Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
po_istorii_на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.34 Кб
Скачать

3. Хх ғ. 20-30-шы жж. Мәдени құрылыс.

1921 ж. шілдеде Орынборда Қаз –н облысының І съезі болды.Онда Ғани Мұратбаев (1902 -1924) Түркістан қаласының Орталық комитетінің Қырғыз бюросының тұңғыш төрағасы болып сайланды. 1922 жылы Қызыл Керуен ұйымы құрылды. Оны Ә. Жангелдин басқарды. 1921 ж. қаңтарда Қазақ АКСР халық комиссарлар кеңесі қазақ – орыс тілдерін қолдау туралы декрет қабылданды. 1929 жылы Қаз АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. 1924 ж. сәуірде сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. 1921 -27жж. 200 мыңдай адам оқыды. 1926 -39 ж. салық сауаттылығы 25,2 пайыздан 83,6 пайызға жетті. 1931 жылы көктемде жалпыға бірдей оқу берілді.(жатақхана, степендия, оқулықтар) 20 ж. Байтұрсынов әліпбиі, Аймауытовтың Қазақ тілдері кітабы. 1931 – 32 ж. аштықта балалар саны күрт төмендеді. 1932 ж. балалар үйіне 65 мың бала орналастырды. 1929 ж. Алматыда тұңғыш ауылшаруашылық зоотехникалық – малдәрігерлік оқу орны ашылды. 1937 ж. наурызда Алматы медициналық оқу орны ашылды. 1934 ж. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті ашылды. 1940 ж. онда 15 кафедра жұмыс істеді. 1935 жылы Асфендияровтың «Қазақстан көне заманнан бергі» тарихы басылып шықты. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні»(1925),Қазақ халқының 500 әні мен күйі(1931) жария етілді. 1928 ж. Қызылордада тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды. Алғашқы пьеса «Еңлік – Кебек». 1934 жылы хронологиялық фильмдер студиясы ашылды. 1938 ж. І дыбысты фильм Амангелді түсірілді. 1934 жылы Абай атындағы опера және балет театры ашылды. 1934 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. 1936 ж. Жамбыл атындағы Қаз. мемлекеттік филормониясы ашылды. 1939 ж. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхана ашылды. 20 – 30 ж. экономика саласы сияқты мәдениет саласында да күрделі қайшылықтар болды. Мәдениет бір мезгілде жасалып, жойылып отырды.

3 Билет.

1. Моғолстан14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 1415 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген. 2. К. Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс. 1837-47жоқ.Себебі қазақ халқының саяси жағдайының нашрлауы әскери бекіністер салу аса жайылым жерлерді тартып алу. Шектен тыс салықтар сау әкімшілік басқару патша реформасындағы бұрмалаушылық халықтың наразылығын өсірді. Қозғалыстың барысы 1837ж. көтерілістер отряды күзде құрылды 1838 Ақмола бекінісін кенесары отряды талқандады. Жазда сұлтандар аулына шабуыл жасалды күзде Кенесары атряды көбейді. Көтеріліс орта және кіші жүздерді қамтыды. 1840ж. Кенасары Қоқан хандығына басып кірді. Қоқандар Кенесарының әкесін өлтірді. 1841 көтеріліс орталығы Торғай болды. Кенесары патша жарлығына қарсы хан етіп сайланды. Ол Ресеймен тепе- тендік қарым- қатынас жасауға тырысты. 1843ж. Батыс шекара бөлігіне және Қоқан иеліктеріне шабуыл жасайды. Кенесарыға қарысы патша жазалау отрядына қарсы шабуыл ұйымдастырылады. 1844-45ж. көтеріліс Қазақстанның барлық аудандарын қамтыды. Көтерілістер Константиновск бекіністеріне шабуыл жасалды. Кенесары сарбаздары көтерілістерге қолдау көрсетпеген ауылдарды қырып жойды. 1845ж. Дала төсінде тағы екі әскери бекіністер салынды. Көтерілістер онтүстікке қарай шегінді 1846ж. Кенесары отряды ауылына шабуыл жасауы.Кенесары серіктестерінің өлімі. Көтерілісте женілуі. Манызы Ең көлемді ұлт- азаттық көтеріліс қазақ территориясы жағынан да. Халықтын біркелкі орталықтан мемлекеттік құруға тырысатынын көрсетті 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi. 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы ҚР тарихындағы ерекше мәртебелі күні болып есептеледі. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – туы, елтаңбасы, әнұраны дүниеге келген күні ретінде мәңгі есте қалады. Егеменді Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Олар бәйгеге түскен елтаңбаның 245 жобасымен, 64 суреттемесімен жеңіп шыққан. Елтаңбаның жалпы пішіні толық шеңбер кескінін береді. Шеңбер ішіндегі нышан белгі – елтаңба идеясының басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Қазақта «шаңырағың шайқалмасын» дейді. Елтаңбадағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап қияға көтерген қазақтың қара шаңырағының бейнесіне қарап тұрғанда бірден еске түсер ойда осы. Елімізідің туына айналған ұлы идея еркіндік идеясы, жұрт-жұрағатымыз аман болсын деген тағы бір ұлы идея - өміршендік идеясын туғызған қасиетті белгі, барша халқымыздың бойтұмарына айналған. Шеңбер ішіндегі киіз үй шыңайы шеберлікпен шеңдестірілген түндігі – аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Әр бөлшектегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды, қатар тіршілік кешкен басқада ұлт өкілдері бар бірлесіп кереге – уықтай кірігіп, күш жігер жұмсап, аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыздың, тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей болады. Киіз үй көшпелілер мәденитетінің ғажайып туындысы. Елтаңба композицисын құрап тұрған келесі бір маңызды бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол геральдистер тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгізідің ғаламат қара күшін, еліктің ғажайып көзге ілінбей шапшаңдылығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай болғанда да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Көшпенділер ұғымында жылқы – түлік біткеннің төресі. Көне түсініктер бойынша киелі көк пырағы адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Ал басқа түліктердің барлығы адамға қызмет етуге жаратылған, бар тіршілігі жер-анамен ғана байланысты деп есептелінеді. Ат болса – адамның қанаты. Елтаңбадағы енді бір назар аударарлық белгілер – маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс – бітімімізді сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге меңзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс бес бұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Ол аспан денелерін, әсіресе күн мен айды одан кейін жұлдыздарды қос тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұр. Ал елдің аты – Қазақстан – қазақ елі болып өрлеуі көркемдіктігі жағынан да мағыналы жағынан да айтарлықтай ұтып тұр. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зергер көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіре түскен. 1992 ж. 6-шы маусымда Абай атындағы опера және балет театырының зәулім ғимаратында президент Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» деген еді. Еліміздің туы – қасиетті көк байрақ. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудың негізгі ерекшелігі оның түсі. Зеңбір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың еңбір реңділері қатарына жатады. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені адамзаттың бойына біткен өнер өзін қоршаған ортаға, табиғатқа еліктеуі нәтижесінде дүниеге келген. Ерекше аспан түстес бояудың айрықша ықыласқа бөлеуі әбден заңды. Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғын – кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі – қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған адал бүркіті мен рухани болмысымыздағы жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол астарлы айшықтар. Сондай-ақ Геральдикада заңы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып саналады. Табиғаттың төл баласына айналған көпелілер ұрпағы үшін тудағы қанатты қыран – дала бүркітінің де орны бөлек. Бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақи өрнек қойылған. өрнек халқымыздың қолдаңбалы өнер мен жеткен ең ұлы табыстарының бірі. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа ән-ұраны 2006 жылы қабылданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]