
- •Ежелгі Түрік қағанаты (552-603 жылдар).
- •4 Таттар (қүлдар)
- •16 Жылға созылған (640-657 жылдар) тайпааралык соғыстардың кағанатты әлсіретуінің салдарынан, Таң империясы Жетісуды басып алды (659 ж.).
- •Қарлүқ қағанаты (756-940 жылдар)
- •Оғыздар мемлекеті
- •Қимақ кагандыгы
- •Қарахан мемлекеті
- •Қарақытайлар
- •Наймандар мен керейттер
- •Монғол мемлекетінің саяси тарихы. А) Монғол тарихы.
- •Монгол шапқыншылыгы.
- •Монғол үлыстары.
- •Монғол шапқыншылығының зардаптары.
- •Моғолстан
- •Әмір Темір жорықтары.
- •XIV ғ. Темір империясы - Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі мемлекет.
- •Ноғай Ордасы.
- •Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •1726 Жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.
- •Қазақ халқыныц қалыптасуы.
- •XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына жэне олар орналасқан аумактың Қазақ хандығына бірігуі, түтас халык болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.
- •Ә) "Қазақ" этнонимініц шығуы.
- •Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Материалдық мәдениеті.
- •Тоннын түрлері:
- •Мәдениеті.
- •Үйсіндер.
- •Ә) Археологиялық ескерткіштері.
- •Б) Шаруашылығы. Діні.
- •Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан
- •А) Шаруашылығы.
Қимақ кагандыгы
Қимақ тайпалары туралы алғашқы деректер VIII ғасырдан бастап кездеседі. Бұл кезде имак деп аталған тайпалар казіргі Шығыс Қазақстан аумағын мекеңдеген. VIII ғасырда имақтар түркештерге бағынышты бол-ды, бірақ көп ұзамай олардан тәуелсіздігін алады. Бұл деректердің көпшілігі орта ғасырлық парсы-араб жазбалары, сонымен қатар «Худуд әл-алам» мен Махмут Қашқаридың еңбектері болып келеді. Гардизу, Ра-шид ад-Дин еңбектерінде қимақтар бірлестігіндегі жеті тайпа - эймур, имақ, татар, байандур, қыпшақ, ланиказ, ажлад туралы айтылады. Алғаш-кы бес тайпа туралы мәліметтер басқа жазба деректерінде кездескенімен ланиказ және ажлад тайпалары туралы мәліметтер кейінгі деректерде кездеспейді.
Махмут Қашкари кимактар мен қыпшактардың бір тілде сөйлейтінін айтса, «Худу әл-аламда» қимақтардың астанасы Имақия болғандығы тура-лы деректер келтіріледі.
Енисей кырғыздарының 840 жылы Үйғыр кағанатын талкандауы кимак-тар тарихындағы бетбұрыс кезендердің бірі болды. Осы кезде эймур, ба-йандур және татарлар қимактар бірлестігіне косылады. Бұған дейін тоғыз-татарлар Үйғыр қағанатына кірсе, байандурлардың кеп бөлігі оғыздардың кұрамында болатын. 840 жылы Үйғыр кағанаты кұлағаннан кейін оның күрамына кірген көптеген тайпалар кимақтарға косылады.
Қимақтар X ғасырда бүкіл Шығыс және Орталық Қазақстанды және Батыс Қазақстанды қамтыған күшті мемлекетке айналды. Қимақтар бұл кезде Батыс Алтайдан Оңтүстік Орал тауының оңтүстік шығысына дейін, батыста Арал теңізі маңына дейін және Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Сырдарияның Иқан, Сауран қалаларына дейінгі кеңістікті алып жатты.
Қимақтардың жоғары билеушісі кақан деп аталды. Олардың көптеген қалалары болған, солардың бірі Имакия кимақтардың астанасына айнал-ды. Әл-Идриси қимақтардын 16 қаласы болғандығы және қала тұрғында-рының түрмысы туралы айтады. Автордың айтуынша бүл қалалардың көпшілігі Ертіс жағалауында орналаскан. Елді кақан мен оның аймактағы басқарушылары биледі.
Әл-Идрисидіңайтуынша кақан билігіне сол әулеттен шыққан адам ғана мұрагер бола алды. Аймақ басқарушыларының билігі де мұрагерлік бой-ынша берілді, олардың иелігіндегі жерлер де басқарушылардың ұрпакта-рына мұра болып қалдырылды. Аймак басшылары әскери көсемдер қызметін де қоса атқарады. Олар қақанға әскер жасақтап беріп отырды. Бұл қызметтері үшін каканнан тиісінше үлес алды. Кейбірі ірі тайпа көсемдері күшейіп каканға жартылай ғана тәуелді болды, олар өздерін «патшалар» деп те атай бастады. Бұл туралы әл-Идриси «патшалар» бас-карған жартылай дербес аймақтардың болғандығын айтады.
Қимақтар мен кыпшақгар өзара туыстас түрік тілінде сөйледі. Қазақ-станның кең байтақ аумағын мекендеген кимақтардың негізгі кәсібі кешпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі тұрмыска негізделген қимақтардың қоленер кәсібі де жаксы дамыды. Көшпелі мал шаруашылығымен катар егіншілік те дамыды. Өзендер мен көлдерде және ормандарда балық пен аң аулады. Қала мәдениеті мен сауда дамыды. Темірден, қоладан, алтыннан, күмістен қару-жарақ, тұрмыс заттары және зергерлік бұйымдар жасалды. Қазіргі уақытта табылып отырған археологиялық материалдар бұл мәліметтерді дәлелдей түседі.