Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология Лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273.41 Кб
Скачать

Қан қысымының жас аралық көрсеткіштері (сын.Бағ. Мм)

Жасы

Систоликалық қысым

Диастоликалық қысым

1-10 күндер

60 – 89

30 – 54

11 күн -6 ай

70 – 109

40 – 74

7 ай – 2 жас

70 – 129

40 – 79

13 – 14 жас

106

64

15 – 17 жас

116

67

18 – 20 жас

117

69

20 – 30 жас

120

4-72

70 жас

136

78

Қан айналу жүйесі жүрек артерия (жүректен мүшелерге және ұлпаларға оттегімен байытылған қанды таситын), вена (ұлпалар мен мүшелерден көмірқышқыл газына қаныққан қанды кері таситын) қан тамырларынан, қылтамырлардан (капиллярлардан) құралады.

12 Лекция.

Қан және лимфа тамырлары

1.Қан тамырлары

2.Жүрек пен тамыр ауруларының профилактикасы

Тамырлар жүйесіне түсінік беретін анатомия саласын ангиология деп атайды. Бұл жүйеге жүрек, қан және лимфа тамырлары, қан жасайтын ағзалар (талақ, сүйек майы, лимфа бездер) жатады.

Тамырлар жүйесінің қызметі өте күрделі. Олар барлық ағзаларды өзара байланыстырып, жүйке жүйесінің басқаруымен организмнің біртұтастығын сақтауға қатынасады. Сонымен қатар бір ағзаның ішкі секрециялық бездердің шығаратын затын (гормонын) екінші ағзаға жеткізіп, жалпы организмнің қызметіне әсер етеді. Мұны ішкі орталық (гуморальдық) байланыс дейді.

Ересектерде орта есеппен алғанда бес-алты литрдей қан болады. Қан құрамының тұрақты болуы жасушалардың тірішілік етуінде үлкен маңызы бар. Организмнің жалпы жағдайын қан құрамының өзгерісінен байқауға болады.

Тамырлар жүйесінің атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу және лимфа жүйесі деп екіге бөледі.

Тамырлар жүйесінін орталығы жүрек. Жүрек іші қуыс етті ағза. Ол қалың ет пердесі арқылы бір-бірімен қатыспайтын екі бөлікке бөлінеді. Оның әрбір бөлімі жүрекше мен қарыншадан түзілген. Екі жүрекше жиырылып, қанды қарыншаларға өткізеді, ал қарыншалар үлкен және кіші шеңбер қан айналыстарына жібереді.

Жүрек конус тәрізді етті ағза. Оның жоғарғы толық жағын жүректің негізі, ал төменгі сүйірлеу жағын жүрек ұшы деп атайды. Жүректің төмен қарап, көкет үстінде жатқан бетін көкеттік (диафрагмалық), алдыңғы жағын жүректің төс қабырғалық беті дейді. Орта есеппен жүрекке 300 см3 қан сияды. Орта салмағы 250—300 г болады. Ол жүрек қабының ішінде орналаскан. Жүректің қабырға құрылысы. Жүректің ішкі қабырғасы - эндокард, ортаңғысы — миокард, сыртқы қабырғасы — эпикард қабаттарынан түзілген.

Жүрек жұмысы үш кезеңнен өтеді. 1. Екі жүрекше жиырылады да жақгаулы қақпакшалардың ашылуына байланысты қан қарыншаларға өтеді. 2. Қарыншалар жиырылып, айшық қақпақшалардың ашылуымен қан айналу шеңберлеріне жіберіледі. 3. Жүректің (жүрекшелер кайта жиырылғанға дейінгі) біраз тыныштық күйі өтеді.

Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босауын дистола, ал аз уақыт тыныш күйін кідіріс деп атайды. Атқаратын қызметіне қарай тамырларды артериялар, веналар, қылтамырлар (капиллярлар) деп бөледі. Жүректен қанды ағзаларға алып кетіп жатқан тамырларды артериялар, ағзалардан жүрекке алып қайтып жатқан тамырларды веналар деп атайды. Артерия мен вена арасында кездесетін майда тамырларды қылтамырлар дейді. Олар ағзалар ішінде орналасады.

Лимфа жүйесіне мыналар жатады: лимфа саңылаулары, лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа бездері.

Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топтанып жатады. Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әртүрлі пішінде болады. Олардың сыртқы қабықшасы жиырылып, ішіндегі сұйықтықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықгығына араласып, оның құрамын өзгертіп отырады.

Лимфа бездері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында, мойында, өкпеде, бронхта, ішек шажырқайында кездеседі. Лимфа бездерінің шоғырланған жерін бадамшалар дейді. Олар көмей қойнауында, тіл түбірінде, жұтқыншақта топтана жатып, микробтармен күресіп, қорғаныс (фагоцитарлық) қызметін атқарады. Жас балаларда баспа, дифтерит, қызамық т.б. аурулардың шығуы осы бадамшалардың суыққа шалдығуынан болады. Лимфа сұйықтығында лейкоциттер ғана болады. Сондықтан лимфа түссіз. Лейкоциттердің саны 1 мм-де 6-8 мыңға дейін барады. Олар негізінде талақ және лимфа бездерінде пайда болады. Лимфа қанға қарағанда тамыр бойымен жәй жүреді.

13 Лекция