Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БУ в торг. и сел.хоз. Есенова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
312.32 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х .Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Бекітемін

Экономика және бизнес институты-ның жұмыс бағдарламалары бойын-ша комитет төрайымы

_________________Г.Т. Аширбаева

"_____" _________________ 2011ж.

«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәнінен сырттай және қашықтан оқитын білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)

Кафедра: «Есеп және аудит»

Прекреквизиті: Бухгалтерлік есеп қағидалары

Постреквизиті: Тәжірибелік аудит

Мамандық : Есеп және аудит

Кредит саны : 3 кредит

Оқытушының аты -жөні: аға оқытушы М.Ж.Есенова

Мекен жайы: Төле би көшесі 60, 2 корпус, 2.5 402

Телефоны: 45-85-69

Тараз 2011 ж

Пәннің мақсаты мен міндеті:

Пәнді оқытудың мақсаты: сауда және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру бойынша болашақ мамандардың теориялық білімі мен тәжірибелік іскерлігін қалыптастыру.

Курстың мәселелері:

  • бухгалтерлік есептің негіздерін, концепцияларын және принциптерін оқып үйрену;

  • нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есептің ерекшеліктерімен танысу;

  • теориялық және әдістемелік дайындық үшін бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін игеру;

  • салық салу жүйесімен танысу.

Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер келесі жәйлерді білуге тиіс:

  • қаржылық нәтижелерді анықтау және шаруашылық үрдістерді басқару мақсатында бухгалтерлік есепті құру принциптері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін білу;

  • кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы, оның мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық және сенімді ақпарат қалай қалыптасатынын және т.б.

Курстың құрамдас бөліктері және оны игерудегі негізгі талаптар:

Студенттер пәнді қызығушылықпен және белсенділікпен оқуы қажет. Берілген пән бойынша сабақ апта сайын 75 минуттан екі аудиториялық сабақ ретінде жүреді, оларға қатысу міндетті. Сабақ ауқымы аралас, яғни өз бетімен дайындалуды қарастыратын аудиториялық сабақтардан тұрады. Берілген материалдардан басқа сабаққа дайындалу барысында ұсынылатын қосымша әдебиеттерді пайдалану қажет.

Лекциядан кейін және тақырып бойынша негізгі ақпарат көздерімен танысқаннан соң, оқылған материалдар бойынша конспект пен тезистер құру қажет. Олар апта сайын оқытушымен тексеріледі және бағаланады. Сабақта студенттердің қызығушылығы мен белсенділігі ынталандырылады, сонымен қатар шығармашылық жұмысы үшін жоғарғы баллдар қойылады.

Өз бетінше дайындалу үшін сұрақтар жұмыс бағдарламасына сәйкес оқытушымен алдын-ала беріледі. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) алынған білімді нығайту кезінде жеке белсенділікті анықтайды. Бұған мыналар кіреді: өндірістік жағдайлар бойынша мәселелерді шешу, ЭВМ-ды қолдану арқылы ақпараттарды өңдеу және т.б. Кей жағдайда алдын-ала ескертусіз студенттен ауызша немесе жазбаша жауапты талап етуі мүмкін (экспресс-жауап, тесттік тапсырмалар, карточкалар және т.б.). сонымен қатар бұл жауаптар жалпы рейтинг жинағында бағаланады және ескеріледі. Сабаққа белсене қатысу бал жинауда көмектеседі. Одан басқа білімгердің дайындығы тесттік тапсырмалар, жазбаша жұмыстар, ауызша сұрау арқылы тексеріледі.

Аралық аттестация оқу семестрінің аралығында екі рет өткізіледі (7,14 апта). Жиынтық бақылау экзамен түрінде жүзеге асырылады. Экзамен барлық өткен тапсырмаларды қамтиды және тест түрінде жүзеге асады.

Барлық тапсырмалар белгіленген уақытта орындалуы керек. Уақытылы орындалмаған тапсырмалар қабылданбайды және «F» деңгейіндегі балмен бағаланады.

2-кесте. Сырттай оқитын білімгерлерге арналған бағалау саясаты

Компоненттер

Тапсырмалар саны

1 тапсырмаға берілетін максималдық балл

Ең жоғары балл

2.

Сабақтағы белсенділік

10

1

10

4.

СӨЖ

5

6

30

5.

Қорытынды емтихан

60

Жинағы

100

Белсенділік. Аудиториялық сабақтарда белсенді түрде қатысып отыру үшін сіздер жақсы дайындықпен келулеріңіз керек. Сабақта белсенді қатысып отыру балды көбірек алуға мүмкіндік береді.

Сіздердің дайындықтарыңыз жазбаша, ауызша түрде немесе тестік сұрақтар арқылы тексеріледі.

СӨЖ– жеке сұрақтарды өз бетінше оқып үйрену, есептерді шығару және салық есеп беру формаларын тиісті уақытында орындап тапсыру.

Қорытынды бақылау емтихан түрінде өткізіледі. Емтихан барлық өтілген тақырыптарды қамтиды. Емтиханға дейін бір апта қалғанда сіздерге эмихан билеттерінің сұрақтары беріледі.

3-кесте. Бағдарламаның мазмұны

Сабақ №

Апта №

Сабақтар тақырыбының мазмұны

Әдебиет

Кіріспе лекция, пәнмен танысу

1

1

Лекция 1. Ел экономикасының қазіргі кезеңдегі даму сатысындағы сауданың рөлі

2. 16-22

8. 5-29

2

2

Лекция 2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау

8. 30-59

3

3

Лекция 3. Көтерме және бөлшек тауар айналымының экономикалық мәні мен мазмұны

2. 43-104

4. 22-35

6. 34-43

4

4

Лекция 4. Тауарлардың түсуін есепке алу

2. 58-76

8. 80-83

5

5

Лекция 5. Жеткізу келісім –шарттары бойынша тауарларды сатуды және босатуды есепке алу

8. 110-123

6

6

Лекция 6. Бөлшек саудадағы тауарларды сатудың түрлері және оларды құжаттық рәсімдеу

2. 180-213

8. 124-166

7

7

Лекция 7. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерімен анықталатын бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.

8. 167-187

8

8

Лекция 8. Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу ерекшеліктері

7. 246-277

5. 101-131

8. 188-202

9

9

Лекция 9. Тұқым және минералдық тыңайтқыштарды есепке алу.

4. 180-211

7. 146-197

8. 203-217

10

10

Лекция 10. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру есебі және құжаттау рәсімдемесі.

4. 108-161

5. 18-57

7. 37-84

11

11

Лекция 11. Өсімдегі және бордақыдағы малды есепке алу ерекшеліктері.

4. 169-174

5. 61-80

7. 93-135

12

12

Лекция 12. Өсімдегі және бордақыдағы малдарды есепке алудың бастапқы есебі және құжаттау.

5. 165-170

7. 278-296

8. 316-323

13

13

Лекция 13. Мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу тәртібі

5. 170-237

7. 333-382

8. 243-306

14

14

Лекция 14. Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс шығындарының есебі.

5. 153-162

7. 25-33

8. 324-326

15

15

Лекция 15. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі.

5. 484-507

2. 144-150

8. 337-363

4-кесте. СӨЖ тапсырманы сипаттау

Рет саны

СӨЖ атаулары

Берілген мерзімі

СӨЖ қабылдау мерзімі

Орындау шарты және көлемі

СӨЖ №1

Жека тапсырмалардың тақырыптары өз бетінше таңдалады

2 апта

3-7 апта

Компьютерде теріл-ген 5-7 бет көлем-дегі реферат. ( А4, шрифт 14)

СӨЖ № 2

Бухгалтерлік есептің тә-жірибесі және қаржылық есеп беруді дайындауға арналған есептер топта-масы.

8 апта

10-13 апта

Есеп шығару

«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәнінен өзіндік жұмыс тақырыптары

  1. Ыдыстық операциялардың есвебі және салық салу тәртібі

  2. тауарларды бағалау

  3. Тауарлық жоғалтуларды есептеу және есепке алу тәртібі

  4. экспорттық –импорттық операциялар есебі

  5. Тауарларды қайта бағалау

  6. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері

  7. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы өнімді өндіру және өткізу есебі

  8. Буфеттер және шағын бөлшек сауда орындарындағы тауарлар есебі

  9. Қолма-қол есептесі бойынша тауарларды өткізу операцияларын жүргізу тәртібі

  10. Көтерме саудадағы өткізу операцияларын құжаттық рәсімдеу

  11. Қойма есебін жүргізу тәртібі және қоймадағы құжат айналымы

  12. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері

  13. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп

  14. Өсімдік шаруашылығындағы шығарылған өнімді есепке алуды құжаттау

  15. дәнді дақылдардың есебі

  16. Көкөніс, картоп, бақша өнімдерінің есебі

  17. Тұқымды есепке алу

  18. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығындары есебі және калькуляциялау

  19. Техникалық дақылдар есебі

  20. Ашық алқаптағы көкөністердің өзіндік құнын калькуляциялау.

  21. Жабық алқаптағы өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау

  22. Көпжылдық көшеттер есебі

  23. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп

  24. Жемдеудегі және бордақыдағы малдарды есепке алу

  25. Шошқа шаруашылығы өнімдерін калькуляциялау.