Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ практических занятий.4 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеу құрылымы

Тақырып: Жер беті және жер асты сумен қамтамасыз етуде СКА-ның шекарасын анықтаудың әдістемесі.

Курс: 4

Құрастырғандар:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

Алматы 2010 ж.

1. Тақырыбы: Жер беті және жер асты сумен қамтамасыз етуде ска-ның шекарасын анықтаудың әдістемесі.

2. Сабақтың мақсаты: Санитарлық күзету аймағы, маңызы, СКА-ның ауданын анықтаушы факторлар туралы түсінік беру. СКА шекараларын анықтауға үйрету, СКА ауданына әсер ететін факторлармен танысу.

3. Оқыту міндеттері:

- студент білуге тиіс:

  • СКА-ның мөлшерін анықтаушы факторлар;

  • Сумен қамтамасыз ететін жер беті су көздерінің СКА-ғы территориясындағы шаралар және жалпы талаптар;

  • Сумен қамтамасыз ететін жер асты су көздерінің СКА-ғы территориясындағы шаралар және жалпы талаптар;

  • СКА-ның жобасының құрамы;

  • СКА-ның жобасын сараптағандағы негізгі сұрақтар.

- студент меңгеруі тиіс:

  • Сумен қамтамасыз ететін жер беті су көздерінің СКА-ғы шекараларын анықтау;

  • Сумен қамтамасыз ететін жер асты су көздерінің СКА-ғы шекараларын анықтау;

  • СКА-ғы жобасы бойынша қорытынды жазу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қандай нормативті құжат негізінде СКА-ғы ұйымдастырылады?

  2. Қандай су құбырларында СКА-ғы ұйымдастырылады?

  3. СКА-н ұйымдастыру мақсаты.

  4. СКА-ның құрамына неше белдеу кіреді?

  5. Су көздерінің микробты ластануының негізгі себептері және бактериалды ластанудан өзін-өзі тазартуға қажетті уақыт.

  6. Химиялық ластанудың негізгі көздері және одан жер беті және жер асты су көздерінің өзін-өзі тазартуы.

  7. Су нысандарында ластаушы заттардың таралу қашықтығы неге байланысты.

  8. Жер асты су көздерінен алатын су құбырындағы бірінші белдеу шекараларының мөлшері.

  9. Жер беті су көздерінен алатын су құбырындағы бірінші белдеу шекараларының мөлшері.

  10. СКА-н жобалау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет, оларды кім жүргізеді?

  11. Жер асты су көздерінен алатын су құбырындағы СКА-ң екінші және үшінші белдеу шекараларын анықтау.

  12. Жер беті су көздерінен алатын су құбырындағы СКА-ң екінші және үшінші белдеу шекараларын анықтау.

  13. СКА-ғы жобаның құрамы және оның келісілуі.

  14. СКА-ның жобасына сараптама жүргізгендегі принципиальды сұрақтар.

  15. СКА-ның бірінші белдеуінің территориясында қандай шаралар жүргізіледі?

  16. СКА-ның екінші және үшінші белдеуінің территориясында қандай шаралар жүргізіледі?

5. Оқыту әдістері: Дискуссия. Теориялық сұрақтарды талдау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң Алматы, Ғылым, 2004, Б. 403-445.

2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003, С. 403-445.

3. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең Алматы, 2008. – 430 с.

4. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 368-403.

Қосымша әдебиеттер:

  1. «Методические указания по гигиенической оценке объектов водоснабжения и организации деятельности санэпидслужбы в целях профилактики кишечных инфекций с водным фактором передачиң № 3.05.031-99, Алматы, 1999г., с. 16.

  2. «Гидрогеологические исследования и прогнозные расчеты для охраны подземных водң Минкин Е.Л., Москва, 2002г., с. 121.

  3. «Облегченные приемы определения границ зон санитарной охраны водозаборов подземных водң Черкинский С.Н., Минкин Е.Л., Гиг. и сан., 1989г., №12, с. 6.

  4. «Методические указания по осуществлению Государственного санитарного надзора за фторированием питьевой водың № 3.05.040-97.

  5. «Руководство по гигиене водоснабженияң Черкинский С.А., Москва, 1975г., с. 23-61.

  6. Новиков Ю.В. «Экологические проблемы безопасности питьевого водоснабженияң. /Вест. Рос. Акад. Мед. наук. 2007, №9.

  7. Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 1 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2005. – 304 с.

  8. Мазаев В.Т., Гимадеев М.М., Королев А.А., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 2 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2006. – 336 с.

  9. А.Н.Марзеев, В.М.Жаботинский «Коммунальная гигиенаң М., «Медицинаң, 1979 г.

  10. Гигиена. / Под ред. акад. РАМН П.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР Медицина, 2000.

  11. Пивоваров Ю.Л. Гигиена и основы экологии человека: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений. - М.: "Академия", 2004.

  12. Пивоваров Ю.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и экологии человека. - М.: ВУНМЦ МЗ РФ. - 1999.

  13. «Современные проблемы водоснабжения и санитарной охраны водоемовң Новиков ю.В., Плитман С.И. /Гигиена и санитария. 2003, №2.

7. Бақылау: ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет).

Қосымша

Студенттер «Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздері мен су құбырының санитарлық қорғау аумағын күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарң туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар құжатын, Астана-2005, меңгеру барысында шекарасын анықтау және осы белдеу шекарасындағы тәртіпке көңіл бөлулері қажет. СКЗ-ның бірінші белдеуі су алу орнын және су құбыры қондырғыларын кездейсоқ немесе әдейі ластаудан қорғау мақсатында ұйымдастырылады. Барлық су көздерінде СКЗ-ның екінші және үшінші белдеулері есептеу әдісімен анықталады. Олар ГОСТ 2761-84 құжатына сәйкес сумен қамтамасыз ету көздерін ластанудан қорғауға арналған.. СКЗ-сы белдеулерінің шекараларын есептеу санитарлық, гидрологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ жер беті және жер асты сумен қамтамасыз ету көздерінде микробтық және химиялық ластанудың судағы тұрақтылық деңгейлерін ескере отырып жүргізіледі. Жер беті су көзімен қамтамасыз ететін су құбырында СКЗ-ның екінші және үшінші белдеу шекаралары, СКЗ-сы шекарасынан су алу орнына дейін микробтан өзін-өзі тазарту мақсатында, ағыстан жоғары жағында су шығыны 95% -*ды қамтамасыз етуде судың ағу уақыты 1 – 2 климаттық белдеу үшін – кемінде 5 тәулік, ал 3-4 климаттық белдеу үшін – 3 тәулік болуы қажет. Ағыстан төменгі шекарасы су алу орнынан 250 м қашықтықта бекітіледі. СКЗ-ның екінші және үшінші белдеулерінің бүйір шекаралары жердің рельефіне байланысты. Жер асты су көздерінен алынатын су құбырларында СКЗ-ның екінші және үшінші белдеу шекараларының мөлшері «Рекомендации по гидрологическим расчетам для определения второго и третьего поясов ЗСО подземных источников хозяйственно-питьевого водоснабженияң құжатына сәйкес есептеу әдісімен анықталады.

Жобалау практикасында жер асыты су көздерінен алынатын су құбырында СКЗ-ның екінші және үшінші белдеу шекарасын анықтау үшін жеңілдетілген есептеу әдісі қолданылады. Ол үшін әрбір су алу ауданындағы жер асты суларының қозғалуын сипаттайтын жергілікті жерге тән гидрологиялық және гидродинамикалық параметрлерді білу қажет; Q – дебит в м3/тәулік; h – сулы горизонттың қуаттылығы, м; і – табиғи ағынның еңістігі; К – сүзілу коэффициенті, м/тәулік; q – табиғи ағынның бір реттік шығыны, м2/тәулік; М - активті кеуектілігі (кеуектер көлемінің сулы жыныстық көлеміне қатынасы); Т – жер асты горизонт суының бактерияларды ластанудан өзін-өзі тазартуына қажетті уақыт.

Бұл параметрлер бойынша ерекшеленеді және көптеген комбинацияда кездеседі. Сондықтан СКЗ-ның екінші белдеуінің шекараларын анықтауға арналған кестелердегі біріктірілген көрсеткіштерді пайдаланған жөн. Біріктірілген көрсеткіштер төмендегідей:

- сулы горизонттың бірлік қуаттылығынан су алу мөлшері;;

, g = Khі, сондықтан - бір реттік табиғи ағынның су алу дебитіне қатынасы М борпылдақ жыныстар үшін 0,15 тен 0,3-ке дейін және тасты жыныстар үшін – 0,015 тен 0,05-ке дейін; К – сүзілу коэффициенті, кесте бойынша анықталады (3 қосымшаны қараңыз); і – жер асты суларының табиғи ағынының еңістігі 0,001 ден 0,005-ке дейін. Ол қандай шекараның анықталатына байланысты әртүрлі болып келеді: а)жер асты суларының қозғалысының жоғары шекарасын анықтаған кезде кездесетін мөлшерлердің ең жоғарғысы алынады ; б) төменгі шекарасын анықтаған кезде, керісінше, «бассейнң жағдайы үшін максималды қор алынады і = Q және h болғанда 0,00. Q мен h жобадан алынады.

Сулы горизонта ластаушылардың таралуы гидрологиялық және гидродинамикалық ерекшеліктерге байланысты болғандықтан, жер асты су көздерінің СКЗ-ның екінші белдеуінің шекарасын анықтау үшін екі негізгі жағдайларға сәйкес бөлек-бөлек әдістер қолданылады: а) жер беті су көзімен гидравликалық байланысы жоқ сулы горизонттан су алатын орын үшін; б) жер беті су көзімен гидравикалық байланысы болуы мүмкін, сулы горизонттан су алатын орын үшін.

Жер асты су кқзінің СКЗ-ның екінші белдеуін анықтаған кезде жер асты ағыны бойынша оның жоғарғы (R) және төменгі (r), сондай-ақ су алу орнын екі жаққа да бүйір шекаралары анықталады (d). Егер Т = 100 тәулікке тең болса, кестелік әдісті пайдалануға болады.

1 мысал. Жер беті су көзімен гидравикалық байланысы жоқ сулы горизонттан су алу орны үшін. Гидрогеологиялық параметрлердің (олар болмаған жағдайда – қабылданған белгілі қор бойынша) шынайы мәндері бойынша алдын-ала біріктірілген А және В параметрлері есептелінеді. Содан соң А, В және М мәндері берілген кесте бойынша, R, r және d мәндерін табады.

Есептеуі: келесі жағдайларда артезиандық скважинаның СКЗ-сын анықтау керек: су алу орны - 280 м3/тәулік, сулы горизонттың қуаттылығы – 20 м, уағынның еңістігі – 0,005, борпылдақ жыныс (құмдақты), К = 0,1. өзенмен гидравликалық байланысы жоқ.

Шешуі: М= 0,15.

Берілген параметрлер 1 қосымшаның бірінші қатарына сәйкес келеді, ондағы R = 60 м, r = 60 м және d = 60 м.

2 мысал. Жер беті су көзімен тығыз гидравикалық байланысы бар сулы горизонттан су алатын орын үшін есептеу әдісін, егер суа қолайлы санитарлық жағдайда болса және бактериалық құрамы бойынша толығымен ГОСТа 2761-84 талаптарына жауап берсе ғана пайдалануға болады. 1-ші мысалдағыдай біріктілген А және В параметрлері алдын-ала есептелінеді. Содан соң осы параметрлерге сәйкес 2-ші қосымшадан R, r және d мәндерін табады.

Есептеуі: Колхозды сумен қамтамасыз ету үшін алқапта орналасқан скважинаны пайдалану жобаланып отыр. Пайдалануға берілетін сулы горизонт 10 м орташа түйіршікті құммен жабылған. Скважинаның жоба бойынша дебиті Q = 600 м3/тәулі. Скважинаны өзеннен қандай қашықтықта орналастыру керектігін және СКЗ-ның басқа да шекараларын есептеу қажет.

М = 0,15; К = 10; і = 0,000.

шешуі:

осы параметрлерге 2 қосымшадағы r = 150 м (өзенге дейінгі ара-қашықтық), R = 100 м және d = 100м мәндері сәйкес келеді.

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы