Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ практических занятий.4 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеу құрылымы

Тақырып: Елді мекендерге санитарлық тазалау жүргізудің және ұйымдастырудың негіздері.

Курс: 4

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

Алматы 2010 ж.

1. Тақырыбы: Елді мекендерге санитарлық тазалау жүргізудің және ұйымдастырудың негіздері.

4. Сабақтың мақсаты: Студенттерге елді мекен топырағының санитарлық бағалау әдістемесін үйрету. Елді мекендегі топырақтың санитарлық жағдайын бағалау бойынша нормативті құжаттармен таныстыру. Студенттерді елді мекенді тазартуды ұйымдастыру үшін сақтық санитарлық және күнделікті санитарлық бақылау әдістемесін үйрету. Қатты тұрмыстық қалдықты есептеуді үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

- студент білуге тиіс:

  • Топырақты гигиеналық зерттеу әдістемесін;

  • Топырақты негізгі ластаушы көздерін;

  • Топырақтың эпидемиологиялық және санитарлы-гигиеналық маңызын;

  • Топырақты бағалау көрсеткіші және экзогенді химиялық заттарды нормалау кезіндегі зияндылық көрсеткіштерін;

  • Елді мекенді тазартуды ұйымдастыру үшін сақтық санитарлық бақылаудың әдістемесін;

  • Елді мекенді тазартуды ұйымдастыру үшін күнделікті санитарлық бақылаудың әдістемесін;

  • Қалдықтарды алып кету жүйесін;

  • Қатты қалдықтарды зарарсыздандыру әдітемесін.

- студент меңгеруі тиіс:

  • Елді мекен жыр қыртысының анализін бағалауды;

  • Топырақтан сынама алуды;

  • Елді мекеннің жер қыртысының санитарлық жағдайын бағалау үшін нормативті құжаттарды пайдалануды;

  • Топырақтың санитарлық жағдайына бойынша қортыныды толтыруды;

  • Қалдықтарды жинау, алып кету және зарарсыздандырудың едәуір тиімді әдістерін гигиеналық негіздеуді;

  • Қаланы, поселкелерді немесе ықшамаудандарды тазартуды ұйымдастыру бойынша типтік емес есептерді өз бетінше шеше білу;

  • Белгілі бір елді мекеннің қатты тұрмыстық қалдықтарының жиналу нормасын анықтауды;

  • Елді мекенді санитарлық тазарту бойынша сұрақтарды шешуде нормативтік құжаттарды қолдана білуді.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қалдықтардың санитарлық- эпидемиологиялық маңызы.

2. Қалдықтардың жіктелуі.

3. Қалдықтардың жиналу нормасы.

4. Үй шаруашылығындағы қатты қалдықтар үшін алаңдарды орналастаруға қойылатын санитарлық талаптар.

5. Қалдықтарды алып кету жүйесі.

6. Қатты қалдықтарды зарарсыздандыруды қолданылатын әдістер.

7. Елді мекен пункті жоспарлауда ассенизациялық парктерді орналастыру, олардың санитарлық жайластырылуы.

8. Елді мекенді санитарлық тазартуды ұйымдастыруда санэпид қызметтің рөлі.

9. Қажетті қалдық жинағыштың санын есептеу үшін қажетті нормативті құжаттар.

5. Оқыту әдістері: Дискуссия. Теориялық сұрақтарды талдау.