Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ практических занятий.4 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеу құрылымы

Тақырып: Тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды тазалау әдістері мен схемаларын гигиеналық тұрғыдан бағалау.

Курс: 4

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

Алматы 2010 ж.

1. Тақырыбы: Тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды тазалау әдістері мен схемаларын гигиеналық тұрғыдан бағалау.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді ағынды сулардың сапалық және сандық сипаттамаларына байланысты тазарту әдістері мен схемаларын бағалауға үйрету. Әр түрлі тазарту әдістерін қолдану тиімділігіне баға беру.

3. Оқыту міндеттері:

Студент білуге тиіс:

  • қалалық ағынды сулардың сандық және сапалық сипаттамасын;

  • тұрғындардың суды пайдаланудағы мүмкіндік қолайсыз әсерін;

  • қалалық және ауылдық жерлерден шығатын ағынды суларды су нысандарына құю алдында тазарту схемасын тңдау әдістемесін;

  • ағынды суларды тазарту әдістерін;

  • жергілікті және кшк канализация ерекшеліктерін.

Студент меңгеруі тиіс:

  • тұрмыстық және өндірістк ағынды суларды тазартудың әдістернің дұрыс таңдалуын өз беттерімен бағалау;

  • тұрмыстық және өндірістік ағынды суларды тазартудың схемаларының дұрыс таңдалуын өз беттерімен бағалау;

  • Қажетті тазарту қодрығыларын таңдау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қалалық ағынды сулар туралы түсінік, оладың түрлері, салыстырмалы сандық және сапалық сипатамасы.

  2. Канализация жүйесін, ағынды суларды тазарту әдістері мен схемасын таңдау үшін ағынды сулардың сандық жәнеғ сапалық сипатамасының мәні.

  3. Жергілікті және кіші канализация еркешеліктері.

  4. Ағынды суларды тазартудың әдістері.

  5. Ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын гигиеналық бағалу, құрылымы, жұмыс принциптері, жұмыс тиімділігі.

  6. Ағынды суларды биологиялық тазарту қондырғылары, пайдалну жағдайы және тиімділігі.

  7. Ағынды сулардың дұнбасын алып кету және зарасыздандыру тәсілі.

  8. Ағынды суларды зарарсыздандыру, әдістері, қондырғылар, тиімділігін бақылау.

  9. Өндірістік ағынды суларды зарасыздандыру әдістері.

  10. Ағынды сулардың тұнбаларын зарасыздандыру және сусыздандыру әдістері.

  11. Тазарту қондырғыларынң орналасатын орнын және ағынды суларды ағызу орнын анықтайтын табиғи және әлеуметтік факторлар.

5. Оқыту әдістері: Дискуссия. Теориялық сұрақтарды талдау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң Алматы, Ғылым, 2004, Б. 403-445.

2.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003, С. 403-445.

3.Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең Алматы, 2008. – 430 с.

4. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 368-403.

Қосымша әдебиеттер:

5.«Водоснабжение и канализацияң Кедров В.С., Пальгунов П.П., Москва. 2004г., 288 с.

6.«Очистка сточных вод и вторичное использование нефтепродуктовң Роев Г.А., Юфин В.А., Москва, 2007г., 224 с.

7.Тихомиров Ю.П., Грачева М.П. Глухов С.П., Комракова Е.А.«Гигиеническая эффективность мероприятий по охране водоемов в районе крупного территориально-производственного комплекса химической промышленностиң./Гиг. и сан. 2000. 39.

8.«Микробиологическая очистка промышленных сточных водң Юровская Е.М., Киев, 2004г.

9.Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., М. 2006, - Киев, «Здоровьяң.

10.Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 1 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2005. – 304 с.

11.Мазаев В.Т., Гимадеев М.М., Королев А.А., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 2 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2006. – 336 с.

12.А.Н.Марзеев, В.М.Жаботинский «Коммунальная гигиенаң М., «Медицинаң, 1979 г.

13.Гигиена. / Под ред. акад. РАМН П.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР Медицина, 2000.

14.Пивоваров Ю.Л. Гигиена и основы экологии человека: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений. - М.: "Академия", 2004.

15.Пивоваров Ю.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и экологии человека. - М.: ВУНМЦ МЗ РФ. - 1999.

7. Бақылау: ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет).

Қосымша

Қалалық ағынды суларды тазартудың мақсаты төмендегідей:

  1. Механикалық тазарту ағынды сұйықтықты негізі ластаушылардан, соның ішінде органикалық емес бөлігінен босату.

  2. Биологиялық тазарту – еріген органикалық және колоидты заттардан босату.

  3. Зарарсыздандыру – патогенді микрофлорадан тазарту.

  4. Тумбаны зарарсыздандыру және утилизациялау.

Тазарту қондырғыларының өнімділгін ағынды суларды тазарту схемасын таңдаған кезде ескерту қажет. Қондырғының өнімділігі мен оған берілетін гидравикалық жүктеме толық сәйкес келгенде ғана максималды тиімділікке қол жеткізуге болады.

Механикалық тазарту. Механикалық тазартудың алғашқы қондырғысы торлар болып табылады. Жинақ толған қалдықтар, егер станцияның өнімділігі тәулігіне 0,1 м3 ағынды сұйықтықты тазартатын болса, механикалық праблелармен тазартылады. Содан соң қалдықтар гидротранспортпен ұсақтағыштарға жіберіледі. Ұсақталған масса тор алдында сұйықтыққа қайта құйылады. Кіші станцияларда қалдықтар торлардан ашамен жинап алынып, контейнерлермен қалдық тастайтын жерлерге шығарылады.

Құмұстағыштар станцияның өнімділігі тәулігіне 100 м3 жоғары болса ұйымдастырылады.

  • жүктемесі тәулігіне 5000 м3 дейін болса , құмұстағыштардың тангенциалды;

  • тәулігіне 20000 м3 көп болса - аграцияланатын;

  • тәулігіне 10 000 м3 көп болса – горизонталды түрі таңдалынады.

Тұндырғыштар – жүктемесі тәулігіне 20000 м3 дейін болса вертикалды, 20000 м3 жоғары болса - радиалды және горизонталды тұндырғыштар таңдалынады. Вертикалды тұндырғыштар грунт суларының деңгейі төмен болғанда ғана пайдаланылады. Тазарту тиімділігі 60-70%.

Септиктер – жүктемесі тәулігіне 25 м3 дейін болғанда пайдаланылады және содан соң биологиялық тазартудан өткізіледі. Кіші тұрғын мекендер және жеке тұрғын объектілер үшін пайдаланылады. Тазарту жиілігі 80%.

Екі ярусты тұндырғыштар - ағынды су шығыны тәулігіне 10 000 м3 дейін болғанда пайдаланылады. Тазарту тиімділігі 60-70%.

Биосүзгілер – жүктемесі тәулігіне 10 000 м3 дейін болғанда пайдаланылады.

Аэросүзгілер – ағынды су жүктемесі тәулігіне 50 000 м3 дейін болғанда пайдаланылады. Оттегі биохимиялық пайдалану (толық) (БПК полное) 300 мг/л – ден аспауы керек.

Аэротенктер - ағынды су мөлшері тәулігіне 50 м3 дейін болғанда пайдаланылады.

Преаэраторлар - механикалық және биологиялық тазарту тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады. Құрамында аэратенк бар тазарту стационарында біріншілік тұндырғыштар алдында орналастырылады.

Сүзу алаңдары – ағынды суларды тек тазартуға арналған жер учаскелері. Аланға құйылатын ағынды судың жүктемесі топырақтың сипатымен, климаттық ауданмен, жыл мезгілімен және алдын ала тазарту сапасымен анықталады. Сүзу алаңдарының жұмысшы карталарының пайдалы ауданы СНиП «Канализация наружные сети и сооруженияң құжатындағы № 47 бойынша анықталады.

Қондырғылар канализациясының 3 негізгі топтарына бөлінеді:

1. Үлкен - ағындар тәулігіне 10 000 м3 –тен жоғары болса.

2. Кіші - тәулігіне 25-тен 10 000 м3 -ке дейін болса.

3. Жергілікті - тәулігіне 25 м3 -ке дейін болса.

Содан соң ағынды суларды гигиеналық бағалау әдістері мен схемаларының әдістемесімен өз беттерімен танысады.

1. Анықтаңыз.

1.1. Канализация жүйесі жүргізілетін объект (қала, қалалық және селолық түрдегі қала,

ұландар лагері және т.б.) және оның перспективадағы дамуы.

1.2. ағынды сулардың тәуліктік мөлшері (Q 25 м3 /тәулік) және оларды ағызды тәртібі.

1.3. Ағынды сулардың құрамының ерекшеліктері.

2. Канализацияланатын мекеменің орналасу орнын және орташа жылдық температурасы,

топырақтың сипаты, грунт суларының тұру деңгейі бойынша табиғи жағдайларды

бағалау.

3. Тазартылған ағынды суларды өндірістік және ауыл шаруашылығында пайдалану

мүмкіндігін ескере отырып, жергілікті жағдайларға және бастапқы құрамына

байланысты ағынды суларды тазартудеңгейін анықтаңыз.

4. Ағынды суларды тазартуға ұсынылған әдістерімен (табиғи, жасанды) танысу.

5. Ағынды суларды суларды олардың мөлшеріне, құрамының ерекшеліктеріне, табиғи

жағдайларға байланысты тазартуға ұсынылған әдістермен танысу.

6. ағынды сулар табиғи тазартуда қарастырып бағалаңыз:

6.1. Қондырғылардың сипаты (суғару алаңдары, сүзу алаңдары, биологиялық тоғандар, жер

асты сүзу алаңдары).

6.2. Алдын-ала түссіздендірудердің қажеттілігі.

6.3. Ағынды сулардың жүктемелері «qң (СНиН «Канализация. Наружные сети и

сооруженияң).

6.4. Қондырғылардың пайдалы жалпы ауданы төменгі формуламен анықталады:

и Wжалпы=Wқажетті + K Wқажетті;

мұндағы: Wқажетті – алаңның қажетті ауданы;

Q – ағынды судың шығыны м3/тәулік;

q- СНИП «Канализация. Наружные сети и сооруженияң, 47, 49 кесте бойынша алаңдардағы ағынды судың жүктемесі.

Wжалпы – сүзу алаңдарынң мөлшері;

К – көмекші қондырғылар құрылымдары есебінен ауданды үлкейтуді ескертетін коэффициент, ол мына мәнге тең: 0,15-0,25.

6.5. Суғару және сүзу алаңдарының құрылымы: карталардың саны мен мөлшері, дренажды

жүйені сипаты мен оны ұйымдастыру.

7. Ағынды суларды жасанды тазарту әдісіне қарастырып бағалаңыз:

7.1. Тазарту сатылары.

7.2. Механикалық тазарту қондырғыларының құрамы.

7.3. Биологиялық тазарту қондырғыларының құрамы.

7.4. Зарарсыздандыру қондырғылары.

7.5. Тұнбаны зарарсыздандыру қондырғыларының құрамы.

8. Ағынды суларды мөлшерімен, сипатымен жергілікті жердің ерекшеліктерімен

салыстырып, тазарту схемасын толығымен бағалаңыз. Қондырғылардың құрамын

және типін.

9. Ағынды суларды тазарту әдістері мен схемаларына жазбаша түрде қорытынды

беріңіз.

Дағдыларды тереңдетіп меңгеру үшін жағдайлық есептерді шешу қажет.

Есеп мысалы.

Н. қаласында қалалық ағынды суларды аэрация станциясында тазартатын канализация жобаланып отыр. Тазарту схемасы және қондырғылар жинағы төмендегідей: металл тырмасы және ұсақтағышы бар торлар. 2 көлденең құм ұстағыш, 6 біріншңлік көлденең тұндырғыштар, 6 аэротенк, 4 көлденең тұндырғыштар, 2 контактылы резервуар, ЛК-10 хлораторлары, метантенктер. Ағынды сулардың тәуліктік мөлшері 30 000 м3 . Н. қаласы ІІ климаттық ауданда орналасқан, топырағы – құмдақты, грунт суларының тұру деңгейі 0,5 м.

Ағынды суларды тазартуға ұсынылған тазарту әдісін бағалау қажет.