Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ практических занятий.4 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеу құрылымы

Тақырып: Атмосфера ауасының ластануына бақылауды ұйымдастыру әдістемесі: стационарлық, маршрутты және жылжымалы посттар.

Курс: 4

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

Алматы 2010 ж.

1. Тақырыбы: Атмосфера ауасының ластануына бақылауды ұйымдастыру әдістемесі: стационарлық, маршрутты және жылжымалы посттар.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді тұрғын мекендердің атмосфералық ауасының жағдайын стационарлық бақылау орындарының мәліметтері бойынша бағалау әдістемесімен таныстыру. Белгілі тұрғын мекендер бойынша «жел раушанынң мен «ластану раушанынң құруды үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

- студент білуге тиіс:

  • Тұрғын мекен ауасының сапасына бақылауды ұйымдастару принциптерін;

  • Ластаушы заттардың атмосфералық ауаға таралуына әсер ететін факторларын;

  • Атмосфералық ауадағы химиялық заттарды нормалау кезіндегі зияндылық көрсеткіштерін.

- студент меңгеруі тиіс:

  • Белгілі тұрғын мекенге желдің басым соғатын бағытын анықтай отырып, «жел раушанынң құрастыруды;

  • Бақылау орындарының мәліметтері бойынша атмосфералық ауаның «ластану раушанынң құрастыруды;

  • Ластану көздерін анықтауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Жел раушаның және «ластану раушаның дегеніміз не? Қалай құрастырылады және не үшін қажет?

2. Атмосфералық ауаның сапасына бақылауды қандай ұйым жүргізеді?

3. Бақылау орындарының категориялары және оның тағайындалуы.

4. Зияндылық көрсеткіштеріне байланысты қолданылатын нормативтер.

5. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер.

6. Бақылау орындарының саны және оны орналастыру.

7. Бақылау орындарының бақылау бағдарламалары.

8. Ауа сынамасын алу ережесі.

9. орташа тәуліктік және максималдік бір реттік ШРЕК туралы түсінік.

10. Стационарлық бақылау орындарының түрлері.

11. Алау астылық бақылау орындары үшін сынама алу нүктелерінің анықтаудың әдістемесі.

12. Атмосфералық ауаны ластаушы өнеркәсіп орындарын санитарлық тексерудің әдістемесі.

5. Оқыту әдістері: Дискуссия. Теориялық сұрақтарды талдау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң Алматы, Ғылым, 2004, Б. 226-288.

2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003, С. 246-308.

3. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең Алматы, 2008. – 430 с.

4. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 279-315.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мазаев В.Т. и соавторы. Коммунальная гигиена., - М.2005.

  2. Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., М. 2006, - Киев, «Здоровьяң.

  3. «Руководство по гигиене атмосферного воздухаң под ред. Буштуевой К.А., Москва, 1996г.

  4. «Техника обеспечения чистоты воздухаң Кноп В., Теске А., Москва, 2000г., 200 с.

  5. «Охрана воздушного бассейна от загрязненийң Бертшнайдер Б., Курфюрст И., 1999г., с. 288.

  6. «Защита атмосферы от промышленных загрязненийң Калверт С., Инглунд Г.М., Москва, 2002г., ч. 1-2.

7. Бақылау: ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет).

Қосымша

Стационаролық бақылау орнының мәліметтерін өңдеу, тұрғын мекендерінің атмосфералық ауасының ластану деңгейін бағалауға, ластаушы көздерді анықтауға және халық денсаулық жағдайын қоршаған ортаның ластану деңгейімен салыстыруға мүмкіндік береді. ГОСТ «Правила контроля качества воздуха населенных местң құжатының негізгі мәліметтерімен танысу қажет, оған сәйкес бұрыннан болған және қайта салынып жатқан қалалық және ауылдық жерлердің селитебті территориясының ауасының сапасына бақылау жүргізіледі.Осы құжатты меңгеру үрдісіне көңіл бөлу қажет:

  • атмосфераның ластануын бақылау орындарың категорияларына және олардың тағайындалуына;

  • тұрғын мекен жоспарында бақылау орындарының орналасуына;

  • бақылау орындарының санына;

  • стационарлық орындардағы бақылау бағдарламаларына;

  • орындардағы бағаланатын заттардың тізіміне;

  • бір реттік және орташа тәуліктік концентрацияны анықтаудағы ауа сынамасын алу ережесіне;

  • ластаушы заттардың орташа айлық және орташа жылдық концентрациясын анықтауға.

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтауң

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы