Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
po_istorii_на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.34 Кб
Скачать

5 Билет

1. Қарақытайлар мемлекетi. Қарақытайлар (кидандар) 1028-1212 жж орта Азияны мекендеген. Кидан тайпасы дия патшалығы құрып ол ыдыраған кезде кидандардың бір бөлігі Елудаш басқарып батысқа қарай жылжып Жетісу жеріне келеді. Ойдағы қарахандықтарға жиі шапқыншылық жасап Жетісудың бір бөлігіне ие болады. 1210 ж. қарахандарды толығымен жаулап алады, билеушісі гурьхан (ұлыхан), ордасы – Баласағұн. Терр. Жетісу, оңт.Қазақстан. Қарақытайлар христиан дінінде болған. Олар жергілікті халықты күштеп шоқындырды. Наразылықта мұсылман қозғалысы болды. Хорезм шахы Мұхаммедтің соғысы кидандар мемлекетін әлсіретті. Осы кезде бұларды наймандар басып алды. Онда әскерде қатал тәртіп болды. Ел ішінде ауыл басына салық жинау жүйесі енгізілді. Әр үйден бір динардан салық алып отырды. Гурхан жақындарына, туыстарына жер-суды тарту етпеді, себебі олар күшейіп алып өздеріне шабуыл жасауы мүмкін еді. Яғни бәсекелестік туушы еді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін Испиджаптың солтүстік-шығыс аймағын құлжа өлкесін тікелей басқарды. Бірінші гурхан 1143 жылы қайтыс болды. 1208 ж қарақытайларға Моңғолиядан Шыңғыс хан тысқара қуып шыққан Күшілік бастаған наймандар қашып келді.

2. Қазақ хандығының қоғамдық және әлеуметтiк құрылымы. XV – XVI ғ-да қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы 7 сатыдан қаланды: Ауыл – туыстас, қандас адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған қоғамдық ұйым. Ауылдың басқарушысы – ауылбасы.; Ата – аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауыл. Басқарушысы – ақсақал; Ру – 10 немесе 15 аймақ. Басқарушысы – рубасы.; Арыс- бірнеше ру. Басқарушысы – би.; Ұлыс – бірнеше арыс. Басқарушысы – сұлтан. Олар хандар мен ақсүйектердің әулетінен болады.; Жүз – бірнеше ұлыс. Билеушісі – хан.; Хандық – үш жүз. Билеушісі – қаған (ұлы хан). Хандар Шыңғыс әулетінен сайланған. Қазақ қоғамы екі негізгі әлеуметтік топтан тұрады: 1. Ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар; 2.Қарасүйектер – мүлік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары. Сұлтан – ұлыс билеушісі, хан болып сайлануға құқылы. Ол хан үшін міндеткерліктер атқарудан босатылды. Билер – ру және тайпа басшылары, заң білімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер. Ең ықпалды рубасылары хан жанындағы «билер кеңесіне» кірген. Батырлар – қазақ жастарын бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерлер, жаумен жекпе – жекке шығатын ержүрек адамдар. Ақсақалдар – іс жүзіне белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, байлығына және сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөлген. Қарапайым халық (райаттар) – алым – салықты төлеп, міндеткерліктер өтеушілер. Құлдар – ең құқықсыз әлеуметтік топ. Алым салық түрлері: СОҒЫМ, СЫБАҒА, ЕРУЛІК, ЗЕКЕТ – малшылардан алынады; ҰШЫР, ТАҒАР, БАЖ, ХАРАЖ – егіншілер мен қолөнершілерден алынады.

3. Қазақ акср-iнiң құрылуы. Хх ғ. 20-шы жж., қоғамдық-саяси процестер.

Қазан төңкерісінен кейін алғашқы айларда жарияланған ұлттық өзін-өзі билеу Түркістан автономиясын Қазақстанда құру идеясын қолдамай В.И.Ленин және большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға кірісті. 1919ж. 10шілдеде Ленин Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөнінде рев-лық комитет туралы декретке қол қойды. Онда қазақ рев-лық комитеті өлкенің ең жоғарғы әскери азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Қаз-да кеңестердің құрылтай съезін әзірлеуді белгіледі. 1902ж Компартия мүшесі кеңестік тұңғыш коммисары ................. тағайындалды. 1920 ж. наурызда өзін қазақ елінің үкіметі деп атады. Алаш Орданы тарату туралы ......... қабылданды. 1920 ж. 20тамызда кеңес үкіметі РКФСР құрамына қырғыз (қазақ) автономиясы кеңестік социалистік жағын құру туралы декрет шығарылды. 1920ж. 4 қазанда Орынбор қаласында Қаз АКСР кеңестерінің құрылтай съезі болды. Съез жоғарғы өкімет органдары революциясының орталық атқару комитеті халық комисарлар кеңесін сайлады. Қаз АКСР орталық атқару комитетінің төрағасы болып Мендешев, Қаз АКСР халық комисары кеңесінің төрағасы болып 1898 ж. КОКП мүшесі В.А.Радус – Зенкович сайланды. АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы қабылданды. Декларацияда ҚазАКСР құрылғаны конституциялық жолмен жарияланды. Мемлекеттік басқару орган және мемлекеттік үкімет жер саясаты азаматының негізгі құқығы мен міндеттерін сайлау жүйесі және оның принциптері, соттың ұйымдасуы қызмет жүйесі белгілі декларацияда әрбір ұлттың барлық мемлекеттік мекемелер мен мектептерде ана тілін пайдалануға бірдей құқығы бар. Қазақ халқы актіні өзінің ғасырлар бойғы арманының орындалуы, отаршылдыққа қарсы сан ғасырлық күрестің нәтижесі, ұлттың қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадамы деп қабылданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]