Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
му лаб ситд каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
654.34 Кб
Скачать

1 Сурет - Жиіліктер синтезаторының жеңілдетілген қүрылымдық сұлбасы

2 суретте құрамына тіректік кварцтық генератор ТКГ, жиіліктің басқарлатын бөлгіші ЖББ, жиіліктің фазалық автоматты баптау тізбегі бар фазалық детектор ФД және басқарлатынн генератор БГ және программалайтын цифрлық құрылғы ПЦҚ кіретін цифрлық басқаруы бар жиіліктің аналогты синтезаторының құрылымдық сұлбасы көрсетілген. Фазалық детекторға екі тербеліс жібереді: біріншісін ТКГ-дан тұрақты жиілікпен f0T1 , екіншісін БГ-дан N бөлу коэффициентімен ЖББ арқылы f / N~ f011 жиілігімен. Фазалық детектордың шығысынан төменгі жиіліктердің сүзгісі ТЖС арқылы кернеу басқарлатын генератор әсер етеді және оны f / N және f011 жиіліктердің теңсіздігін қамтамасыз етуге дейін орналастырады.

сурет жиіліктердің аналогтық синтезаторының құрылымдық сұлбасы.

ПЦҚ көмегімен N бөлу коэффициентін өзгерте отырып ion – ға тең қадаммен жиіліктердің талап етілетін торын алуға болады. Синтезатордың шығыс жиілігі тіректік кварцтық генератордың жиілігімен байланысты болған соң бұл жиіліктердің қатысты тұрақсыздықтары тең болады. Егер мұндай синтезаторда өте төменгі жиіліктерді тұрақтандыру талап етілсе, онда тіректік кварцтық генератор және фазалық детектор аралығына жиіліктің бөлігі үшін ЖБ қосымша енгізу қажет.

Жиілік синтезаторының көрсетілген қарапайым нұсқасы маңызды кемшіліктерге ие болады. Олардың біріншісі генератордың басқарушы элементтеріне және ФД-мен ТЖС тарату коэффициенттеріне тәуелді басқарылатын генератордың синхронизациясы жолақ кеңдігінің соңымен байланысқан.

Сондықтан жиіліктердің кең торын алу үшін басқарылатын генератордың өз жиілігін f өзгертуге тура келеді. Екінші кемшілігі импульс санауышының негізінде құрастырылған ЖББ-ң тар мүмкіндігімен шартталған. Жиілік бөлгішінде СН(ОС) кірісімен оның санауыш разрядтылығымен мүмкін болатын кез-келген толық санды мәндерін қабылдайтын бөлу коэффициентін өзгертуге болады.

Өлшеуіш сигналдардың цифрлық синтезаторы, микропроцессорлық техника облысының прогресі сигналдаар қалыптасуының жаңа принциптері бар өлшеуіш генераторлардың пайда болуын шартталған. Синтездің цифрлық әдістерінің ерекшелігі болып тез әсер етуші автоматизацияланған жүйелерді функциялау үшін маңызды қайта құруы кезінде тербелістердің жиілігін қондырудың аз уақыты табылады.

Қазіргі заманғы синтезаторларда жиіліктің бөлу коэффициентінің бөлшекті мәндерін қолдану талап етіледі. Жиіліктің бөлшекті түрлендіру әдісін келесі базалық сұлба бойынша іске асырылатын (3 сурет) цифрлық синтезатордың жаңа өндірістерінде қолданады. Мұндай синтезаторда жиіліктің программалы-басқарушы бөлгішінің ЖПББ бөлу коэффициентін белгілі бір ұзақтықтың уақыттық циклдарының реттілігін қалыптастыра отырып, үақыт бойынша өзгертеді.

3 Сурет – Жиіліктің цифрлық синтезаторының құрылымдық сұлбасы

Алынған циклды сол сияқты бөлу коэффициенті тұрақты, әрқайсысының ағынында бірнеше цикластыларға бөледі. Бөлу коэффициентін өзгерту цикл уақытында бөлудің орташа коэффициенті берілгеніне тең болатындай бір цикластыларының басқасына өту мезетінде жасалады. Жиіліктің цифрлық синтезатор сұлбасында цифрлы фазалық детекторды ЦФД, ЦАП және микропроцессорды МП қолданады.

Шығыс жиілікті туралауды әр циклдың соңында жасайды. ЦАП-тан түсетін жиілікті түрлендіру кернеуін, басқарылатын генераторды қолданады. Басқару сигналы (қателіктер, келіспеушіліктер) ЦФД-мен өңделеді және оның деңгейі басқарылатын генератордан және тіректі кварцтық генератордан алынатын цикл уақытында тербеліс фазаларының орташа әртүрлілігінің мәніне сәйкес келеді. Содан соң басқару сигналын ФД-дан МП-ге жібереді, ол ЦАП арқылы талап етілетін жиіліктің берілген кодасы бойынша ЖПББ сұлбасымен программалық басқаруды жүзеге асырады.