- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х .Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
- •«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәнінен сырттай және қашықтан оқитын білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Пәннің мақсаты мен міндеті:
- •«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі
- •Лекция 1. Ел экономикасының қазіргі кезеңдегі даму сатысындағы сауданың рөлі
- •Лекция 2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау
- •Лекция 3. Көтерме және бөлшек тауар айналымының экономикалық мәні мен мазмұны
- •Лекция 5. Жеткізу келісім –шарттары бойынша тауарларды сатуды және босатуды есепке алу
- •Лекция 7. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерімен анықталатын бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
- •Лекция 8. Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу ерекшеліктері
- •Лекция 9. Тұқым және минералдық тыңайтқыштарды есепке алу.
- •Лекция 10. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін --өндіру есебі және құжаттау рәсімдемесі.
- •Лекция 11. Өсімдегі және бордақыдағы малды есепке алу ерекшеліктері.
- •Лекция 12. Өсімдегі және бордақыдағы малдарды есепке алудың бастапқы есебі және құжаттау.
- •Лекция 13. Мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу тәртібі.
- •Лекция 14. Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •Лекция 15. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі.
Лекция 3. Көтерме және бөлшек тауар айналымының экономикалық мәні мен мазмұны
Сауда мекемелері мен кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметтерінің негізгі көлемді көрсеткіші болып тауар оралымы есептеледі, ол белгілі мерзімде (ай, тоқсан, жыл) сатылған тауарлардың көлемін көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, тауар оралымы сауда жүйесін ұйымдастыру түріне сәйкес көтерме сауда оралымы және бөлшек сауда оралымы олып бөлінеді.
Көтерме сауда оралымы деп тұытыну бұйымдарының келешекте бөлшектеп сату үшін көбінесе бөлшек сауда кәсіпорында-рына, сондай-ақ өндірістік тұтыну немесе қайта өндіру үшін басқа мекемелерге ірі партиаларымен сатылған көлемін айтады. Тауар қозғалысының қалыптасқан түрі бойнша көтерме тауар оралымы екі түрде болады: қоймалық және транзиттік.
Қоймалық сауда оралымы деп тауарларды сауда және басқа кәсіпорындарға көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларынан көбінесе маусымды сұраныстағы тауарлар, мерзімінен бұрын жеткізілетін және бөлшек сауда кәсіпорындарына жеткілікті кең түр-түрін түсіру үшін алдын-ала сұрыптау және іріктеп жинақтауды қажет ететін күрделі түр-түрлі тауарлар сатылады.
Транзиттік сауда оралымы деп тауарларды (көбінесе жай ассортимент; қант, ұн және т.б.) жабдықтаушылардан (жекізушілерден) көтерме сауда кәсіпорындарына соқпай тікелей сатып алушы мекемелер мен кәсіпорындарға жеткізуді айтады. Ол екі түрлі тауар оралымына бөлінеді: жабдықтаушылар (өндірушілер) мен сатып алушылар (тұтынушылар) арасындағы есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуымен (төленген транзит) және есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатыспауымен (төленбеген транзит немесе ұйымдастырылған транзиттік оралым.)
еБөлшек сауда оралымы дегеніміз – тұтыну бұйымдарының халыққа олардың ағымдағы және алдағы ақшалай табыстарына қолма-қол есеп айырысу арқылы айырбастау және несиеге беру көлемі. Осылайша бөлшек сауда оралымының негізгі экономикалық мазмұн ұортындылауға болады.
Бөлшек сауда оралымына тауарларды халыққа сатудан басқа, сондай- ақ бөлшек сауда кәсіпорындарынан шағын көтерме оралымы түрінде жекеленген заңды тұлғаларға (ауруларды – емделу орындарында, демалушыларды – санаторийлер мен демалыс үйлерінде, балаларды – балалар үйлерінде, бақшаларда, яслилерде, мектептерде, оқушылар интернаттары мен лагерінде, мүгедектерді – мүгедектер мен қарттар үйлерінде және т.б.) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сатылған азық-түлік емес тауарлар сомалары кіреді. Бұл тауарлар оралымы тағы да шағын көтерме деп аталады.
Бөлшек сауда оралымының құрамы Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің арнайы нұсқаулығымен анықталады.
Лекция 4. Тауарлардың түсуін есепке алу
Халық тұтынатын тауарлардың кең және тұрақты түр түрінің болуын және халықты үзіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері (кәсіпорындары)оларды жабдықтаушылардан қажетті мөлшерде және түр-түрін сатып алуды ұйымдастырулары керек. Жабдықтаушылар болып негізінде менщіктің барлық нысанындағы заңды тұлғалар - өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары және жеке тұлғалар болады. Сауда мекемелерінің (кәсіпорындарының) жабдықтаушылармен тауарларды сатып алу туралы қарым-қатынастары жеткізу келісім-шарттарымен, сатып алу-сату шарттарымен, консигнация ( өткізу ) туралы келісім- шарттарымен, комиссиялық келісім- шарттарымен, контракттарымен және т.б. құқықты құжаттармен рәсімделеді.
Жеткізуде елеулі ерешеліктер бар тауарлар бойынщша келісім шарттарды жасаудың тәртібі Тауарларды жеткізудің ерекше келісім- шарттарымен реттеледі.
Жеткізу келісім- шарты – құқықтық құжат, осы арқылы мекеме келісілген мерзімде тауарларды қажетті мөлшерде және түр-түрімен сатып алушы мекемеге табыс етуді, ал сатып алушы мекемеге тауарларды қабылдап алып, оларды белгіленген (шартты) бағамен төлеуді міндеттенеді.
Жеткізу келісім- шарты тек жазбаша түрде, қағида бойынша бір жылға жасалады. Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасында тұрақты шаруашылық байланыс болғанда келісім- шарттарды бірнеше жылға жасай алады, бірақ тауарлар мөлшері, түр-түрі, сапасы, жеткізу мерзімдері және басқа қажетті талаптары жыл сайын міндетті түрде келісіледі.
Жеткізу келісім-шартында жеткізуге жататын тауарлардың мөлшері (саны) және толық түр-түрі; тауарлардың сапасы мен жинағы (түгел болуы); келісім-шарттың күшінің жалпы мерзімі және жеткізу мерзімдері; тауарлардың ьағасы; шарттың жалпы сомасы мен есеп аыйрысу тәртібі; ыдыстар мен буып- түюге қойылатын талаптар; тауарларды тиеу, жеткізу және өткізу тәсілдері, сондай-ақ оларды бір орталықтан жеткізу келісім-шарттары; жабдықтаушы мен сатып алушының төлемдік және пошталық мағлұматтары(реквизиттері) көрсетілуі керек, сондай-ақ сатып алушының жүк тиеп жіберерлік деректемелері(реквизиттері); келісуші жақтар келісім-шартта қажет деп санайтын басқа талаптарды қарастырады. Келісім- шарттың мазмұнының нағыз қажетті жері ондағы келіскен жақтардың біреуінің талаптарды орындалмаған немесе тиісті дәрежеде атқарылмағаны үшін тұрақсыздық айыбы, өсімдер немесе айыппұл төлеу түріндегі белгіленген жазалау шараларының бар болуы.
Айыптық жазалау шаралары жабдықтаушыларға тиеп жіберу мерзімін бұзғаны, сапасыз тауарлады жеткізгені, жинақсыздығы (түгел болмауы), тауарлар мен ыдыстарды таңбалаудың жоқтығы немесе тиісті дәрежеде таңбаламаған, сондай-ақ тауарларды тиісті дәрежеде емес ыдыстарда немесе буып-түйілмей жеткізілгені және басқа жағдайлар үшін қолданылады.
Сауда мекемелері (кәсіпорындары) тауарларды басқа қалалық және бір қалалық жабдықтаушылардан алады. Басқа қалалық жабдықтаушылар тауарларды темір жол,су,әуе және автомобиль көліктерімен жөнелтеді, ал бір қалалық жабдықтаушылар тауарларды автомобиль көлігімен орталықтандырылып тасып беру түрінде жеткізеді. Мұнымен қатар, сауда мекемесінің менеджерлері (экспедиторлары) тауарларды тікелей жабдықтаушылардың базалары мен қоймаларынан алып, оларды өз автокөлігімен әкеле алады.
Сауда мекемелеріне (кәсіпорындарына) тауарларды жабдықтаушылардың жөнелтуі тиіспе ілеспе тауарлық, есеп айырысу және көлікиік құжаттарымен рәсімделенеді.
Тауарлық деп жөнелтілген тауарлардың санын және сапасын растайтын және тауарларды жабдықтаушыдан соңғы алушыға дейінгі барлық жүріс жолында қоса жүретін құжаттарды атайды. Оларға шот-фактурлар, тауар-көлік құжаттары, спецификация, жүк түбірдегі және басқалары жатады.
Есеп айырысу – бұл жіберген тауарлар үшін есеп айырысуға негіз болатын құжаттар, оларды жүк жіберушілер банкіге тапсырады. Мұндай құжаттарға жеткізу келісім-шартымен келісілген есеп-айырысу нысандарына байланысты төлем талап-тапсырмасы немесе төлем тапсырмасы жатады.
Көлікітік – бұл тасылған жүктер мен көлік қызметтерін растайтын және көлік ұйымдарымен есеп айырысуға арналған құжаттар.
