Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ практических занятий.4 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Санитарлық-гигиеналық шаралардың тиімділігін бағалау әдістері

Жүргізілген сауықтыру шараларының гигиеналық және медициналық-әлеуметтік тиімділігін бағалау маңызды болып табылады. Қоршаған ортаның факторларының параметрлерінің гигиеналық тиімділігін бағалау, ұсынылған шараларды жүргізуге дейінгі және кейінгі жағдайда бұл ұсыныстарды жұмыс практикасында және басқа да ұқсас нысандарда немесе ұқсас жағдайларда қолдануға болады. Медицина-әлеуметтік тиімділік тұрғындардың өзіндік жағдайын жақсартуда, аурушылдықтың төмендеуінде, оқушылардың үлгерімінің жақсаруында, жұмыс қабілетінің жоғарылауында айқындалады. Сауықтыру шараларының тиімділігін анықтау үшін негізінен жоғарыда көрсетілген әдістердің толық кешені қолданылады. Тұрғындардың денсаулық жағдайын және қоршаған ортаның жақсаруын көрсететін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінен басқа жағдайларда, зерттеушілер еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша ақылы төлемнің төмендеу нәтижесінде, еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша экономикалық тиімділікті де анықтайды. Бірақ бұл көрсеткіштер тікелей сипат береді, ал экономикалық тиімділік адамдардың денсаулық жағдайын жақсартумен салыстыру бойынша қосымша маңызға ие.

Фотометрлік әдіс

Фотометрлік әдіс - орындалу қарапайымдылығы мен жеткілікті дәлділігімен және жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді. Ол біркелкі ортамен ауа ағынын таңдамалы сіңіруге, заттардың оптикалық тығыздығы арасындағы пропоционалды байланыстылығына, оның концентрациясына және сіңіру қабатының қалыңдылығына негізделген.

Сіңіруді зерттейтін түстермен талданатын ерітіндінің түстері арасында белгілі-бір қатынас бар (2.1 кесте)

2.1 кесте. Спектралды аймақатрда түстің сіңірілуінің ерітінді түсіне байланыстылығы

Максималды сіңірудің

спектрлік аймақтары

Жарықтық сүзгі түсі

Ерітінді түсі

400-435

Күлгін

Сары-жасыл

435-480

Көк

Сары

480-490

Жасыл-көк

Сарғыш

490-500

Көк-жасыл

Қызыл

500-560

Жасыл

Қарақошқыл

560-580

Сары-жасыл

Күлгін

580-595

Сары

Көк

595-625

Сарғыш

Жасылдау-көк

625-700

Қызыл

Көк-жасыл

Сонымен толқын ұзындығы 400-435 нм болатын спектр аймағында күлгін түске ие және сары-жасыл түске боялған ерітінді жақсы сіңіріледі.

20-30 нм кейде 50 нм болатын белгілі-бір максималды жіберу ретіндегі жарық ағыны кең аймақтарда болады. Бұндай зерттеу сипаты фотоэлектроколориметрде байқалады, онда жарық ағыны белгілі-бір интервалдағы толқын ұзындығын жарық сүзгісі көмегімен бөледі. Бұл полихроматты жарық ағыны.

Жарық ағыны белгілі-бір толқын ұзындықтағы жіңішке жарық шоғыры түрінде болуы мүмкін. Мұндай жарық ағыны монохроматты деп аталады. Монохроматты сәулелену спектрофотометрлер үшін ғана тән, онда монохроматизация кварцті дисперлеуші призма көмегімен немесе дифракционды тор көмегімен болады, оның көмегімен 0,2 нм-ға дейінгі дәлділікті толқын ұзындығы реттеледі.

Спектрфотометрлік талдауды фотоколориметрмен салыстыру бойынша бірқатар артықшылығы бар. Спектрометрді қолдану кезінде талданатын ерітіндінің оптикалық тығыздығы монохроматты сәулеленуді қолдана отырып, спектрофотометрмен өлшейді, сондықтан сезімталдығы және тура анықтауы едәуір үлғаяды. Бұдан басқа спектрофотометрлік әдісті ерітіндідегі бір затты талдау үшін, сондай-ақ бір-бірімен химиялық реттелмейтін заттардың көп компонетті жүйесін талдау үшін қолданылады. Спектрофотометрия тек көрінетін спектр аймағында жарық сіңірілетін боялған ерітінділермен ғана жұмыс істемей, сонымен қатар спектр ультракүлгін немесе инфрақызыл аймақтарында сәулелерді сіңіретін мөлдір ерітінділермен де жұмыс істейді.

Жарық сіңірудің негізгі заңы. Егер жарық ағыны жарықты сіңіретін ертіндісі бар кювета арқылы өтетін болса, онда жарық ағынынан шығатын жарық ағыны жартылай сіңірілген, жартылай шағылысқан сәулелермен байланысты. Жарық ағынының l0 интенсивтілігі l ерітінді арқылы шығатын жарық ағынының, сіңірілген lп және шағылысқан lшағ жарық ағындарының арасындағы қатынасты келесі кезекте көрсетуге болады:

l0 = l +lп + lшығ

Жарық ағынының шағылысқан бөлігі көп емес және оны сақтамауға да болады. Сонда l0 = l +lп. Жарық ағынының жіберілетін және ерітінді арқылы өткен жарық ағынының интенсивтілігін өлшеуге болады. Сіңірілген жарық ағынының интенсивтілігін өлшемеуге де болады. Оны мынадай өлшеммен көрсетуге болады: lq= l0/ l. Бұл өлшем оптикалық тығыздық деп аталады, А әрпімен белгіленеді, оптикалық тығыздық және қабат қалыңдығы мен заттардың концентрациясы арасында белгілі-бір байланыстылық бар, ол Бугер-Ламберт-Бер заңымен көрсетіледі.

А= К х с х l

Мұндағы К – жарық сіңірудің молярлы коэффициенті; с- ерітіндінің концентрациясы, моль/дм3; l – жарық ағыны өтетін ерітіндінің қабат қалыңдығы, см. Жарық сіңірудің молярлы коэффициенті К ерітіндінің толқын ұзындығына, температурасына байланысты, ал сіңіру қабатының қалыңдығына және еріген заттың концентрациясына байланысты емес. Ол заттардың жеке қасиеттерін көрсетеді, ол әртүрлі заттар үшін әртүрлі мағынаға ие. Жарық сіңірудің молярлы коэффициентінің мөлшері фотометрлік әдістің сезімталдығы бойынша маңызды және объективті сипатқа ие. Коэффициент мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын әдіс соғұрлым сезімтал болады.

Оптикалық тығыздық мөлшері толқын ұзындығына және ерітінді концентрациясына байланысты. Әртүрлі толқын ұзындықтағы жарықты сіңіру бірдей емес, ол таңдамалы сипатта болады. Әртүрлі толқын ұзындығы кезіндегі қандай да бір ерітіндінің максималды оптикалық тығыздығын өлшеп, оны график түрінде көрсететін болсақ, онда сол заттың сіңіру спектрін алуға болады: белгілі-бір толқын ұзындығы кезінде, толқын ұзындығының белгілі-бір бөлігіндегі, толқын ұзындығының екі мәні кезінде. Сіңіру спектрі сол заттың жеке сипаттамасы болып табылады, оны заттардың идинтифициясы үшін қолданады. Егер де әртүрлі концентрациясы бар зерттелетін заттың ерітінділер сіңірілу спектрлерін алатын болсақ, онда әдемі спектрлер бір түрлі және сол сияқты формада болады, сіңіру максималдық жағдайы бір және сол толқын ұзындықтағы барлық спектрлерде сақталады.

Жоғарыда айтылғандай оптикалық тығыздық мөлшері ерітіндінің концентрациясына байланысты. Ерітіндінің концентрациясы неғұрлым жоғары болса, оптикалық тығыздықтың мөлшері де соғұрлым жоғары болады.

Калибрлік грфикті құру. Алдын-ала міндетті түрде ыдыстарды дайындау қажет: өлшегіш колба, пробирка, пипетка, реактивтер мен ерітінділер.

Калибрлік графикті құру үшін әдістемеге сәйкес зерттелетін заттың өлшенетін концентрацияның диапазонын қамтитын стандартты ерітінділердің сериясын дайындайды.

Калибрлік графикті 5-6 серия шкаласымен құрастырады; концентрация мөлшері әрбір шкалада 5-тен кем болмауы қажет. Оптикалық тығыздықтың ерекше байқалатын мәні ескерілмейді. Басқаларынан әрбір концентарция үшін арифметикалық орта мәнді есептеп, оптикалық тығыздықтың заттардың концентрациясына байланыстылық графигін құрады (2 қосымшадағы сурет).

Графиктің шамаланған мөлшері 20-25Х30 см; тік жолағы 450 бұрышпен өтуі қажет. Жақсы жағдайда барлық нүктелер тік орналасады, негізінен нүктелердің бір бөлігі тік, бір бөлігі жоғары немесе төмен алмасып отырады.

Графикте фотометрлеу жағдайы көрсетілуі қажет: жарық сүзгісінің немесе толқын ұзындығының нөмірі (нм); кюветаның өлшемі (мм), фотометрлеудің уақыты. Сонымен қатар калибрлік графикті құрудың күні көрсетілуі қажет. Калибрлік график міндетті түрде мезгілдік 2-3 концентрация бойынша тексеріледі. Едәуір таралған аспаптарға фотоэлектроколориметр ФЭК-56М, бір сәулелік фотоэлектрлік колориметр КФО, микропроцессорлық жүйе “электроника” және спектрофотометр СФ-46 (кесте) аспабы бар. Фотоэлектрлік концентрациялық колориметр КФК-2,КФК-2МП.

Кесте Фотометрлік аспаптың техникалық мәліметтері

Аспап маркасы

Спектрлік диапазоны,

нм

Түсті сүзгілер саны

ФЭК-56М

315-630

8

КФО

400-700

5

КФК-2(КФК-2МП)

315-980

11

СФ-46

190-1100

-

Фотоэлектроколориметр және спектрофотометрмен жұмыс істеу кезінде өлшеу нәтижелерінің сенімділігі аспаптардың дұрыс жұмыс істеуі және дұрыс құрылымында маңызды болып табылады. Сондықтан өлшеуге кіріспес бұрын аспаптың құрылымы және оның жұмыс істеу ережелері туралы жазылған нұсқаумен ықтиятты танысу қажет.

КФК-2 фотоэлектрлік концентрациялық колориметрдің жұмыс істеу әдістемесі

Жұмысқа дайындау. Аспапты тоқ торабына өлшеуді бастамастан 15 минут бұрын қосады. Қыздыру уақытында кюветтік бөлім ашық болуы қажет (бұл кезде фотоқабылдағыштың алдындағы перде жарық шоғырымен жабылады). Содан кейін қажетті түсті жарық сүзгіні қосады және «сезімталдықң тұтқасын «1ң жағдайына қояды (аспаптың алдыңғы бөлігінде қара түсті сандармен белгіленген 315, 364, 400, 440, 490, 540 мм болатын жарық сүзгісімен өлшеу кезінде, сондай-ақ алдыңғы бөлігінде қара түсті сандармен белгіленген «1ң, «2ң, «3ң жағдайына қояды, ал алдыңғы бетінде қызыл түсті санмен белгіленген 590, 670, 750, 870, 980 нм жарық сүзгілерімен өлшеу кезінде, алдыңғы бетінде қызыл түсті сандармен белгіленген «1ң, «2ң, «3ң жағдайының біреуіне қояды). «Қатаң 100-ге қоюң тұтқасын шеткі сол жақ жағдайға қояды.

Фотоқабылдағыштармен өлшеу алдында және қосу кезінде міндетті түрде, ашық кювет бөлімі кезінде жіберу «Тң коэффициентінің шкаласы бойынша аспаптың «0ң бағыт құрылымын тексеру керек. Бағыттық белгі нөл жағдайынан ауысып кеткенде, оны шлицтің астында болатын потенциометр «0ң көмегімен нөл жағдайына келтіреді.

Оптикалық тығыздықты анықтау. Кювет бөліміне зерттелетін ерітінді және еріткіші бар (немесе бақылау ерітіндісі) кюветті бекітеді. Алдымен жарық шоғырын ерітіндісі (немесе бақылау еріткіші) бар кювета арқылы өткізеді. Кювет бөлімінің қақпағын жабады. «Сезімталдықң және «қатаң 100-ге қоюң және «дәлділікң тұтқаларымен аспап шкаласы бойынша 100 көрсеткішіне келтіріледі. Содан кейін тұтқаны айналдыра отырып ерітіндісі бар (немесе бақылау ерітіндісі) кюветаны зерттелетін ерітіндісі бар кюветамен алмастырады. Оптикалық тығыздық бірлігінде аспап шкаласы бойынша көрсеткіштерді өшіреді. Өлшеу 3-5 рет жүргізіледі және оптикалық тығыздықтың ақырғы мәні орташа арифметика бойынша анықталады.

СФ-46 спектрофотометрдің жұмыс істеу әдістемесі

Жұмысқа дайындау. Аспапты өлшеуді бастамастан 30 мин бұрын «торапң және «пускң белгісін баса отырып, тоқ торабына қосады. Таңдап алынған спектрлік өлшеу диапазонына сәйкес фотоэлемент және сәулелену көзі бойынша қажет етілген толқын ұзындығын бекітеді. Әрбір жаңа өлшеудің алдында фотоэлеметтің шағылысуын болдырмас үшін саңылаудың енін 0,15 нм шамасына қояды.

Оптикалық тығыздықты анықтау. Жарық ағынының пердесін қосатын тұтқа жабық болу қажет. Кювет бөліміне кюветті кюветпен ұстағышын бекітеді, ол келесідей: біріншісі – еріткішпен немесе бақылау, екіншісі, үшіншісі, төртіншісі - зерттеу ерітіндісімен фотометрлік тақтайшадағы «Ш (0)ңклавишін басады және 0,05-0,1 диапазонындағы сандық мәнін «0ң тұтқасына қояды. Жарық ағынының пердесін ашады және 0,5-5 деңгейінде болатын еріткіші немесе бақылау ерітіндісі бар кюветті бекітеді. 0,5 мөлшерінен төмен көрсеткіштер кезінде саңылау енін ұлғайту қажет, 5,0 көрсеткішінен жоғары кезінде саңылау енін азайтады. «Д(5)ң клавишін басады, сол кезде фотометрлік тақтайшада 0,000Ғ0,001 көрсеткіші көрінуі қажет. Зерттелетін ерітіндінің жарық ағыны жолында каретканы тұтқамен алмастырып, кезекпен қояды. «Д(5)ң клавишін басады және ол кезде алдыңғы көрсеткіштен 0,1 шамасынан жоғары болған жағдайда фотометрлік тақтайшаның көрсеткіштерін алып тастайды.

Нефелометрия

Нефелометрия сандық талдау әдісіне жатады, колориметрлік әдіске өте ұқсас.

Нефелометрлік әдіс кезінде ерітіндіге индикатор реактивін қосу кезінде сұйықтықтың лайланғаны көрінеді.

Алынған ерітіндінің концентрациясын стандартты ерітіндімен салыстыру жолымен анықтайды.

Ерітіндінің лайлығы өлшенді заттың концентрациясына тура пропорционал. Зерттелетін ерітіндінің лайлылық деңгейін стандарт ерітіндісінің лайлылық деңгейімен салыстыру кезінде, лайлылықты шақыратын заттың концентрациясын анықтауға болады. Нефелометрлеу бірқатар приборкалардың көмегімен жүреді, яғни колориметрлеу кезіндегідей, түссіз шыныдан жасалуы қажет және диаметрі бірдей болуы керек. Пробиркадан әртүрлі мөлшердегі стандарт ерітіндісінің тұнба шақыратын затты қосу арқылы лайлылық шкаласын құрастырады. Пробирка ішіндегі лайлылық деңгейін зерттелінетін ерітінді лайлылығы бар шкаламен салыстырады және лайлылығы бойынша бірдей зерттелетін ерітіндісі бар стандарт пробиркасын таңдап алады.

Сонымен зерттелетін ерітіндінің концентрациясы лайлылық шкаласы бойынша анықталады.

Нефеломерлеу нысанына қорғасынды сандық анықтау, ауыр металдардың тұздарын анықтауды жатқызуға болады.

Нефелометрлеуді арнайы аспап – нефелометрмен жүргізуге болады. Мөлдірлендіру қабілеттілігі цилиндрдің тік өсіне перпиндикульярлы жарық өтетіндей етіп жасалынған. Сонымен бақылаушының көзіне ерітінді лайлылығын түзетін шамалы бөлігінен шағылысқан жарық көрінеді.

Полярографиялық әдіс

Полярографиялық талдау әдісі электрохимиялық әдістердің біріне жатады. Ол полярограмма деп аталатын вольт амперлік қисықты шешіп талдауға негізделген, яғни ол арнайы электр полярографиялық ұяшықта зерттелетін ерітіндіні электролиздеу кезінде алынады. Бұл ұяшықта жұмысшы деп аталатын бір электрод ретінде сынап қолданылады, яғни ол шіңішке капилляр-катодтан тамшылау мерзімі 2-7 с және диаметрі 1 мм болатын шамамен ағып тұрады. Екінші электрод-анод салыстыру электроды болып табылады. Ол түтіктің түбінде беті үлкен сынап қабатынан тұрады.

Сыртқы ток көзінен электродтарға үнемі ұлғайған қуат беріліп тұрады. Тотығу немесе тотықсыздану қабілеті бар зерттелетін заттар ерітіндісі болған кезде, жартылай толқын потенциалы деп аталатын берілген қуаттың белгілі-бір мөлшеріне жеткеннен кейін барып тоқ күші ұлғаяды. Берілген қуаттан тоқ күшінің байланыстылығы полярографиялық толқынмен көрінеді және полярографтың өзіндік жазылуында тіркеледі. Заттарды сандық анықтау үшін полярографиялық толқынның биіктігі және ерітіндідегі заттардың концентрациясы көрінетін шекті тоқтың күші арасында тік пропорционалдық байланыс қолданылады. Қатаң заңдылықты алу үшін талданатын ерітіндіге бөтен электролит-фон қалдығы енгізіледі. Фон ретінде литий және басқа да араластырылған тұздар, қышқылдар, сілтілер қолданылады. Талданатын ерітіндіде оттегінің болуы талдауды жүргізуге кедергі жасайды, сондықтан оны инертті газ ерітіндісін жіберу арқылы жояды.

Полярография үшін әртүрлі маркадағы полярограф қолданылады. Полярографиялау үшін металдардың барлық катиондары, көптеген аниондар, электрохимиялық тотығу немесе тотықсыздану қабілетті органикалық және органикалық емес заттар беріледі. Әдістің жоғары сезімталдылығы оның жеткілікті тура дәлдігіне байланысты. Талдауды орындаудың жылдамдығы, алынған нәтижелердің объективтілігі, жақсы қабылдағыштығы полярографиялық әдістің басқа физико-химиялық зерттеу әдістерінің арасында ерекше екендігін айтуға болады. Бұл әдіс тағамдық азықтардың құрамында ауыр металдардың болуын, сондай-ақ ауыз су мен беткей суаттардың, ағынды сулардың құрамында хром, қорғасын, мырыш, мыс тұздарының болуын зерттеу үшін санитарлық-химиялық талдау кезінде қолданылады. Полярографиялық әдіспен ауада қорғасын, хром, марганец, мырыш, кадмий, мыс, формальдегид және басқа да улы заттардың болуын анықтайды.

Газды хроматографиялық әдіс

Газды хроматография – заттар қоспасынан айыру әдісі, яғни ол екі араласпайтын фаза арасындағы компоненттерді бөлуге негізделген. Қозғалмалы фазасына инертті газ, қозғалмайтын фазасына сұйықтық немесе қатты дене жатады. Компонеттерге бөлінетін газды сұйықтық хроматографияда газ тасымалдағыш көмегімен колонка бойынша араласады, қатты тасымалдаушы әкетуімен олардың арасында сұйық қозғалмайтын фаза арасында таралады.

Сұйық қозғалмайтан фаза қатты инертті тасымалдаушы ретінде қабықша түрінде болатын заттар. Олар сұйықтықтар, жоғары қайнау температурасы бар, әртүрлі байланыс кластарына жатады.

Қатты тасымалдаушы - инертті дене, яғни ол біртекті қабықша түріндегі сұйық фаза. Тасымалдаушылардың өзі талданатын затпен өзара байланыста болмау қажет. Газ тасымалдаушы (гелий, азот, аргон) талданатын сынаманы хроматографиялық колонка арқылы өткізеді.

Зерттелетін компонеттердің қоспасын талдау арнайы пробирка-хроматографта жүргізіледі. Хроматографтар газ шығынын реттейтін, сынамалар енгізу жүйесінен, термостаттық колонкалы детекторынан және реттеуші құрылымынан тұрады. Қазіргі заманғы хроматографтар біріккен конструкциялы принципте құрылған, хроматограмды өңдеу үшін есептеуші техникалар мен детекторлар жиынтығы қолданылады.

Детектор сынамадағы әрбір компонеттің болуын тіркейді және оның мөлшерін есептейді. Детектор әдістің дәлдігін және сезімталдығын анықтайды. Заттарды тіркеу хроматографиялық колонкадан шығатын электрлік сигналға айналатын, газды ағынның қасиеттерінің өзгеру есебінен жүреді. Газды хроматография әдісі арқылы арнайы реакциялармен анықталмайтын заттардың өте аз мөлшерін анықтауға болады және қасиеттері жақын жүздеген компонеттерді және ондаған қоспаларды талдауға болады. Бөлінген заттар хроматограммада ең жоғарғы шыңы түрінде көрсетіледі. Хроматограммада ең жоғары шыңының орналасу жағдайы ұсталу уақытымен сипатталады. Компонеттің ұсталу уақыты бұл - талданатын сынаманы колонкаға жіберу уақыты мен шығу уақытына дейінгі кезең (ең жоғарғы шыңы). Хроматограммада шыңның өлшемі талданатын заттың мөлшеріне тура пропорционал, бұл арқылы сандық талдау жүргізуге болады. Газды хроматография әдісі жоғары сезімтал, дәлділік, универсалды, басқа әдістермен салыстырғанда үлкен артықшылығы бар; ауадағы, топырақтағы, судағы және т.б. улы затардың қоспаларын анықтау үшін қолданылады.

Люминесценттік әдіс

Люминесценттік әдіс заттың энергетикалық қозу жағдайында молекула немесе атомға ауысуын және тепе-теңдік жағдайда молекуланың қайта оралуынан пайда болатын сәуленің таралуының интенсивтілігін өлшеу. Мөлшерлі химиялық люминесценттік талдау жасаудың негізгі әдісіне флюориметрия жатады, бұл люминесценттік көріну интенсивтілігіне байланысты люминесценттік заттардың мөлшерін анықтау. Бұл кезде люминесценция интенсивтілігін және заттардың концентрациясының арасындағы байланыстылықтарды анықтайды. Флюориметриялық әдістердің негізінен фотометрлік әдістен айырмашылығы жоқ, бірақ өзінің арнайы ерекшеліктері бар.

Сәйкес энергиясымен жарықты сіңіріп, заттардың атомы қалыпты жағдайдан Е0 қозу жағдайына Е1 ауысады, сондықтан сәуленің таралуы байқалады. Сіңірілген және сәулеленген жарықтың жиілігі тепе-тең болады (Разонансты сәулелену). Люминесценцияның барлық түрлерінде заттардың өзіне тән қасиеттері көрінеді, яғни оларды тану және зерттеу үшін негіз болып табылады, сондай-ақ санитарлық-химиялық талдаудың құралына жатады.

Флюориметрлік өлшеулер визуальді түрде, пайда болған сәулелерді тіркеу әдісінің көмегімен орындалады.

Кез-келген флюориметрлік қондырғылардың негізгі түйініне қозушы реакцияның көзі жатады: біріншілік монохроматтайтын қондырғы және сәулелік энергияны қабылдайтын қондырғы жатады.

Визуальді флюориметрия сапалық талдауды жүргізу кезінде қолданылатын едәуір қарапайым аспаптардың түріне жатады. Сандық талдау үшін едәуір күрделі аспап – флюориметр қолданылады. Люминесценттік сәулелену спектрін зерттеу үшін спектрофлюориметрия пайдаланылады.

Люминесценттік талдау өте сезімтал: люминесценттік заттардың өте аз концентрациясын зерттеу кезінде люминесценциямен бақылауға болады. Бұл әдістің көптеген физика-химиялық әдістерден артықшылығы бар. Әдісті судағы мұнай өнімдерін анықтауда, жұмыс зонасының ауасындағы смола заттарын, атмосфералық ауадағы бензил спиртін, витаминдерді, афлотоксиндерді және тағамдық азықтарды анықтауда қолданады.

Статистикалық зерттеудің бірінші сатысында жоспарды, бағдарламаны құрастыру, одан кейін екінші сатысында материалдарды жинау, үшінші сатысында жиналған материалдарды өңдеу және төртінші сатысында нәтижелерді статистикалық талдау зерттеулерін аяқтайды.

Зерттеудің жоспарында тақырыпты, оның мақсатын және міндеттерін қарастырады, оның зерттеу әдістемесін және олардың жүргізілу ретін, көлемін, уақытын, зерттеу жүргізу орнын, оны жүргізу үшін қажетті құралдар мен күштерді анықтауды қарастырады.

Зерттеулердің бағдарламасында сол зерттеуді жүргізу кезінде жауап беруге болатын сұрақтардың тізімдері көрсетіледі. Бұл сұрақтар арнайы статистикалық бланкаларда көрсетіледі. Статистикалық бланкалар ретінде денсаулық сақтау Министрі бекіткен медициналық есеп беру құжаттары («қойылған диагноздарды тіркеуге арналған статистикалық талондарң, «стационардан шығу картасың, «өлім туралы дәрігерлік анықтамаң), немесе зерттеушінің арнайы құрастырған бланкалары (ауру тарихынан алынған карта, анкеталар, сұрақ-жауап қағаздары) қолданылады. Бірінші сатыда болашақ бағдарлама ретінде, кестелер макетін талдау, яғни онда тіркеу бланкаларында болатын мәліметтерді жарыққа шығарады. Кестелердің үш түрі болады: қарапайым, топтық және біріккен.

Қарапайым кестеде зерттелетін топтың немесе оның жиынтығының негізгі бөлінуі бойынша есептеу жүргізіледі.

Топтық кестеде статистикалық бастауыш (негізгі зерттелетін белгі, мысалы аурушылдық) және статистикалық баяндауыштан (негізін сипаттайтын белгілерін, мысалы жасы және жынысы) тұрады. Топтық кестеде бастауыш баяндауыштың тек бір белгісімен ғана біріктіріледі.

Бастауыш кестелерінің бірнеше белгілері бар баяндауыш кестелерімен бір уақытта бірігуі біріктірілген деп аталады.

Статистикалық материалдарды жинау (статистикалық бақылау)

Зерттеулердің жоспарын және бағдараламасын құрастырғаннан кейін статистикалық материалдарды (статистикалық бақылау) талдауға кіріседі. Статистикалық материалдардың біркелкілігін қамтамасыз ету үшін материалдар жинау кезінде оның бақылау бірлігі анықталады (есептік бірлік немесе бірлік тіркеу). Бақылау бірлігі - бұл тіркеуге жататын, белгілерді тасымалдаушы болып табылатын нысандарды зерттеудің алғашқы элементі.

Материалдарды жинау бір уақыттық (мысалы, тұрғындарды тізімдеу) немесе күнделікті (мысалы, стационарда шығу картасындағы диагнозды тіркеу) болуы мүмкін. Статистикалық бақылаудың көлемі бойынша жаппай, яғни зерттелетін топқа кіретін барлық бақылау бірліктері тіркелетін және таңдамалы, яғни олардың тек бір бөлігі ғана тіркелетін бақылаудың түрлері болады.

Сабақтың мақсатына студенттердің статистикалық материалдарды талдай білуі, белгілерді шифрлеуі, материалдарды топтастыруы, кестелерді құрастыруы, салыстырмалы мөлшерін санауы және графикалық бейнесін көрсетуі жатады (үшінші саты - статистикалық зерттеу). Тақырыпты зерттеу үшін 4 сағаттық практикалық сабақ бөлінеді (1 сағ. ұй тапсырмасын орындау үшін). Практикалық сабақ барысында студенттер өз бетінше оқытушының түсіндіруінсіз оқулық бойынша, бағалау сұрақтарын қолдана отырып үш тапсырма орындайды (4-ші тапсырма «графикалық бейнелеуді құрастырудың үй тапсырмасы ретінде орындайды).

Материалдарды талдау (статистикалық зерттеулердің үшінші сатысы) келесі элементтерден тұрады:

  1. Бақылау (материалдарды тексеру) - тіркеу бланкаларын қарау, кемшіліктерді жетіспейтін материалдарды қарастыру.

  2. Тіркеу бланкаларындағы белгілерді бөліп көрсету, белгілеу алдын-ала өңделген шифрмен жүргізіледі. Мысалы, егер де аурушылдық класы бойынша әртүрлі жас тобындағы тұрғындардың жалпы аурушылдығы зерттелетін болса, онда әрбір тіркеу бланкасында жас тобының шифры, яғни науқас және ауру класының шифры жазылады. Мысалы:

Жас тобы бойынша топтау және шифрдың нөмірі

Жас тобы шифр

0-14 жас 1

15-19 жас 2

20-39 3

    1. 4

60 жас және одан жоғары 5

Аурудың класы бойынша диагнозды белгілеу «Ауруды, жарақатты және өлім себебін статистикалық жіктеуң (1970 жылы 1 қаңтарды СССР-да қолданылған 8-ші қарастырудың Дүние жүзілік жіктелуі) құжаты бойынша жүргізіледі.

17 кластық жіктелу классификациясы:

1 класс

Жұқпалы және паразитарлық ауру

11 класс

Жаңа түзілістер (ісіктер)

111 класс

Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылыстары

және зат алмасу бұзылыстары

1V класс

Қан және қан жасаушы органдардың аурулары

V класс

Психикалық бұзылыстар

V1 класс

Нерв жүйесі және сезім органдарының аурулары

V11 класс

Қан айналу жүйесінің аурулары

V111 класс

Тыныс алу органдарының аурулары

1Х класс

Ас қорыту органдарының аурулары

Х класс

Жыныс, зәр шығару органдарының аурулары

Х1 класс

Жүктіліктің, туудың және туғаннан кейінгі асқынулары

Х11 класс

Тері және тері асты клетчаткалрының аурулары

Х111 класс

Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тканінің аурулары

Х1V класс

Туа біткен ақаулары

ХV класс

Перинатальдық аурулардың және өлімнің кейбір себептері

ХV1 класс

Симптомдар және тура анықталмаған жағдайлар

ХV11 класс

Кенеттен пайда болатын жағдайлар, улану және жарақаттар.

Бұл жіктелуде жоғарыда айтылған кластарда біріктерілген аурудың негізінің біріккен принциптері жоқ. Осының негізінде бірқатар принциптерді бөлуге болады:

  1. Этиологиясы (1-ХV11 кластар).

  2. Патогенезі (11-111 кластар)

  3. Локализациясы (V1-Х, Х11,Х111 кластар)

  4. Жасына немесе физиологиялық жағдайына байланысты ерекшеліктер (Х1-Х1V,ХV кластар)

  5. ХV1 класқа барлық тура анықталмаған жағдайлар мен жеке симптомдар кіреді.

Альфавиттік көрсеткіш “ауруларды, жарақаттарды және өлім себептерінің статистикалық жіктелуінде” диагноздарды белгілеу кезінде, оның белгілі диагнозы табылады, ол арқылы ауру класының нөмірін және атын анықтауға болады.

Мысалы, тіркеу бланкасында “гипертониялық ауру” диагнозы жазылған, альфавиттік көрсеткіште гипертониялық ауру 401-қатарда, ол V11 класқа, яғни “қан айналу жүйесінің ауруына” кіреді. Осыған орай, тіркеу бланкасына V11-ші санын жазады.

  1. Материалдарды топтастыру зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі (мысалы, жас тобы, жынысы, мамандығы, ауру класы бойынша).

  2. Материал мәліметтері әр топта тіркеу бланкасының есебінде болады, кестеде сандық мәліметтерін, зерттеу жоспарын және бағдарламасын жасау кезінде дайындалған макеттер көрсетіледі. Бірақ кестелерде салыстыру үшін, нәтижелер мен қорытындыларды бағалау үшін жеткіліксіз абсолюттік саны жазылады, осыған орай салыстырмалы мөлшерлердің (статистикалық көрсеткіштер) әр түрлері анықталады.

  3. Статистикалық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) санау. Статистикалық көрсеткіштердің келесі түрі бар: көбіне пайызбен берілетін экстенсивті (құрылым, меншікті салмақ көрсеткіштері); интенсивті - қандай-да бір құбылыстың жиілік көрсеткіштері, мысалы, туылудың коэффициенті - бір жылда 100 адамға шаққандағы туылғандардың саны; қатынастық көрсеткіштер – сол ортада сол және басқа құбылыстардың даму деңгейі, мысалы, тұрғындардың дәрігермен қамтамасыз етілуі, 10000 тұрғындардың керуеттермен қамтамасыз етілуі; 100 адамға шаққандағы көнекілік көрсеткіштері.

Бұдан басқа динамикалық қатарды өңдеу кезінде алынған көрсеткіштер саналады (абсолютті немесе салыстырмалы сандар қатары, уақыт бойынша қандай-да бір құбылыстың өзгерістерін көрсететін қатар). Бұндай көрсеткіштерге тұрғындардың өсу коэффициенті және өсу қарқыны жатады.

Графикалық бейнелеуді құрастыру. Көрнекілігі үшін зерттеу нәтижелері (алынған көрсеткіштер) әртүрлі графикалық бейнелеу түрінде ұсынылуы мүмкін.

Статистикалық материалдарды топтау және мәліметтер беру.

Тіркеу (белгілі диагноздарды тіркейтін талондар 50 дана немесе стационардан шығу картасы 50 дана) мәліметтерін өңдеу бойынша стационардан шыққан немесе емханаға қаралған науқастардың топ құрамын анықтау.

Өңдеуді аурудың класы, науқастың жасы мен жынысы бойынша жүргізеді (аурудың жіктелуін қолданады).

Тапсырма орындаудың реті

  1. Материалдарды өңдеместен бұрын келесі үш белгісі бойынша біріккен кестелер макетін құрастыру қажет:

А) аурудың класы (ауру класының аты, нөмірі);

Б) жасы (0-14, 15-19, 20-39, 40-59, 60 және одан жоғары);

В) жынысы.

  1. Аурулардың, жарақаттың, өлім себебінің статистикалық жіктелуіне сәйкес, класс бойынша статистикалық бланкаларды жинау.

  2. Әрбір ауру класына және жасына байланысты жыныс бойынша топтастыруды жүргізу.

  3. Әрбір соңғы топтастыруда карталарды санау және кесте графиктеріне сәйкес санау нәтижелерін жазу жүргізіледі.

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы