Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАТВЕД казахша лекция ГЛОССАРИЙ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
808.4 Кб
Скачать

Резеңкенің негізгі түрлері мен қолданылуы.

Қолдануына қарай резеңке жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы қолданылатын резеңке бұйымдары пластинка, табақ және рулон тектес болып жасалады. Табақ резеңкесінің машина мен агрегаттар жұмысында қозғалмайтын қосылыстарды металл жазықтарын үйкелмейтін етіп нығыздайтын бөлшектер жасайды. Жалпы қолданылатын резеңке қатарына ас (пищевая) резеңкесі де жатады.

Жалпы қолданылатын резеңкеден шиналар, белдіктер, транспортерлі таспалар, шланг т.б. жасайды. Суды, қышқыл мен сілті ерітінділерінде, ауада 50-1300 С температура аралығында жұмыс істей алады.

Арнайы резеңкелер май мен бензинге, ыстыққа төзімді, электр өткізбейтін және электр өткізгіш, газдар мен сұйықтарға төзімді болып бөлінеді. Төзімділік қасиетін арттыру мақсатымен, резеңке детальдарын жасағанда оның өзегіне сым, тор қояды. Ондай резеңке амирленген деп аталып, арнайы резеңкеге жатады, олардан автомобиль шинасы, қайыс, транспортер таспалары жасалады. Кеуекті резеңкелерден амортизаторлар, покрышкалардың қорғаушы қабаттарын, ұшақ орындықтарын т.б. жасайды. Резеңкенің қатты түрі эбониттен стержендер, құбырлар, табақтар жасалады. Электрөткізгіш резеңкеден экранды кабельдер (шахталық, жоғарғы волтті және ұзақ байланысты) әр түрлі радио және электротехникалық детальдар жасалады.

Композиттік және ұнтақты материалдар.

Металл ұнтақтарын детальдар жасаумен айналысатын технология саласын ұнтақ металлургиясы деп атайды. Металл ұнтақтарынан немесе олардың қоспаларынан дайындамаларды престеп, термиялық өңдеп пісіреді. Өндірісте түрлі темір, мыс, никель, хром, кобальт, вольфрам, молибден, титан т.б. ұнтақтары шығарылады. Металл ұнтақтарын жасау тәсілдері екі топқа бөлінеді: механикалық және физика-механикалық.

Іс жүзінде шикізатты (жаңқа, металл сынықтары т.б.) механикалық ұсақтау кеңінен таралған. Ұсақтау механикалық диірмендерде жасалады. Механикалық ұнтақтау тәсілінде шикізаттың құрамы өзгермейді.

Металл ұнтақтарын алудың физика-химиялық тәсіліне оксидтерді бұрынғы қалпына келтіру, металл ұнтақтарын тұз ерітіндісінде тұндыру, т.б. жатады. Шикізатқа химиялық және физикалық әсер етудің нәтижесінде ұнтақтың алынуы бастапқы құрамына қарағанда химиялық құрамының өзгеше болуы.

Металл ұнтақтарын престеп және пісіргенде олардың қасиеті ескеріліп және оны өңдеу тәсіліне де байланысты болады. Металл ұнтақтары оның химиялық құрамы мен физикалық және технологиялық қасиеттерімен сипатталады. Ұнтақтардың химиялық құрамы негізгі металл мен қоспалардың құрамымен анықталады. Физикалық қасиеттері ұнтақтың мөлшерін, тығыздығын, кристалдық құрылысын көрсетеді. Технологиялық қасиеттері ұнтақтың ағымдығын, престелгіштігін және пісірілгіштігін көрсетеді.

Аққыштық - ұнтақтың қалыпты толтыру қабілеті. Ұнтақ түйіршіктерінің мөлшеріне кемейіп, ылғалдығы артса аққыштық қабілеті төмендейді.

Престелгіштік - түскен күштің өсерінен престелгенде ұнтақтың тығыздалу қабілетін сипаттайды. Престелгіштік ұнтақ түйіршіктерінің созымдылық қасиетіне, мөлшері мен пішініне байланысты болады.

Пісірілгіштік деп престелген дайындамаларды термиялық өңдегенде ұнтақ түйіршіктерінің бірігіп қақтала жабысуын айтады.

Бақылау сұрақтары:

1.Пластмассаның түрлері?

2. Термореактопластар, оларды алуға болатын материалдар?

3. Резеңке қандай топтарға жіктеледі?

4. Композициялы материалардың құрамы қандай?

Қолданылған әдебиет:

1.Сыздыков О.С. Конструкциялық материалдар технологиясы, Алматы, 1993г., 244-263 бет.

2. Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение.- М.: Машиностроение, 1980.-С.484.

3. Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Металловедение и термическая обработка металлов.-М.: Металлургия, 1983.406с.