Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология практика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
899.58 Кб
Скачать

Тапсырмалар:

1.Бала терісінің гигиенасы және тері ауруларының алдын алу.

2.Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.

3. Ағзаны шынықтыру

Тері анализаторы. Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Ересектерде көлемі 14—16 м дейін жетеді. Онда сезімтал жүйке рецепторлары, , тері, май, бездер, ет тіндері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару т. б. маңызды қызметтер атқарады. Терінің қорғаныш қасиетіне байланысты түрлі газдарды, ерітінді заттарды, сонымен қатар неше түрлі ауру туғызатын микроорганизмдерді денеге өткізбейді. Эпидермистің тереңінде теріге түс беретін миелинді (бояу) заты орналасады. Тері бездері өздерінің шығаратын заттарына қарай май бездер, тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді.

Шынығу дегеніміз бұл жылу реттеуші механизмдерді жаттықтыру және жетілдәру, яғни организмнің температурасының ауытқуы мен басқа да өзгеріп отыратын климаттық факторларға тез бейімделу қабілетін арттыру, мұның өзі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға төзімділікті қалыптастырады. Шынығу дегеніміз дене тәрбиесінің құрамды бөлігі және балаларды салқын тию ауруларынан сақтандыратын кең таралған сауықтыру шарасы болып табылады.

Табиғат факторларының ауа, күн және су ең жақсы және барлық жерде қолайлы шынықтыру құралдары болып табылады. Теріге әсер ете отырып, олар тамырды кеңейту таралу рефлекстерін жаттықтырады., олар жеделдетеді, олардың қоршаған ортаның нақты жағдайларына ұқсас дәрежесін арттырады.

Ауамен шынығу. Организмде ауаның әсер етуі шынығудың ең қолайлы әрі жайлы құралы болып табылады, оны жылдың барлық мезгілінде қолдануға болады. Ауа қозғалысының арқасында баланың терісі белгілі жағдайда салқындайды. Қоршаған орта температурасының мұндай кезектесе ауытқып отыруы қан тамырларының рефлекторлы жолмен бірде тарылады., бірде кеңейтеді. Ауа процедуралары қимылды ойындармен және гимнастикалық жаттығулармен ұштастыру тиімді.

Бекіту сұрақтары:

  1. Тері сезім ағзаларының ерекшеліктері?

  2. Шынығудың маңызы мен түрлерін ата

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер:

1. Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Оқулық. Алматы; 2003. 400б.

2. Набидоллина Ш.С. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. «Фолиант» баспасы. 2007.

3. С. Ордабеков, Б.Абдранов «Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы». Тараз 2009.

4. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, 1993.

5.М.Дайырбекова «Адам анатомиясы». Алматы 2002

6. М.Т. Матишонок. Г.Г. Турик «Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы». А, 1986.

Қосымша әдебиеттер:

1.Дүйсембин Қ. Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы. Алматы, 2001.

2.Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Оқу құралы. Алматы: Республикалық баспа кабинеті. 1996. 125б.

3.Мектеп гигиенасы. Оқу құралы. /С.Е.Советов т.б./ Алматы: «Мектеп». 1973. 260б.

4.Нұрғалиев Ж.Н., Нұрғалиева Қ.Ж. Қалыпты физиология бойынша практикум: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2004. 125б.

5.Нұрғалиев Ж.Н., Төлеуханов С.Т. Эндокриндік жүйелер физиологиясы. Алматы, 2000.

6.Обреймова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и подростков. М.: Академия. 2000. 376с.

7. Безруких М.М. и др. Возрастная физиология: (Физиолгия развития ребенка): Учеб. особие для студ.высш.пед.учеб.заведений. М.: «Академия», 2003. 416 с.

8.Рақышев А.Р. Адам анатомиясы. Оқулық. 1,2 томдар. Алматы, 2004. 420б.

9.Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы. Алматы, 2000.

10.Сәтпаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов Ә.А. Адам физиологиясы. Алматы, «Ана тілі». 1992.

11.Смирнов В.М. Нейрофизиология и ВНД детей и подростков. М.: Академия. 2000. 400с.

12.Хрипкова А.Г. и др. Возрастная физиология и школьная гигиена: Пособие для студентов пед. ин-тов. М.: Просвещение, 1990. 319с.