
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •Тараз 2014
- •Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
- •Жүйке жүйесінің физиологиясы.
- •Вегетативті жүйке жүйесінің ағза мүшелеріне әсері
- •Рефлекс, рефлекторлық доға.
- •Жоғары дәрежелі нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері
- •Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
- •Жасөспірімдер эндокринологиясы
- •Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.
- •Тірек-қимыл жүйесінің жас ерекшеліктері.
- •Ас қорыту органдары, оның жас ерекшеліктері
- •Зат пен энергияның алмасулары.
- •Тамақтық заттар, олардың құрамы мен энергиялық бағалылығы
- •Қанның жас ерекшеліктері.
- •Қан қысымының жас аралық көрсеткіштері (сын.Бағ. Мм)
- •Қан және лимфа тамырлары
- •Тыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері.
- •Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері.
- •Мектеп гигиенасы
Жасөспірімдер эндокринологиясы
1. Ішкі секреция бездері: гипофиз, қалқанша без, қалқансерік без, тимус, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс безі.
Эндокриндік жүйе (ішкі секреция бездері арқылы) жүйке жүйесімен бірге адам ағзасының қызметін реттеуге қатысады. Ішкі секреция бездеріне өнімдері тікелей қанға құйылатын гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік, тимус (айыр), ұйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері жатады. Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормон (іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге адам ағзасының физиологиялық процестерін реттеп отырады. Гормондар өте белсенді, алыстан өте аз мөлшерде де әсер ете алатын химиялық заттар. Олардың әсері арнайы бағытталады және оның қызметін басқа гормон немесе зат орындай алмайды. Гипофиз аденогипофиз (алдыңғы, артқы) және нейрогипофиз (артқы) бөліктерден тұрады. Аденогипофизде троптық 22 гормон түзіледі: соматотропин (ағзаның өсун, ақуыз, көмірсу, май алмасуын реттейді), тиреотропин (қалқанша және қалқанша серік бездерінің қызметін реттейді), адренокортикотропин (бүйрекүсті безінің қызметін реттейді), гонадотропиндер (жыныстық дамуға қатысады). Гормондардың керекті мөлшерінен ауытқуы тнрлі аурулар туғызады. Мысалы, соматотропиннің гиперсекрециясы алыптық, ал гипосекрециясы ергежейлік дамиды. Нейрогипофизде вазопрессин (зәр түзілу процесіне қатысады), окситоцин (нәрестенің туылу процесіне қатысады) гормондры бөлінеді. Эпифизде меланин (теріні түссіздендіру), гломерулокортикотропин (бүйрекүсті безінің қызметін тежейді), контргипоталамус-гипофизарлық (гипофиздің гонадотропин гормонының түзілуін тежейді) гормондар түзіледі. Қалқанша безінде тироксин (жүйке жүйесінің қалпын сақтауға, судың алмасуына қатысады), трийодтиронин (ұрықтың жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді), кальцитонин (қан құрамындағы кальций мөлшерін реттейді) гормондары бөлінеді. Қалқансерік безінде кальций мен фосфор мөлшерін реттеуге қатысатын паратгормоны бөлінеді. Бүйрекүсті безінің қыртыс қабатында 10 астам кортикостероиды гормондар түзіледі. Қызметіне қарай кортикостероидтар глюкортикоидтар, минералкортикоидтар, адренокортикоидтар болып бөлінеді. Глюкокортикоидтар (кортизол, кортизон, котикостерон) ақуыз, көмірсу, май алмасуға өте белсенді қатысады. Минералкортикоидтарға су мен тұздардың алмасуына қатысатын альдостерон, дезоксикортикостерон гормондары жатады. Адренокортикоидтарға балалық және қартайған шақта жыныс безінің қызметін атқаратын андросерон, эстрол, прогестерон гормондары жатады. Бүйрекүстібезінің милы қабатында жүрек, қан тамыр, бұлшықет жүйелеріне әсері зор адреналин, норадреналин гормондары түзіледі. Ұйқы безінде ағза ншін маңызы зор инсулин, глюкагон гормондары түзіледі. Олар судың, қанттың мөлшерін реттеп, гликогеннің синтезіне қатысады. Жыныс бездерінде тестостерон (аталық безде), эстрогендер мен прогестерон (аналық безде) түзіледі. Бұл гормондар ағзаның жыныстық даму кезңінен бастап бөлініп, жыныстық даму процесін реттейді.
№ 6 Лекция
Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.
1. Тірек-қимыл аппараты.
2. Адам қаңқасы, даму ерекшеліктері.
Тірек-қимыл аппаратына сүйектер мен сүйекаралық байланыстар және бұлшықеттер жатады. Сүйектер адамда да, жануарларда да денеге белгілі пішін берумен бірге, тірек-қимыл және қорғаныш қызметгерін атқарады. Мәселен, қол-аяқ сүйектері, омыртқа жотасы тірек және қимыл қызметтерін атқарса, бас сүйектері мен көкірек клеткасы өкпені т.б. ағзаларды қоршап, қорғап тұрады.
Адам қаңқасы дене мүшелеріне сәйкес топтасып, түлға, қол-аяқ және бас сүйектеріне бөлінеді. Түлға сүйектері омыртқа жотасы мен көкірек клеткасынан құралады.
Омыртқа жотасы (columna vertebralis) 33-34 омыртқадан түзілген адам қаңқасының негізгі тірегі, оның 24-і жеке, ал қалғаны біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады. Жеке жатқан омыртқалар өзара омыртқаа-ралық шеміршектер, буындар және сіңір байламдары арқ-ылы жалғасқан. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де болады. Жалған омыртқаларға өзара бірігіп кеткен сегізкөз және құйымшақ сүйектері жатады. Омыртқа жотасы орналасу жағдайына қарай бес бөлікке бөлінеді: мойын бөлігі – 7, арқа бөлігі- 12, бел бөлігі – 5, сегізкөз – 5, құймышақ бөлігі – 4-5 омыртқадан түзілген. Көкірек клеткасы алдыңғы жағынан төс сүйегіне, арт жағынан көкірек омырткаларына жалғасады. Бұл 12 жұп қабырғадан түзілген. Көкірек клеткасының жоғарғы жиегін I көкірек омыртқасы, I қабырға, төс тұтқасы қоршап жатады. Бұл жиектің алдыңғы жағы артқы жағына қарағанда төмендеу келеді. Көкірек қуысының жиегін XI көкірек омыртқасы, төменгі қабырғалар, шеміршек бөліктері және төстің семсер өсіндісі жиектеп жатады. Көкірек клеткасының пішіні әр түрлі. Оның жыныстық және жастық ерекшеліктері де бар. Көкірек қуысында негізінен жүрек пен өкпе орналасқан. Қабырға (соstae)- иіліп келген жұқа 12 жұп сүйектен түзілген. Жеке қабырғаның орта жерін қабырға денесі дейді. Ал алдыңғы және артқы бөліктері қабырға ұшымен аяқталады. Төс сүйегі (sternum) - жалпақ келген сүйек, ол 16 жасқа дейін төс тұтқасынан (төс денесінен және семсер өсіндісінен) тұрады. Ересек адамдардың омыртқа жотасы төрт иін түзеді. Оның алға қараған екі иінін мойын және бел лордозы, ал артқа қараған екі иінін кеуде және сегізкөз кифозы деп атайды. Осы аталған иіндер өзара теңесіп, омыртқа жотасын тепе-теңдік жағдайда ұстауға көмектеседі. Бұл иіндер адамның тік жүруі нәтижесінде пайда болған. Омыртқа жотасының бір жағына қарай қисаюын сколиоз дейді. Бас сүйектерінің құрылысы алуан түрлі. Олар адам өміріне өте қажетті көптеген ағзаларды қоршап, қорғап тұрады. Ол сүйектерді атқаратын қызметіне қарай ми сауыты және бет бөлімі деп екіге бөледі. Ми сауытының ішінде жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі - ми жайғасқан. Бас сүйектерінің бет бөлімінен тыныс алу және ас қорыту жүйелері басталады. Көру, есту, иіс, дәм сезу т.б. сезім мүшелері де осында. Ми сауытының сүйектері: шүйде, төбе, маңдай, самай, сына және тор сүйектері. Бас сүйегінің бет бөлімі алуан түрлі сүйектерден түзілген. Бүған жоғарғы жақ, шықшыт, мұрын, көз, кеңсірік, төменгі жақ, таңдай және тіласты сүйектері жатады. Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі (бүғана мен жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады. Иық белдеуінің сүйектеріне бұғана мен жауырын жатады. Бұғана (clav cula) - ұзына бойы иіліп келген сүйек. Оның денесі жоне екі басы болады. Жауырын (sсариlа) - жалпақ, үш бұрышты сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның үш (жоғарғы, ішкі және сыртқы) жиегі, үш (төменгі, ішкі, сыртқы) бүрышы және екі (ішкі және сыртқы) беті болады. Ал қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне: тоқпан жілік, білек және қол басының сүйектері жатады. Тоқпан жілік (humerus) іші қуыс жілік сүйектер катарына жатады. Оның денесі - диафизі, жұмыр, жоғарғы және төменгі бастарын эпифиздері деп атайды. Білек сүйектері шынтақ сүйек пен кәрі жіліктен түзілген. Шынтақ сүйек білектің ішкі жағында, кәрі жілік сыртқы жағында орналасқан. Қол басының сүйектері (manus) — білезік, алақан және саусақ бақайшақгарынан түзілген. Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады. Жамбас белдеуі ересектерде түбі ашық астауға ұқсайды. Ол екі жамбас сүйегі мен сегізкөз және құйымшақтан түзілген.Жамбас сүйегі (оs сохае) қимылсыз байланысқан үш бөліктен түзілген. Оларға мықын, шонданай, шат сүйектері жатады. Осы үш сүйектің біріккен жеріндегі ойысты ұршық ойысы деп атайды. Оған ортан жіліктің ұршық басы енеді. Жамбас астауын кіші жамбас астауынан бөліп тұратын шекара сызығы бар. Ортан жілік (os femoris) немесе сан сүйегі адам сүйегінің ішіндегі ұзын, ең ірісі, оның денесі — диафизі және екі шеті — эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі дейді. Тізе тобығы (раtellа) сесам төрізді сүйектердің ең үлкені. Ол төрт басты Бұлшықет сіңірлерінің ішінде орналасып, тізе буынын нығайтуға қатысады. Тізе тобығы ішкі беті буын шеміршекпен қапталған, сыртқы беті ет сіңірі бекитін бұдырлы болып келеді. Сирақ сүйектері қолдьң білек бөліміне ұқсас екі сүйектен түзілген. Сирақтың ішкі жағын ала асық жілік, сырт жағында шыбық сүйегі орналасқан. Аяқ басы (оssa pedis) үш бөліктен — толарсақ, табан сүйектері және бармақ бақайшақтарынан тұрады.
№ 7 Лекция