Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ практических занятий.4 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать
  1. Негізгі әдебиеттер:

  2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң, Алматы 2003.

  3. Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң, Алматы 2004.

  4. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң, Алматы 2004.

  5. «Коммунальная гигиенаң Акулов К.И., Москва, 2001 г.

  6. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең Алматы, 2008. – 430 с.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Общая гигиена: Учебник/ Г.И. Румянцев, М.П. Воронцов, Е.И. Гончарук и др.; Под ред. Г.И. Румянцева, М.П. Воронцова. – М.: Медицина, 1990. – С. 51-57.

  2. Г.И. Румянцев, Т.А.Козлова, Е.П. Вишневская. Руководство к практическим занятиям по общей гигиене. – М.: Медицина, 1980. – 239 с.

  3. Гигиена: Учебник, 2-е изд., перераб. и доп. / под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001. – 608 с.

  4. Руководство к практическим занятиям по методам санитарно-гигиенических исследований: Учебное пособие/ З.Ф. Азевич, А.И. Громов, А.А. Галич и др.; под ред. Л.Г. Подуновой. – М.: Медицина, 1990. – 304 с.

  5. Д.М. Бабов, Н.Н. Надворный. Руководство к практическим занятиям по гигиене с техникой санитарно-гигиенических исследований.- 2-е изд. – М.: Медицина, 1981, 275 с.

  6. Габович Р.Д. Гигиена: Учебник, 6-е изд., перераб. и доп. – М.: Медицина, 1990. – С. 11-12.

  7. Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 1 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2005. – 304 с.

  8. Мазаев В.Т., Гимадеев М.М., Королев А.А., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 2 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2006. – 336 с.

  9. А.Н.Марзеев, В.М.Жаботинский «Коммунальная гигиенаң М., «Медицинаң, 1979 г.

  10. Гигиена. / Под ред. акад. РАМН П.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР Медицина, 2000.

  11. Пивоваров Ю.Л. Гигиена и основы экологии человека: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений. - М.: "Академия", 2004.

  12. Пивоваров Ю.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и экологии человека. - М.: ВУНМЦ МЗ РФ. - 1999.

7. Бақылау: ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет).

1 ҚОСЫМША

Практикалық іс-әрекет кезінде қоршаған орта факторларын гигиеналық бағалау әдістері кең түрде үнемі қолданылады. Оған санитарлық тексеру және сипаттау әдістері, яғни физикалық, химиялық, биологиялық сондай-ақ санитарлық сараптама әдістері де кіреді. Осылармен қатар, олардың көмегімен қоршаған орта факторларының организмге әсер етуін анықтайтын, әлеуметтік-экономикалық, кәсіптік, тұрмыстық климатогеографиялық және басқа да жағдайларды анықтайтын зерттеу әдістері де қолданылады. Оларға: санитарлық-статистикалық, клиникалық әдістер, сондай-ақ гигиеналық тәжірибе жатады. Аталған әдістер қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерінен туындайтын, тұрғындардың жеке тобының денсаулық жағдайын зерттеуге, денсаулығында аурушылдық немесе өзгерістерді анықтауға мүкіндік туғызады.

Санитарлық тексеру әдістері тұрғындардың денсаулық жағдайына өмір жағдай деңгейінің әсерін зерттейтін бірден-бір тәсіл болып табылды. Тұрғындардың өмір жағдайын кешенді санитарлық-гигиеналық зерттеулер және олардың денсаулыққа әсері санитарлық сипаттаудан басталады. Терең санитарлық тексеру нәтижесі бойынша кемшіліктерді жою және олардың денсаулыққа, тұрғындар өмірінің, санитарлық жағдайының теріс әсері бойынша шаралар жүйесі тағайындалады. Бұл шаралар санитарлық тексеру актісінде немесе тапсырма жоспарында, сол шараларды орындау үшін нысанның әкімшілігіне тапсырылады. Едәуір капиталды шығын алып келетін шаралар (мысалы ескірген технологиялық қондырғыларды ауыстыру, өндірістік кәсіпорындарда газ, шаң тазартатын қондырғылардың реконструкциясы кезінде, мектептегі спорттық қондырғыларды реконструкциялау кезінде) немесе бірқатар мекемелердің біріккен әрекеті әкімшілікте қарауға жіберіліп, кәсіпорыннның, ауданның, қаланың әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспарына кіреді.

Санитарлық сипаттау әдістері тұрғын, өндірістік, тұрмыстық және т.б. тұрғын мекендердің өмір жағдайын зерттеу кезінде кеңінен қолданылады. Бірақ ең тиянақты санитарлық тексерудің өзі сандық сипаттама, сондай-ақ ортаның физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерін анықтайды. Сондықтан санитарлық сипаттау әдісі едәуір толық физикалық, химиялық, биологиялық және басқа да әдістермен толықтырылады.

Санитарлық сипаттау қоршаған орта нысандарына, тұрғындардың өмір және еңбек жағдайына байланысты жүргізіледі. Оған: су көздері, топырақ, ауа ортасы, тағамдық азықтар, тұрғын үй, тұрғындардың еңбек және демалу орындары, аурухана және мектеп мекемелері және т.б. кіреді.

Санитарлық сипаттау кезінде, белгілі мөлшердегі субьективті мәліметтері бойынша тұрғындардың шағымдары қарастырылады, сондай-ақ сол және басқа да факторлардың адам организміне әсері ескеріледі, сондықтан терең аспаптық және клиникалық зерттеулерді жүргізуге негіз болып табылады.

Органолептикалық зерттеу әдістері. Бұл әдіс сезім органдарының, яғни көру, иіс сезу, дәм сезу және сезу немесе түю сезімдерін қабылдауына негізделген. Олардың көмегімен сыртқы түрін, яғни зерттелетін нысанның түсін, исін, дәмін, консистенциясын анықтауға болады. Органолептикалық әдістердің артықшылығына нысандарды тез және көп мөлшерде зерттеуге болатындығы, ал кемшілігіне оның субъективтілігі жатады.

Физикалық әдістер санитарлық-гигиеналық зерттеу әдістерінде кеңінен қолданылады. Оның көмегімен мысалы, температура, ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдығын, ауаның электрлік жағдайын, барометрлік қысымды, сәулелік энергияның барлық түрлерін, яғни ең қысқа толқынды сәулелерден басталып, инфрақызыл сәулелер мен әр түрлі жиіліктегі радиотолқындармен аяқталатын сәулелерді зерттейді. Физикалық әдістер коммуналдық гигиенада тұрғын мекеннің климатын бағалау кезінде кеңінен қолданылады. Физикалық әдістер заттардың химиялық құрамы мен құрылысын анықтауға мүмкіндік береді. Спектрографиялық талдау әр түрлі элементтерде негізінен азықтарда бөтен қоспалардың болмашы мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Химиялық әдістер санитарлық-гигиеналық зерттеулерде ауаның, судың, топырақтың химиялық құрамын анықтау кезінде қолданылады; олар әсіресе биосфераға аз мөлшерде түсетін улы химикаттарды, әртүрлі синтетикалық заттарды, әрқалай улы заттарды анықтау кезінде кең қолданады. Химиялық әдістің маңызды ерекшелігіне оның жоғарғы сезімталдығы жатады, яғни ауа, судың көлем бірлігінде немесе қандай да бір азықтың масса бірлігінде, заттардың кей жағдайда миллионның миллиграм бөлігін анықтауға мүмкіндік береді.

Санитарлық-гигиеналық зерттеулер кезінде химиялық әдістердің көмегімен, сол және басқа нысандарға тән химиялық құрамын ғана анықтап қоймай, адам организміне қолайсыз тікелей әсер көрсететін немесе зерттелетін нысанның санитарлық қолайсыздығының көрсеткіші болып табылатын, оның табиғи құрамына тән емес қоспаларын да анықтауға болады. Мысалы, атмосфералық ауадағы көміртегі тотығының, күкірттің қос тотығының немесе қандай да бір улы заттың болуы адам денсаулығына жанама қауіптілігін көрсетеді. Тұрғын бөлмелердің ауасында көміртегі қос тотығының жоғары мөлшерінің анықталуы санитарлық қолайсыздық туралы болжауға көбіне бөлменің жеткіліксіз желдетілуі туралы айтуға мүмкіндік береді.

Биологиялық әдістер жеке биологиялық және бактериологиялық,-деп бөлінеді. Жеке биологиялық әдістерге микро- және макроорганизмдерінің және нысанның санитарлық жағдайын сипаттайтын жануар және өсімдік текті заттардың болуын анықтайтын қоршаған орта нысандарының зерттелуі жатады.

Мұндай ұқсас талдауларға суаттарда өмір сүретін өсімдік және жануар текті организмдерді зерттейтін судың биологиялық зерттеу мысалдарын айтуға болады. Сондықтан негізгі анықтаушы моментіне тазалық деңгейіне байланысты сол және басқа да микро-, макроорганизмдердің өмір сүру заңдылығы жатады.

Биологиялық әдістерге сондай-ақ әртүрлі қоршаған орта нысандарында (топырақ, су) гельминт жұмыртқаларының өмір сүру қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік беретін гельминтологиялық зерттеулер де жатады, бұл арқылы қоршаған ортаның фекальді (нәжісті) ластану деңгейін және гельминттермен зақымданудың жанама қауіптілігін анықтауға негіз болып табылады.

Бактериологиялық әдістер санитарлық-гигиеналық зерттеулер практикасында бірінші деңгейде маңызы бар, яғни оның көмегі арқылы зерттелетін нысанның жалпы микроорганизмдердің өсуін анықтауға, сондай-ақ санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді бөліп алуға және идентифицирлеуге болады. Бактериологиялық зерттеу әдістерінің ауыз суын, ағынды суды, ауаны, топырақты, сондай-ақ басқа да қоршаған орта нысандарын зерттеу кезінде өте жоғары маңызы бар. Практикада қысқаша санитарлық талдау,- деп аталатын, яғни микробтардың жалпы колония санын және ішек таяқшасының титрін анықтау едәуір жиі қолданылады.

Серологиялық әдістер белгілі иммундық қан сарысуына антигендер қатысты негізінде, антигендерді идентификациялау үшін қолданылады. Серологиялық реакциялар бактериялық зерттеу кезінде алынған мәліметтерді, қосымша тексеру мақсатында қолданылады. Санитарлық-гигиеналық лабораория практикасында көбіне агглютинация, преципитация және комплеметтің байланысу реакциялары қолданылады.

Эпидемиологиялық әдіс – бұл әртүрлі эндогенді (генетикалық, жасқа байланысты және т.б.) және экзогенді әлеуметтік және табиғи (химиялық, биологиялық, техногендік және т.б) факторлардың әсерінен тұрғындардың денсаулығын зерттеу әдістемесінің жиынтығы.

Эпидемиологиялық әдіс ұжымның (мысалы мектепке дейінгі немесе мектепке баратын балалар, белгілі бір өндірістің немесе өнеркәсіптік саланың жұмысшылары және т.б) немесе білгілі-бір медициналық тіркеу және есеп беру құжаттарын талдау жолымен қаланың, ауданның, облыстың тұрғындарының денсаулығын зерттеуге, тұрғындарға амбулаториялық және стационарлық жағдайда медициналық тексеру жүргізуге, әрі қарай тұрғындардың денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді.

Эпидемиологиялық әдістерді қолданудың едәуір кең тараған қарапайым формасына көлденең (бір кезеңдік) зерттеулер жатады. Мұндай зерттеулердің негізгі ерекшеліктеріне тұрғындардың денсаулығына қоршаған орта факторларының әсер етуін бақылау, бір кезеңіне кіруі жатады. Көлденең зерттеулер тұрғындар денсаулық деңгейін сол тексеру кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді, яғни аурудың пайда болуына және дамуына әсер ететін факторларды анықтау болып табылады. Көлденең зерттеудің екі түрі бар: бірінші жағдайда негізгі және бақылау топтарының денсаулық жағдайы салыстырылады, ал екінші жағдайда аурулар мен дені сау адамдарда факторлардың әсер ету деңгейінің айырмашылығын анықтайды.

Көлденең зерттеулердің жеткілікті және қарапайымдылығы ерекше артықшылығы болып табылады. Бірақ бұл зерттеу формасының мүмкіндігі шектелген. Оның көмегімен шамалы сұрақтар көлеміне жауап беруге болады, бірақ денсаулық жағдайын нашарлататын, сол және басқа да факторлардың маңызы туралы соңғы қорытынды жасауға болмайды. Негізгі кемшілігіне сол және басқа үрдістердің динамикасын зерттеуге немесе денсаулық жағдайының өзгерісін анықтауға мүмкіндіктің болмауы жатады.

Тұрғындардың белгілі-бір контингентінің денсаулығын ұзақ динамикалық бақылау «тікң зерттеулер деп атайды. Ол арқылы уақыт бойынша денсаулық өзгерістерін бақылауға мүмкіндік бар.

Эпидемиологиялық әдіс арқылы санитарлық-статистикалық немесе клиникалық бақылаулар көмегімен ұжымның денсаулығын бағалау бойынша қажетті мәліметтерді алуға болады.

Санитарлық-статистикалық әдістер. Тұрғындардың денсаулығын зерттеу, тұрғындардың денсаулық жағдайлары туралы қажетті мәліметтер болатын ресми тіркеу және есеп беру құжаттарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл кезде аурушылдық, тұрғындардың табиғи өсуінің демографиялық көрсеткіштері, балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы, инвалидтік деңгейі сияқты көрсеткіштер ескеріледі.

Статистикалық зерттеу төрт сатыдан тұрады: зерттеудің бағдарламасын және жоспарын, материалдарды жинау, мәліметтерді өңдеу, материалдарды талдау, практикаға зерттеу нәтижелерін енгізу туралы ұсыныстар. Санитарлық статистикада математикалық талдаудың әр түрлі әдістері кең қолданылады.

Клиникалық зерттеу әдістері қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсеріне байланысты тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау үшін кең қолданылады.

Клиникалық әдістер айқын клиникалық өзгерістерді ғана анықтап қоймай, дені сау адамдардың преморбидтық жағдайының көрсеткіштерін анықтау үшін де қолдылады, бұл үшін биохимиялық, имунологиялық және басқа тесттерді пайдаланады. Клиникалық әдістердің жұмысшылардың кәсіптік патологиясын зерттеу кезінде, аурудың алғашқы белгілерін анықтауда және алдын алу шараларын негіздеуде маңызы өте зор.

Гигиеналық тәжірибие әдісі адам немесе жануар организміне қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсерін зерттеу шынайы немесе лабораториялық жағдайда анықтауды мақсатқа қояды. Шынайы жағдайда қоршаған ортаның денсаулыққа әсері, әрине моделденбейді. Сондықтан атмосферералық ауаның әр түрлі деңгейдегі ластану аймағында тұратын адамдардың, кейде ауаға жүздеген әртүрлі заттар бөлінетін өндіріс орындарында жұмыс істейтіндердің, оқу тәртібі мен тамақтануы әртүрлі кәсіптік техникалық училищелерде оқитындардың денсаулық жағдайын зерттеу кезінде қандай да бір фактордың маңыздылығын бөліп айту қиын.

Лабораториялық тәжірибие әдістері адам денсаулығы үшін олардың маңыздылығын анықтау және үрдістерін моделдеуге мүмкіндік береді. Мысал ретінде, топырақта және өсімдіктерде зиянды химиялық заттардың (пестицидтер, минералдық тыңайтқыштар, макро- және микроэлементтердің ауыр металдар, радиоактивті заттар) жиналу үрдісін лабораториялық жағдайда зерттеуін айтуға болады. Тәжірибиелер лабораториялық жануарларға, кей жағдайда Денсаулық Сақтау Министрінің арнайы комитетінің рұқсат беруіне сәйкес, ВОЗ-да бекітілген, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, өз еркімен келушілерге тәжірибе жасайды.

Жануарларға лабораториялық тәжірибе арнайы жасалынған камераларда немесе бөлмелерде жүргізіледі; гигиеналық регламенттеу мақсатында адам организміне сол заттардың әсер ету сипатын және зиянсыздығын бекіту үшін химиялық, биологиялық, физикалық факторларды зерттейді. Жануарларға тәжірибе ауыз судағы химиялық заттардың ШРЕК-ін бекіту үшін, атмосфералық ауадағы немесе өндірістік кәсіпорындардың жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК-ін бекіту үшін, жануар және өсімдік текті тағамдық азықтардағы, бояу заттарындағы химиялық заттардың рұқсат етілген қалдық мөлшерін (ДОК) немесе максималды рұқсат етілген деңгейін (МДУ) бекіту үшін жүргізіледі.

Санитарлық-токсикологиялық зерттеу барысында қоршаған ортадағы зиянды заттардың болуын гигиеналық нормалармен негіздеу мақсатында бір реттік әсер ету кезінде жедел улану мүмкіндігін және созылмалы тәжірибеде әсер етудің табалдырық деңгейін анықтайды. Тәжірибиелік жануарлардың жағдайының өзгеру мәліметтері кейіннен адамдарда қарастырылады.

СЭС-тың жұмысы жоспарлы сипатқа ие. Орындаушылардың жұмыс уақыты, көлемі, мазмұны, жылдық, кварталдық немесе айлық жоспармен сәйкес және жұмыс графигіне байланысты анықталады. Жоспарлы, ал кей жағдайда жоспардан тыс жұмыстарды лаборант қатаң түрде «Санитарлық-гигиеналық бөлімнің лабораториясында лаборанттың жұмысы туралы (Положение о лаборанте лаборатории санитарно-гигиенического отдела)ң құжаты негізінде жүргізіледі.