- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •Тараз 2014
- •Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
- •Жүйке жүйесінің физиологиясы.
- •Вегетативті жүйке жүйесінің ағза мүшелеріне әсері
- •Рефлекс, рефлекторлық доға.
- •Жоғары дәрежелі нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері
- •Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
- •Жасөспірімдер эндокринологиясы
- •Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.
- •Тірек-қимыл жүйесінің жас ерекшеліктері.
- •Ас қорыту органдары, оның жас ерекшеліктері
- •Зат пен энергияның алмасулары.
- •Тамақтық заттар, олардың құрамы мен энергиялық бағалылығы
- •Қанның жас ерекшеліктері.
- •Қан қысымының жас аралық көрсеткіштері (сын.Бағ. Мм)
- •Қан және лимфа тамырлары
- •Тыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері.
- •Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері.
- •Мектеп гигиенасы
Жүйке жүйесінің физиологиясы.
1.Жүйке жүйесінің құрылысы
2.Орталық жүйке жүйесінің бөлімдеріне сипаттама
Нейрон (тарамыс, арқау) – жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық және функциялық бірлігі. Нейрон жасушасы нейрон денесі сома мен өсінділері дендрит пен аксоннан тұрады. Нейроглия нейрондарды қоршап тірек, қоректендіру, электр изоляторы қызметін атқарады. Балаларда нейрондар саны, ал қарттарда нейроглия саны көп болады.
Орталық жүйке жүйесіне жалпы шолу.
Орталық жүйке жүйесі – бас миы және жұлын (ми сауытында және омыртқа жотасында орналасқан), ал шеткі жүйке жүйесі – олардан таралған нервтер мен нерв түйіндері (дененің басқа бөлімдерінде орналасқан). Жұлын ұзындығы 45 см, диаметрі 1 см омыртқа жотасының каналында орналасқан түтікше. Көлденең кесіндісінде жұлын сыртынан ақ заттан, ішкі жағында сұр заттан құралған. Сұр зат нерв жасушаларының (нейроннның) денелерінен құралған және көлденең кесіндісінде алдыңғы және артқы қанаттарынан шыққан өсінділері бар «көбелек» пішінді болады. Алдыңғы өсінділерінен қозғалу нервтері таралып, артқы өсінділеріне сезу нейрондары келіп байланысады. Ақ зат нерв жасушасының өсінділерінен (нерв талшықтарынан) құралған. Жұлын негізгі екі қызмет атқарады – рефлекторлы және өткізгіш.
Бас миы сопақша ми, мишық, орталық ми, аралық ми, үлкен ми сыңарларынан құралған. Бас миынын 12 жұп нерв тарайды: сезу нервтері (көру, есту, дәм сезу), қозғалу (көз бұлшықетін нервтеу), аралас нервтер. Сопақша ми рефлекторлы және өткізгіш қызмет атқарады. Одан 8 жұп (5 – 12 жұп) нерв тарайды. Сопақша мида тыныс алу мен шығаруды қамтамасыз ететін тыныс алу орталығы орналасқан. Сопақша ми арқылы көзді ашып-жұму, жастың бөліну, түшкіру, жөтелу, қарын сөлінің бөліну, жүрек жұмысын реттеу рефлекстері жүреді. Сопақша бала тілінң қалыптасуына қатысады. Мишық екі жарты шар мен ортаңғы бөліктен құралып, сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Мишықтың ішіндегі ақ зат сыртынан сұр затпен қапталған. Мишықтың қызметінің бұзылуы бұлшықеті тонусының босаңсуына, шайқалмалы қозғлысқа, баспен қол-аяқтың дірілдеуіне, координацияның ас қорыту, қан айналу жүйесінің қызметінің бұзылуына, әкеліп соғады. Ортаңғы ми ағзаның тік тұру, жүру, бағыт бағдарлауына қатысады. Аралық ми таламуспен гипоталамус тан тұрады. Таламус шартты рефлекстердің, эмоцияның түзілуіне қатысады. Гипоталамус орталық жүке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ішкі секреция бездерімен байланысып, зат алмасуды, дене температурасын, ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, ішкі секреция бездері жүйелерінің жұмысын реттеп отырады. Үлкен ми сыңарлары жануарлар эолюциясында ең соңында пайда болған бөлім. Ересек адамда үлкен ми сыңарлары бас миы салмағының 80% құрайды. Үлкен ми сыңарлары 12 – 18 млрд. нейрондардан құралған (сұр зат) ми қыртысынан және ақ заттан құралған. Ақ заттың ішінде сұр зат жиынтығы – ядролар орналасқан. Негізгі үш иірім (орталық, шеткі, төбе) ми сыңарларын төртке бөледі: маңдай, төбе, шүйде, самай. Ми қыртысында әр рецепторлық аппаратқа сай анализатор ядролары (И.П.Павлов) орналасқан. Ми қыртысы рефлекторлы әрекетті реттейтін және шартты рефлекстер түзетін ең жоғарғы мүше. Ми қыртысы адамның психикалық әрекетінің (еске сақтау, ойлау, эмоция, тіл, мінез-құлықты реттеу) материалды негізі.
Ми бөлімдері және олардың қызметі
Ми бөлімдері |
Нейроглия |
Атқаратын қызметі |
Физиологиялық құбылыстарды реттеуге қатысы |
Сопқша ми, ми көпірі |
Бар |
Рефлекторлық және қозуды өткізгіштік |
Жүрек қызметі, тыныс алу, ас қорыту т.б. |
Мишық |
Жоқ |
Қимыл мен әрекетті реттеу |
Дене қалпын, жүріс-тұрысын үйлестіру, ұстау |
Ортаңғы ми |
Бар |
Бұлшық еттердің ширақтылығын сқтау, реттеу |
Көру, есту, бағдарлау рефлекстерінің доғас өтеді |
Аралық ми |
Бар |
Ден қызуы, жүрек-тамыр, зат алмасу, ас қорыту, шығару, сергектік, бейімделу, көру, еске сақтау, сезім толқыны |
Қозуды өткізу, ішкі жүйелер қызметін және күрделі рефлекстік қимылдыреттеу, гуморальдық реттеуге әсер ету |
Үлкен ми сыңарлары және олардың қыртысы |
Бар |
Психикалық әрекеттің негізі |
Тәлім-тәрбие, ойлау, сөйлеу, мінез-құлық, еске сақтау, бейімделу |
Ми сыңарларының қызметі
Сол жақ жарты шар |
Оң жақ жарты шар |
Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты байқау, көріністі белгілеу, болжау, түсіну, қабылдағанды талдау, білу, бағдарлау, оқиғалардың кезектілігін аңғару, тұжырымдау, жоспарлау, абстрактылы ойлау. |
Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, затты тұтас түрінде қабылдау, заттардың айырмашылығын білу, олардың функциялық ұқсастығын байқау, заттың алыс-жақындығын байқау, дәл осы сәттегі оқиғаны сезу т.б. |
Жұлынның құрылысы:
Сұр зат |
Жұлын сұйықтығы |
Ақ зат |
||
Сезімтал нейрондар |
Қимылдат-қыш нейрондар |
Нейронның ұзын өсінділері
|
||
Қозуды төменге өткізгіш жүйке жолдары |
Қозуды жоғары өткізгіш жүйке жолдары |
|||
Вегетатативті жүйке жүйесі ішікі мүшелердің қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі, оның талшықтары ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларын нервтентіріп, қоректендіріп тұрады. Вегетативті нерв жүйесі бір-біріне қарама-қайшы қызмет атқаратын симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелеріне бөлінеді.
