Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 рубежка .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.21 Кб
Скачать

Қарахан мемлекеті

940 жылдан бастап Қазакстанның оңтүстігінде Қарахан мемлекеті пайда болды. «Қарахан» терминінің шығуы туралы дерек жок. Дегенмен де та-рихшылардың басым копшілігі бұл терминді белгілі бір әулеттің атымен байланыстырады. Олар бұл әулетті Оңтүстік Тянь-Шяньды мекендеген яғматайпасынан шыккан деп есептейді. Бұлай деп көрсетуге XII ғасырдағы иран авторларынын бірінің «яғма падишасын боғра-хан деп атайды» деп көрсетуі негіз болды. Яғни, боғра-хан атағын алғаш рет яғма тайпасынан шыккандар иеленген. Демек, мемлекеттін аты да оны басқарған әулеттің аты сияқты шартты болып табылады. Басшы, билеуші мағынасы «қара қақан» сөзіне негізделген. «Қарахандар» терминін алгаш рет XIX ғасырдын ортасында орыстың шығыстанушысы В.В.Григорьев енгізді.

Карахан мемлекегінің кұрылуына қарлұқ мемлекетініңтайпалары ерек-ше зор роль аткарды. Қарлұқ мемлекетінің әлсірегенін пайдаланған қар-лүқтардын чигил және яғма тайпалары үстемдікке ие бола бастады. Қара-хан мемлекетінің негізін Сатұқ Боғрахан қалады. Ол 942 жылы Баласұғында билеушіні құлатып өзін жоғары қаған деп жариялады және ол басқар-ған мемлекеті Карахан мемлекеті деп аталды. Карахан мемлекетінін аумағы Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойын алып жатты. Мемлекеттің астанасы Шу бойындағы Баласағұн каласында орна-ласты. Боғрахан елгеннен кейін мемлекет билігі оның баласы Мұсаға кошті. Ол 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады.

Карахан билеушілері ұзақжьшғы соғыстан кейін 1004-1005 жылдары бүкіл Мауереннахр жерін басып алды. Жер үлесі бойынша Карахан мемлекеті шығыс және батыс бөліктерден тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан белігіне, Мауереннахр батыс бөлігіне карады. Шығыс бөлігінің саяси орталығы Баласағұнға жақын жердегі Орда, кейіннен Қашқар, ба-тыс бөлігінің орталығы Озгент, кейіннен Самарқанд қаласы болды. Көп ұзамай мемлекеттің екі бөлігі бір-бірімен жауласып жеке-жеке екі мем-лекетке, Шығыс және Батыс кағанаттарына белінді.

Қарахан мемлекетінің саяси құрылымы олар жаулап алған жерлерде Карахан шонжарлары билігініңорнығуынақарай қалыптасты. Қарахан-дықтар ©здері бағындырған жергілікті халықтардың кептеген мемлекеттік дәстүрлерін мұра етіп алды. Әсіресе, түркеш және қарлұқ қағанаттары-ның ықпалы көп болды.

Мемлекет басшысы қақан деп аталды. Ол сонымен бірге қарахан әулиетінің басшысы болып саналды. Қақанға ең жақын адам уәзір болып саңалды, ол жоғарғы билеушінің ең жақын кемекшісі және кеңесшісі қызметін атқарды. Барлық жер билеуші әулеттің меншігіне айналды. Мем-лекетөз билеушілері басқарған аймақтарға белінді. Сондай ірі аймақтар-дың орталыктары Тараз, Испиджаб және Баласағұн қалалары болды. XI ғасырдың басында Баласағұн жоғары қағанның үлес жері, ал Тараз бен Испиджаб олардың жақын туыстарының қолына шоғырланды.

Мал шаруашылығымен шұғылданатын халықты ру-тайпа басшылары арқылы басқарды. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандары халкының негізгі кәсібі көшпелі және жарты-лай кешпелі мал шаруашылығы болды. Салық жинауда «иқта» тәртібі қол-даньшды. Яғни, жоғарғы билеуші өзініңтуысқандары мен жакындарына белгіленген аймақтан немесе қаладан салык алуды тапсырды. Мұндай тар-тулар «иқта» деп аталды.

Жер иеленудің «ихтадан» басқа тағы бір түрі әскери-үлестік жерлер болды. Жердің мөлшері әскери кызметінің дәрежесіне, сіңірген еңбегіне және т.б. қарай белгіленді. Жаулап алынған жерлердің бір бөлігі де сыйға беріліп отырды. Егіншілік аудандарында дикандардың көлемі ©те аз болса да меншікті жерлері болды. Жайылымдар мен көші-кон жерлері казына меншігі болып саналды. Бірак бүл жерлер белгілі бір мөлшерлерде жоға­рыдан реттеліп отырды. Қарахан мемлекеті тұсында Қазакстандағы сәулет енерінің озык үлгілері дүниеге келді. Жетісу мен Сырдария бойындағы X-XII ғасырларда салынған ғимараттардың бір бөлігі бүгінгі күнге дейін жетгі. Айша бибі, Бабажа катын, Алаша хан, Сырлытам және т.б. ©здерінің са-лыну ерекшеліктерімен, күмбездерімен, көркемдеу әдістерінің әр түрлілігімен таң калдырады.