
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х .Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
- •«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәнінен сырттай және қашықтан оқитын білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Пәннің мақсаты мен міндеті:
- •«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі
- •Лекция 1. Ел экономикасының қазіргі кезеңдегі даму сатысындағы сауданың рөлі
- •Лекция 2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау
- •Лекция 3. Көтерме және бөлшек тауар айналымының экономикалық мәні мен мазмұны
- •Лекция 5. Жеткізу келісім –шарттары бойынша тауарларды сатуды және босатуды есепке алу
- •Лекция 7. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерімен анықталатын бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
- •Лекция 8. Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу ерекшеліктері
- •Лекция 9. Тұқым және минералдық тыңайтқыштарды есепке алу.
- •Лекция 10. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін --өндіру есебі және құжаттау рәсімдемесі.
- •Лекция 11. Өсімдегі және бордақыдағы малды есепке алу ерекшеліктері.
- •Лекция 12. Өсімдегі және бордақыдағы малдарды есепке алудың бастапқы есебі және құжаттау.
- •Лекция 13. Мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу тәртібі.
- •Лекция 14. Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •Лекция 15. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі.
Лекция 8. Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы №442-2 жер кодексіне сәйкес, жер ҚР егемендігі белгіленетін шектігі аумақтық кеңестік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек поцесінің аумақтық негізі.
Қазқстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді.
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
орман қорының жері;
су қорының жері;
босалқы жер;
Жер белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады. Жердің құқықтық режимі оның қай санатқа тиесілігіне және жерді (аумақтығы) аумақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдалануына негізделіп айқындалады.
ҚР-да жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскілері жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
ҚР-ның жер кодексінің 24-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және жеке меншік құқығымен берілуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен ҚР-ның азаматтарына шаруа (ферма) қожалығына жүргізу үшін және ҚР-ның мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау ақылы негізде жүргізіледі.
ҚР-да жерге мемлекеттік меншік пен жеке менік танылады. Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың формалары ҚР Үкіметімен бекітіледі.
ҚР жер кодексінің 35-бабына сәйкес, жер учаскесі азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.
Жалға алынған әне жалға берілетін жер есебі.
Жер телімдері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадаймен жер пайдалануға беріледі.
Тұрақты жер пайдарану:
Кондомениюм обьектілеріндегі үйлерді, үй жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен иеленетін заңды тұлға.
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
ҚР Заң актілерінде көзделген өзге де жағдайлар.
Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдіктерге жер пайдалануға берілмейді.
20.06.2003 №442 II
Уақытша жер пайдалану құқығы:
Жер телімі Азаматтар мен заңды тұлғалар уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) және уақытша өтеусіз жер пайдалану құқыңымен берілуі мүмкін.
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейін дейін мерзімді табысталады.
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқы мерзім 5 жылға дейін.
Ұзақ мерзім. 5жылдан – 49 жылға дейін берілуі мүмкін.
Өтеусіз жер пайдалану құқығымен:
Шалғайдағы мал игеру үшін (маусымдық жайылымдар)
Тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін
Мемлекеттік жерді пайдалану үшін
Бақша өсіру үшін
Ортақ пайдалану жолдарды салу. Мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік мақсаттағы обьектілерді құрылыс кезеңінде тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде.
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы.
Жалдау. Бұл құқық азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың сондай – ақ халықаралық ұйымдастыру табысталуы мүмкін жалдау құқығы. ҚР АЗАМАТТАРЫ – 49 ЖЫЛ, ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ -10 ЖЫЛ ЖАЛҒА беруші мен алушы келісім шарт жасады.
Жер аумағы, жердің сапалық жағдайы, жал мерзімі, тәртібі, жал төлемін төлеу мерзімі, жердің құнарлығын сақтау бойынша міндетті бөлу т.б.
Жалға алушы жал төлемін жылына 1 рет тоқсан сайын есептеп отырады.
Босалқы жер – меншікке немесе жерді пайдалануға берілмеген аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер босалқы жер болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамы, ауыл шаруашылық алқптары, ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қоражайлар мен ғимараттар орналасқан жер т.б. сор, құм, тақыр жатқызылады.
Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуы тиіс. Ауыл шаруашылығы алқаптарны – егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар жайылым жерлер жатады.
Егістік – жүйелі түрде өңделетін ауыл шаруашылық дақылдарының егістігін пайдаланатын жер учаскелері тыңайған жер бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап 1 жылдан аса ауыл шаруашылық дақылдарында пайдаланылмайтын жер учаскесі, көп жылдық екпелер – жеміс-жидек, техникалық дақылдар және дәрі – дәрмек түсімін алуға аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылғын ағаш, бұта, екпелерін пайдаланатын жер учаскелері.