Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология практика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
899.58 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Физикалық даму туралы түсінік

  2. Физикалық дамудың көрсеткіштері.

  3. Физикалық дамуға әсер ететін факторлар.

  4. Өсу және даму заңдылықтары

3 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің функционалдық маңызы

Мақсаты: Балалардың орталық нерв жүйесінің дамуындағы сандық және сапалық өзгерістермен танысу.

Құралдар: Кестелер, схемалар, альбом, карандаштар.

Тапсырмалар:

  1. Мидың құрылысына, оның дамуына жасына қарай баға беру, суретін салу.

  2. Жұлынның құрылысы, оның дамуы және қызметі. Жұлын мөлшері мен салмағының адамның жасына байланыстылығын қарастыру.

  3. Вегетативтік нерв жүйесінің маңызы мен құрылысын зерттеу.

Нерв жүйесі организмінде көптеген қызмет атқарады. Орталық нерв жүйесі ми мен жұлыннан, ал шеткі нерв жүйесі- соматикалық (бас сүйек пен жұлыннан тарайтын) және вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) нервтерден тұрады.

Нерв жүйесінің қызметінің арқасында организмінің қоршаған ортамен қызметі жүзеге асады. Сырттан әсер еткен кез – келген тітіркендіруге организм рефлекторлық реакция арқылы жауап қайтарады. Сонымен қатар нерв жүйесі организімдегі барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді.

Нерв ұлпасы нейрондардан түзілген.

Жұмыстың барысы:

1. Мидың құрылысын, оның қызметін зерттеп төменгі кестені толтырыңыз:

Мидың бөлімдері

Құрылысы

Атқаратын қызметі

Сопақша ми және көпір

Мишық

Ортаңғы ми

Аралық ми

Үлкен ми сыңарлары

Бала миының дамуы ол дүниеге келген кезде де аяқталмайды. Бірақ мидың құрамындағы нейрондар саны жас нәрестеде де, ересек адамда да бірдей болады. Жаңа туған балада мидың салмағы 300-400г, 1 жаста 800г., 3 жаста 1170г., 7 жаста 1250 г., 18 жаста ересектерде 1250-1550г. Әрбір адамның жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес ересектер адамдар да ми салмағының ауытқуы өте зор – 960 грамнан 2000 грамға дейін болады. Баланың он екі айында оның миының құрылысы ересектер миының құрылысына ұқсайды. Демек сандық өзгерістермен қатар сапалық өзгерістерде жүреді: ми қыртысындағы сұр заттар ұлағаяды және оның ақ заттан бөлінуі мен жіктелуі де күрделенеді (жаңа туған балалар да олардың пішіні ұршық тәрізді және өсінділерінің саны аз). Осы күрделенудің нәтижесінде әртүрлі нерв жасушаларынан 7 қабаттан тұратын ми қыртысы түзіледі.

2. Жұлынның ұзындығы және оның салмағы адамның жасы мен жынысына байланысты

Жас кезеңдері

Ұзындығы (см)

Салмағы (г)

Нәресте

14-16

3

Бастауыш мектеп жасындағы оқушы

30-32

18

Ересек адам

43-45

30

Омыртқа жотасына сәйкес жұлынның мойын, арқа, бел, сегізкөз бөлімдерін ажыратады. Жұлын түбірлері омыртқа жотасының каналынан шығар тұста жұптасып бірігіп, 31 жұп аралас жұлын нервтерін құрайды.

Рефлекс нерв системасы қызметінің негізі болып табылады. Рефлекс дегеніміз сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне организмнің жауапты реакциясы.

Рефлекторлық доға дегеніміз рефлекс кезінде қозудың жүріп өткен жолы.

Рефлекторлық доға бес бөлімнен тұрады:

Рецептор→афферентті нейрон→орталық нерв жүйесінің белгілі бір бөлімі→эфферентті нейрон→жұмыс істейтін мүше.

  1. Вегетативті нерв жүйесі қызметі жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі жүйенің – симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелерінің бірлігі екенін айқындау керек.

  2. Вегетативтік нерв системасының әсері

Иннервацияланатын мүше

Симпатикалық нервтің әсері

Парасимпатикалық нервтің әсері

Жүрек

Жүрек жиырылуының жиілеуі және күшеюі

Жүрек жиырылуының баяулауы және әлсіреуі

Артериялар

Тамырлардың тарылуы және қан қысымының көтерілуі

Тамырлардың кеңеюі және қан қысымының төмендеуі

Қуық

Қуықтың босануы

Қуықтың жиырылуы

Көздің нұрлы қабағының бұлшықет талшықтары

Көз қарашығының кеңеюі

Көз қарашығының кішіреюі

Ас қорыту жолы

Толқын тәрізді жиырылудың баяулауы, активтілігінің әлсіреуі

Толқынды қозғалыстардың күшеюі, активтілігінің артуы

Шапшты тік тұрғызатын бұлшық еттер

Шаштың тітіркеюі

Шаштың жатуы

Тер бездері

Секрецияның артуы

Секрецияның бәсеңсуі

Вегетативтік бөлімнің екі бөлігінің өзара әсері кері байланыс принципімен жүзеге асады.