
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •Тараз 2014
- •Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
- •Жүйке жүйесінің физиологиясы.
- •Вегетативті жүйке жүйесінің ағза мүшелеріне әсері
- •Рефлекс, рефлекторлық доға.
- •Жоғары дәрежелі нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері
- •Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
- •Жасөспірімдер эндокринологиясы
- •Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.
- •Тірек-қимыл жүйесінің жас ерекшеліктері.
- •Ас қорыту органдары, оның жас ерекшеліктері
- •Зат пен энергияның алмасулары.
- •Тамақтық заттар, олардың құрамы мен энергиялық бағалылығы
- •Қанның жас ерекшеліктері.
- •Қан қысымының жас аралық көрсеткіштері (сын.Бағ. Мм)
- •Қан және лимфа тамырлары
- •Тыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері.
- •Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері.
- •Мектеп гигиенасы
Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
1.Көру анализаторларына сипаттама.
2.Есту,дәм сезу анализаторлары.
Екі сигнал жүйесі – И.П.Пвловтың тұжырымдауынша, ағзаны қоршаған ортаның құбылыстары мен заттардың әсерлерін қабылдап талдау және жинақтап тұжырымдауға қатысатын мүшелер жүйелері. Ағзаны қоршаған ортаны сезіп, бейнелеуге қатысатын мүшелер жүйесі, яғни адам мен жануарлардың миында сыртқы отаның тікелей нақтылы әсерлерін сезіп, бейнелеу – бірінші сигнал жүйесіне жатады. Оған көру, есту, иіс, дәм, қысым, ауру т.б. сезімдерді қабылдайтын мүшелер жүйелері мен олардың қызметі жатады. Бірінші сигнал жүйесі адамда және жануарларда болады. Екінші сигнал жүйесі еңбек етуі мен әлеумметтік дамуына байланысты адамда ғана болады. Бұл – естілген, айтылған, жазылған, оқылған сөздер арқылы дүние тану, сыртқы мәліметтерді қабылдап білу.
Күнделікті тіршілікте тірі ағзалар сыртқы ортадан келіп түскен ақпараттарды қабылдап талдаудан өткізеді. Орталық жүйке жүйесі ағзаның ішкі ортасының өзгерістері жөніндегі афференттік импульстарды қабылдап, оларды қайта өңдеу арқылы гомеостаздық процестерді тұрақтандырып отырады. Яғни, анализаторлар жүйесі ішкі және сыртқы орта ақпараттарын қабылдап, оларды өткізу және мидың жоғарғы бөлімінде талдау процестерін атқарады. И.П.Павловтың анықтауы бойынша анализаторлар тітіркенуді қабылдайтын шеткі рецепторлардан, тітіркенуді өткізуші бөлімнен және мида орналасқан афференттік жол аяқталатын орталықтан тұрады. Орталық бөлімге келіп түскен сигналдар толық түрде талдау мен жинақтаудан өтеді. Әр анализатор өзінің құрылысына байланысты қосымша қызмет атқаруы мүмкін.
Сезім жүйесі
Сезім түрлері |
Сезімді қабылдағыш мүше |
Сезім жүйесі |
|
Қабылдағыштар түрі |
Құрылысы |
||
Көру |
Көз |
Фотоқабылдағыштар (таяқша, құтыша) |
Торлы қабық, көру жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысының шүйдедегі аймақтары |
Есту |
Құлақ |
Механоқабылдағыштар (түкті қабылдағыштар) |
Ішкі құлақ қалташасы және доғалы өзек есту жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысы, ортаңғы ми, сопақшамидағы вестибулярлық ядролар аймағы, мишық |
Тепе-теңдік |
Ішкі құлақ |
Механоқабылдағыштар (түкті қабылдағыштар) |
Ішкі құлақ қалташасы және доғалы өзек есту жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысы, ортаңғы ми, сопақшамидағы вестибулярлық ядролар аймағы, мишық |
Сипап сезу |
Сілемей қабықтар және тері |
Хемоқабылдағыштар, бароқабылдағыштар, термоқабылдағыштар |
Хемоқабылдағыштар, бароқабылдағыштар, термоқабылдағыштар, жүйкелер, аралық ми, үлкен ми сыңарлары қыртысының иіс сезу аймақтары |
Иіс сезу |
Мұрынның сілемей қабығы |
Хемоқабылдағыштар |
Иіс сезу қабылдағыштары, иіс сезу жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысының иіс сезу аймақтары |
Дәм сезу |
Ауыз қуысының сілемей қабығы |
Хемоқабылдағыштар |
Дәм сезу қабылдағыштары, иіс сезу жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысының дәм сезу аймақтары |
Ауыр сыну |
Жүйке талшықтары |
Ноцицепторлар |
Ноцицепторлар, жүйке, үлкен ми сыңарлары қыртысының ауырсынуды сезетін аймақтары |
Аккомодация (икемделу) – көздің сәуле сындыру күшінің әртүрлі қашықтықтағы заттарды айқын көруге икемделуі.
№ 5 Лекция