
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың барысы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •Жұмыстың барысы:
- •1. Мидың құрылысын, оның қызметін зерттеп төменгі кестені толтырыңыз:
- •2. Жұлынның ұзындығы және оның салмағы адамның жасы мен жынысына байланысты
- •Бақылау сұрақтары
- •Тапсырмалар:
- •Тапсырмалар:
- •Табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Жұмыстың барысы
- •2. Көз торындағы соқыр таңбаны көру.
- •Тапсырмалар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •Жұмыс барысы:
- •Қорытынды:
- •Тапсырмалар:
- •Партаның негізгі бөліктері.
- •Жұмыстың барысы.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Тапсырмалар:
- •Жұмыстың барысы:
- •Тапсырмалар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •Жұмыстың барысы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •Жұмыстың барысы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тапсырма
- •Жұмыстың барысы:
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты |
Ф 02/119 |
|
Пракпикалық практикумы «Биология және БОӘ» кафедрасы |
СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07 - 2011 Баспа 1.Дана №1 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
пәнінен практикалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
Тараз 2014 ж
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен практикалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары.- Тараз: Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты - 2014ж .
Құрастырған: Сұлтанаев Е
Әдістемелік нұсқау «Жас өспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсының бағдарламасына сәйкес, жоғары оқу орнындарының ,биология мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінде оқитын білімгерлерге арналады. Практикалық жұмыстарда балалардың өсуі мен мүшелерінің қалыптасуы заңдылықтары және бала организмінің қызметін реттеуші физиологиялық тетіктері, баланың жас ерекшеліктеріне сай мектеп гигиенасының талаптары баяндалады.
№ 1 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері
Мақсаты: 1. Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдерін анықтау
Құралдар: Анықтамалықтар, атластар, медициналық таразы, бой өлшегіш, динамометр (қол және бұлшықеттерінің күшін өлшейтін), сантиметрлік таспа, сызғыш.
Жас аралық кезеңдер. Жас аралық классификация. Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру балаларды жасына қарай топтарға (сыныптарға) бөлуге негізделген. Сондықтан адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажет.
Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.
1965 ж. Мәскеуде бүкілдүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның өмірін 12 кезеңге бөлу қаулысы қабылданған.
Жұмыстың барысы:
Адамның өсіп-даму кезеңдері мен жас ерекшеліктері
Рет саны |
Өсіп-даму кезеңдері |
Жас кезеңдері |
1 |
Жаңа туған нәресте |
1 -10 күн |
2 |
Емшектегі сәби |
10 күн – 1 жас |
3 |
Алғашқы (ерте) балалық шақ |
1 – 3 жас |
4 |
Бірінші балалық шақ |
4 – 7 жас |
5 |
Екінші балалық шақ |
қыздар 8 – 11 жас; ұлдар 8 – 12 жас |
6 |
Жеткіншек немесе жасөспірімдік кезең |
қыздар 12 – 15 жас; ұлдар 13 – 16 жас |
7 |
Кәмелеттік кезең |
бойжеткендер 16 – 20 жас; боз балалар/жігіттік 17 – 21 жас |
8 |
Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің бірінші жартысы |
әйелдер 21 – 35 жас; ерлер 22 – 35 жас |
9 |
Ересектік мерзімнің екінші жартысы |
әйелдер 36 – 55жас; ерлер 36 – 60 жас |
10 |
Егде (орта) жас кезеңі |
әйелдер 55 – 74 жас; ерлер 60 – 74 жас |
11 |
Қариялар немесе кәрілік кезеңі |
74 – 90 жас |
12 |
Ұзақ жасаушылар |
90 жастан асқандар |
Баланың танымдық процесіне сай жас кезеңдері бес топқа бөлінеді.
Рет саны |
Өсіп-даму кезеңдері |
Жас кезеңдері |
1 |
Жаңа туған сәби |
1 ай |
2 |
Емшектегі сәби |
1 ай – 1 жас |
3 |
Ясли жасы немесе балбөбектер тобы |
1 – 4 жас |
4 |
Мектепке дейінгілер тобы |
5 – 7 жас |
5 |
Мектеп жасындағылар |
7 – 18 жас |
А) бастауыш сыныптағы оқушылар |
7 – 11 жас |
|
Б) ортаңғы сыныптағы оқушылар |
11 – 14 жас |
|
В) жоғарғы сыныптағы оқушылар |
14 – 18 жас |
Бақылау сұрақтары:
1.Адамның өсіп-даму кезеңдері мен жас ерекшеліктері туралы түсінік
2.Баланың танымдық процесіне сай жас кезеңдерінің бөлінуі
№ 2 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары.
Мақсаты: 1. Антропометриялық көрсеткіштерді анықтау әдісін меңгеру.
2. Оқушының физикалық дамуына баға беруді үйрену.
Құралдар: медициналық таразы, бой өлшегіш, динамометр (қол және бұлшықеттерінің күшін өлшейтін), сантиметрлік таспа, сызғыш.
Физикалық даму - әрбір жас кезеңдегі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерді көрсететін биологиялық процесс. Бала организмінде үнемі морфологиялық және функционалдық терең өзгерістер жүріп отырады және мүшелер мен жүйелердің өсу және жетілу қарқыны бірдей болмайды.
Өсілу және жетілу процестерінің бір қалыпты жүрмеу және функционалдық дамудың толық аяқталмауы организмнің сыртқы орта өзгерістеріне қорғанышын төмендетеді. Әсіресе бала тәрбиесінің гигиеналық талаптарға сәйкес келмеуі әр түрлі аурулар және жағымсыз өзгерістер туғызуы мүмкін. Балалар организмінің дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ету, денсаулығын сақтап нығайту – оқу және тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюдың негізгі кепілі.