар қолданылады ?

6. Есту мүшесінің құрылысы және оған қандай гигиеналық шаралар қолданылады.

6 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой еңбегіне,өсіп-дамуына эндокриндік бездердің әсерін анықтау.

Құралдар: Атластар,слайдтар, плакаттар.