- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х .Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
- •«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәнінен сырттай және қашықтан оқитын білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Пәннің мақсаты мен міндеті:
- •«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі
- •Лекция 1. Ел экономикасының қазіргі кезеңдегі даму сатысындағы сауданың рөлі
- •Лекция 2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау
- •Лекция 3. Көтерме және бөлшек тауар айналымының экономикалық мәні мен мазмұны
- •Лекция 5. Жеткізу келісім –шарттары бойынша тауарларды сатуды және босатуды есепке алу
- •Лекция 7. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерімен анықталатын бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
- •Лекция 8. Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу ерекшеліктері
- •Лекция 9. Тұқым және минералдық тыңайтқыштарды есепке алу.
- •Лекция 10. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін --өндіру есебі және құжаттау рәсімдемесі.
- •Лекция 11. Өсімдегі және бордақыдағы малды есепке алу ерекшеліктері.
- •Лекция 12. Өсімдегі және бордақыдағы малдарды есепке алудың бастапқы есебі және құжаттау.
- •Лекция 13. Мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу тәртібі.
- •Лекция 14. Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •Лекция 15. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі.
«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі
№ |
Оқулықтар, оқу құралдарының және т.б. атаулары |
Баспа, шыққан жылы |
Кітапхана –мекен -жайы |
Саны |
1. |
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР заңы ( 28.02.2007). |
Бухгалтер бюллетені, 2007.-№28 |
ТарМУ кітапха-насы |
1 |
2. |
Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принцип-тері |
Алматы: 2001.-238б. |
ТарМУ кітапха-насы |
10 |
3. |
Н.Ә. Байболтаева. Бухгалтерлік есеп принциптері |
Алматы: 2002.-330бет |
ТарМУ кітапха-насы |
5 |
4. |
С.Б. Баймұханова Бухгалтерлік есеп : Оқулық |
Алматы: Издат Маркет, 2005.-312 бет. |
ТарМУ кітапха-насы |
5 |
5. |
Қ.К. Кеулімжаев Қаржылық есеп. Оқулық |
Алматы: Экономика, 2003. -384бет. |
ТарМУ кітапха-насы |
20 |
6. |
Радостовец В.В. Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета |
Алматы: «Центраудит –Казахстан», 2000. – 496с. |
ТарМУ кітапха-насы |
10 |
7. |
Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы |
Алматы: Қазақстан –аудит орталығы, 2002.- 656бет |
ТарМУ кітапха-насы |
10 |
8. |
А.П. Салина Принципы бухгалтерского учета: Учебное пособие |
Алматы: «Экономика, 2003.-370с. |
ТарМУ кітапха-насы |
5 |
Лекция 1. Ел экономикасының қазіргі кезеңдегі даму сатысындағы сауданың рөлі
Қоғамдық өнімнің тауар түрінде сатып алу - сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы обьективті қажеттілік пен мақсатқа сәйкестіктен туындайды.
Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауарлар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы: көтерме сауда және бөлшек сауда болып бөлінеді. Олар тер тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты.Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық орлым жүйесін тауарлардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйсінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.
Көтерме сауда тауарлары ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың объективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекеленген аудандарының табиғи-климаттық және көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарынан тікелей тұтыну саласын түсуі мүмкін емес. Сондықтан көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.
Бөлшек сауда тауарларды жеке тұтыну мақсатында тікелей халыққа қолма-қол есептесу арқылы немесе басқа тұтынушыларға шағын көтерме оралым ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы студы жүргізеді, сонымен тауарлар біржолата сатылып, сатып алу мен сату актілері нәтижелерінде олар оралым саласынан тұтыну саласын түседі.
Мемлекетіміздің қаржылық тұрақтылығыүшінде сауданың маңызы зор. Тауарларды сату нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығы мен акциздер тауар бағасының элементтері ретінде әрбір сатып алу-сату операцияларынан есептеліп алынып, тікелей түседі. Сондықтан бұл салықтардың сомасы көп жағдайда тауарлар оралымының жылдамдығына байланысты.
Әлеуметтік-эканомикалық тұрғыдан халық тұтынатын тауарлар саудасы үш түрде дамиді: Мемлекеттік, кооперативтік және колхоз саудасы.Бұл өндіріс құрал жабдықтарына екі қоғамдық меншік (мемлекеттік және колхоз-коопиративтік) және шаруалар мен фермелер қожалығы, жұмысшылар мен қызметкерлер, жеке көмекші шаруашылығынан алынған артық ауыл шаруашылығы өнімдері бар ауыл тұрғындарының жеке меншіктің болғаны туындайды.
Сауданың негізгі шруашылық орны – сауда мекемелері (кәсіпорындары).
Сауда мекемелері (кәсіпорындары) болып халық тұтынатын тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға құқы бар дербес шаруашылық орны саналады.
