
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •Тараз 2014
- •Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
- •Жүйке жүйесінің физиологиясы.
- •Вегетативті жүйке жүйесінің ағза мүшелеріне әсері
- •Рефлекс, рефлекторлық доға.
- •Жоғары дәрежелі нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері
- •Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
- •Жасөспірімдер эндокринологиясы
- •Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.
- •Тірек-қимыл жүйесінің жас ерекшеліктері.
- •Ас қорыту органдары, оның жас ерекшеліктері
- •Зат пен энергияның алмасулары.
- •Тамақтық заттар, олардың құрамы мен энергиялық бағалылығы
- •Қанның жас ерекшеліктері.
- •Қан қысымының жас аралық көрсеткіштері (сын.Бағ. Мм)
- •Қан және лимфа тамырлары
- •Тыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері.
- •Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері.
- •Мектеп гигиенасы
Вегетативті жүйке жүйесінің ағза мүшелеріне әсері
Ағза мүшесі, қызметі, физиологиялық процес |
Симпатикалық бөлімнің әсері |
Парасимпатикалық бөлімнің әсері |
Жүрек |
Соғуын тездетіп, жиырылуын күшейтеді |
Соғуын баяулатып, жиырылуын әлсіретеді |
Жүрек тамырлары |
Кеңейеді |
Тарылады |
Артериялар |
Тарылып, қан қысымы көтеріледі |
Кеңіп, қан қысымы төмендейді |
Ас қорыту жүйесі |
Перисталика мен ас қорыту мүшелерінің секрециясы баяулайды |
Перисталика мен ас қорыту мүшелерінің секрециясы жылдамдайды |
Көк бауыр |
Жиырып, одан қанды шығарады |
Әсер етпейді |
Бауыр |
Өт жолдарын босатып, сфинктерді тарылтып, өттің жиылыуына жағдай жасайды |
Өт жолдарын жиырып, сфинктерді босатып, өттің шығуына жағдай жасайды |
Бүйрек |
Тамырлары тарылып, несептің шығы азаяды |
Әсер етпейді |
Қуық |
Қуықты босатып, сфинктерді жиырады |
Қуық жиырылып, сфинктер босайды |
Тер бездері |
Секрециясы жылдамдайды |
Әсер етпейді |
Көздің нұрлы қабығының бұлшықет талшықтары |
Қарашық кеңейеді |
Қарашық таралады |
Шашты көтеретін бұлшықеттер |
Жиырылады (шаш көтеріледі) |
Босайды (шаш жатады) |
Бронхылар |
Бронхтар кеңіп, тыныс алу жеңілденеді |
Бронхылар тарылып, бронхы бездерінің секрециясы күшейеді |
Ағзаның оттегіні сіңіруі |
Көбейтеді |
Азайтады |
Қан құрамындағы қант мөлшері |
Көбейеді |
Азайады |
Рефлекс, рефлекторлық доға.
Рефлекс (кері қозғалыс) – тірі ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіруге жауап беру реакциясы. Рефлекторлық реакция туғызу барысында импульстардың (қозудың) таралатын жолын рефлекторлық доға деп атайды. Доға негізінен бес бөліктен тұрады. 1) рецептордан, 2) афференттік топтан, 3) орталық топтан, 4) эфференттік топтан, 5) жұмыс мүшесінен. Рецептор (қабылдау, алу) – тітіркенуді қабылдайтын және тітіркендіріші қуатын қозуға (нерв импульсына) айналдыратын нерв талшығының ұшы. Афферентті (әкелуші) нерв талшығы – орталыққа бағытталған, импульсты ұлпалардан орталық жүйке жүйесіне әкеледі, эферентті (шығарушы) нерв талшығы – орталықтан шетке бағытталған, импульсты орталық жүйке жүйесінен ұлпаларға өткізеді.
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлық доғаның біртұтас болуы қажет. Доғаның кез келген бөлігін бұзса немесе алып тастаса рефлекс жоғалады. Суммация - орталық жүйке жүйесінідегі қозудың уақытша және кеңістік жиынтығы. Иррадиация – орталық жүйке жүйесіндегі қозудың таралуы.
Адам ағзасының жалпы жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйелерінен құралған.
-
Жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесі
Вегетативті және соматикалық (автономиялық немесе шеткі бөлім)
Бас миы
Жұлын
Жүйкелер
Жүйке түйіндері
Сұр зат
Ақ зат
Сұр зат
Ақ зат
симпатикалық
парасимпатикалық
Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық (тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді.
№3 Лекция