Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БУ в торг. и сел.хоз. Есенова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
312.32 Кб
Скачать

Лекция 2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптық болмаған жағдайда үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорындардщда қажетті тауар қоры болуы қажет.

2- «Босалқылар» JAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес бұл ұйымның қалыпты қызмет барысында қайта сату үшін сатып алған және сақталған тауарлар. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары кіреді.

Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі рыноктағы (айналым саласындағы) қоғамдық өнімнің бөлігі. Тауар қорының міндеті- бұл толассыз өндіріске және үзіліссіз өткізуге кепіл болу. Олардың өндірістік қорлармен салыстырғанда, өз мәнісі боынша мағызды айырмашылығы олардың жұмсалуы біршама күткендей болмайды.

Сонымен, тауар қорлары сауданың материалдық-техникалық базасы бар жағдайда тауар қорлары халық мұқтаждығына толық сәйкес болуы, ең аз шығынмен бөлшек тауар оралымының әсерлі дамуын қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ сауданың тиімділігін және сатып алушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады.

Тауар қорлары өздерінің міндеттері мен тұрған жеріне байланысты жыратылады.

Тауар қорлары міндеттері бойынша: ағымдағы, маусымдық сақтау және мерзімінен бұрын жеткізу қорлары болып жіктеледі.

Ағымдағы тауар қорлары екі кезекті түсудің арасындағы кезеіде тауарларды күнделікті үзіліссіз сатуды қамтамасыз етуге арналады және олар тауарлардың әрбір кезекті түсуімен үнемі жаңарады. Сонымен, әрбір тауар бойынша қорлардың мөлшері сату көлемі мен тасып әкелу жиілігімен анықталады, сондықтан бұл жағдайда тауарларды тасып әкелу біршама бірқалыпты, азғантай уақыт аралығында жүргізіледі.

Маусымдық сақтау тауар қорлары жыл мезгіліне сәйкес өндірілетін өнім және тұтынатын кейбір тауарлармен сауданы үзіліссіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін жасалады. Мұндай тауарларға тұтыну маусымы кезінде олардың сатылу көлемі ағымдағы өндірістен асып түсетін тауарлар жатады.

Тауар қорлары тұрған жері бойынша мынадай түрлерге бөлшектенеді: тауар өндіруші кәсіпорындардың қоймасындағы тауар қорлары, көтерме сауданың қоймаларындағы тауар қорлары, бөлшек сауданың қоймаларындаңы тауар қорлары.

Тауар өндіруші кәсіпорындардың қоймасындағы тауар қорлары - өнеркәсіп кәсіпорындарының дайын өнімдері тауар қорлар жиынтығының бөлігі ретінде олардың қоймаларында сату үшін шоғырланады.

Көтерме сауда қоймаларындағы тауар қорлары – бұл келешекте бөлшек сауда мекемелеріне (кәсіпорындарына) және басқа тұтынушыларға сату үшін көтерме сауда кәсіпорындарынан (базалардан) сатып алып, өздерінің қоймаларында сақталған тауарлар.

ҚХ2 ҰС 12 бөлімінде келесі терминдерді қолданады :

1.қорлар –бұл активтер

- қалыпты қызмет жағдайында сатуға алдын-ала дайындау;

- немесе өндіріс процессіндегі, сондай сатуға;

- шикізат немесе материал формасында өндіріс процесінде қолдануға дайындық немесе қызмет көрсеті алдында.

Сату кезіндегі таза түсім- бұл сату кезіндегі немесе жұмыстың қалыпты жағдайындағы күтілген баға.

ҚЕ2 ҰС –қорлар – бұл сатып алынған және қайта сату үшін сақталып тұрған тауарлар. Бұларға мысалы жеке сатушылардан алынған тауралар, немесе жер және басқа да қайта сатуға арналған заттар. Сондай-ақ, қорлар дайын және аяқталмағаг өнімдерден тұрады, яғни болашақта өндіріс процесіне қатысуға арналған материалдар.

1300-«Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет бараысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте, немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай топтарды қамтиды:

1310-«Шикізат және материалдар», онда өндірістік процестерде, одан әрі пайдалануға шикізат және материалдар есепке алынды;

1320-«Дайын өнім», онда дайын өнім есепке алынады;

1330-«Тауарлар», онда сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлардың қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

1340-«Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;

1350-«Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;

1360-«Қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетілді.

Қорларды екіге бөлу арқылы өлшеуге болады: өзіндік құны және өткізудің таза түсімі.

Қорлардың өзіндік құнына кеткен шығындар, белгілі бір мақсаттағы қорлардың ағымдағы жағдайы және ағымдағы уақыттағы қорлардың орналасу орындары жатады.

Қордың өзіндік құнын анықтаудағы әдісі, нақты шығындар есебінің әдісі және сату бағасының әдісінің есебі өзіндік құнда шамамен қолданыста жеңілдік болуға мүмкіндігі бар болса.

Қорлардың өлшеу әдістерінің жүйелілігінде, компания барлық мінездері мен компанияларды пайдалану әдістері ұқсас қорлар үшін қорлардың құнын есептеудің бір әдісін қолдану қажет. Мінездерімен немесе қолдану әдістерімен өзгешеленетін қорлар үшін (мысалы, тауралрадың анықталған түрлері, бір бизнес сегментте қолданылатын және басқа бизнес сегменттерінде қолданылатын сондай тауарлар түрлері) әртүрлі есептесу құн әдістері ақталуы мүмкін. Қорлардың тұрған жерінің айырмашылығы әртүрлі есептесу құн әдістерін қолдануға ақталу үшін жеткіліксіз.

Қорлар зақымдалса, толығымен немесе жарым –жартылай ескірсе немесе олардың сатылу құны төмендесе қорлардың өзіндік құны қайтарымсыз болуы мүмкін. Егер сатудан орындауға немесе аяқтауға кткен шығындар өссе, қорлардың өзіндік құны сондай—ақ қайтарымсыз болуы мүмкін. Таза құны мүмкін айналымдарға дейінгі өзідік құны төмен қорларды шығынға жазу тәжірибесі активтердің олардың сатылу немесе қолдану сомаларынан жоғары есептелмеу керектігіне жауап береді.

Қорлар әдетте таза құнның статьясы мүмкін айналымына дейін шығарып тастайды. Бірақ, кейбір жағдайларда ұқсас немесе бір-бірімен ұқсас статьяларды топтастыру ыңғайлы болуы мүмкін.

Таза құнның мүмкін айналымдылық төлемдері ең сенімді дәлелде негізделеді : қорлар көлеміне, есептердің орындалу кезеңінің айналымына арналған. Бұл төлемдер жыл соңында мұндай оқиғалар қандай жағдай дәрежесінде болғанын, жыл соңынан кейін болып жатқан оқиғаларға міндетті түрде қатысты өзіндік құнның немесе құнның тербелісін есепке алады.

Сонымен қатар бар қорлар арналымы таза құнның мүмкін төлемдерімен есептесу кезінде де есепке алынады. Мысалы, қорлардың төлемдерінің мүмкін таза құны тауарларды сатуға келісім-шартының орындалуына немесе қатаң бағалар бойынша қызмет көрсетулерге арналған. Осы келісім –шарттарда белгіленген бағада негізделеді. Егер бар қорлар көлемінен сату көлемі мұндай келісім шарттардан төлем болса, онда мүмкін таза құн қалған қор бөліктерін өткізу, өткізу құнының ортақ деңгейінде негізделеді.

Шикізаттар мен қорлардағы басқа да материалдар өзіндік құннан төмен есептен шығарылмайды, егер олар құрамына кірген дайын өнім алдын ала өзіндік құны немесе одан жоғары бағамен сатылса. Егер шикізат бағасының төмендеуі дайын өнімнің өзіндік құны мүмкін өткізілудің таза өзіндік құнынан жоғарылауын көрсеткен жағдайда шикізат өткізудің таза құнынан есептен шығарылады. Мұндай жағдайда шикізатты ауыстыруға кеткен шығындар сатудың мүмкін таза құнын өлшеушілердің ең жақсысы болуы мүмкін.