Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 рубежка .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.21 Кб
Скачать

Қарлүқ қағанаты (756-940 жылдар)

V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды "бұлақтар" (болаттар) деп атаған. Олардың мекені: Алтай - Балқаш көлінің шығыс жағалауы. VII ғасырдың ортасы - бұлақ, шігіл, ташлық тайпалары бірігіп, қарлұқ бірлестігін кұрды. Бірлестіктің билеушісі - елтебер.

742 жыл - қарлұқтар ұйғыр жэне басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік кағанатына қарсы күресіп, түріктерді женді. Шығыс Түрік қағанатының орнына ¥йғыр қағанаты (744-840 ж.) кұрылды.

VIII ғасырдың ортасы (746 ж.) -қарлүқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті

756 жыл - қарлұқ қағанаты кұрылды. Астаналары: Суяб, Тараз. Территориясы: Жетісу, (Шу мен Талас өзені, Батыс Тянь-Шань, Ферғана, Сырдария маңы.) 766-775 жылы қарлұқтар Қашғарияны жаулады.

Қарлұқ кағанатының билеушісі - жабғу, 840 жылдан бастап қаған.

Қарлұқтар 791 жылы ұйғырлардан, 812 жылы арабтардан жеңіліп, ¥йғыр қағанатының тэуелділігін қайта мойындады. 840 жылы ¥йғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соқкысынан кұлағаннан кейін Білге Құл-Қадырхан өзін қаған деп жариялап, қарлұқтар бостандығын мэлімдеді.

Қарлұқтар жайында араб жэне парсы деректерінен білеміз. Араб географы эл-Маруази (XII ғ.) қарлұқтар кұрамында 9 тайпа болғандығын дэлелдейді:

• тухси, шігіл, азкіші, түркеш, халаж, жарүқ, барысхан, көкеркін, бескіл.

Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де енген. Қарлұқтар тілі - түрік тілі.

Араб географы ибн-Хаукаль (X ғ.) дерегінде көрсеткеніндей, "Қарлүқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек". X ғасырда Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын кұрады: Жоңғар Алатауы - Сырдарияның орта ағысы, Балқаш- Ыстықкөл, Іле, Шу, Талас езендері, Тянь-Шань тауы, Исфиджаб, Отырар төңірегі. Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді-мекендері болған: Тараз, Қүлан, Мерке, Атлах, Барысхан,

Талғар т.б.

• IX ғасырдың аяғы - саманилер Исфиджабты басып алып, Таразды қоршады.

Қағанның ордасы Тараздан Қашғарға көшірілді. Тараз халқы ислам дінін қабылдады. Қарлұқтар ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана - Баласағұнда тұрды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Қүл - Қадырханның балалары) жүргізді.

Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200 жылдай билік кұрды. Қағанаттың элсіреуінің себептері:

- Ішкі тартыстар.

- Жайылым жер үшін күрес.

• 940 жыл - Қашгардың түрік билеушілері Баласағүнды жаулап алып, Қарлүқ

қаганаты өмір сүруін тоқтатты.

Оғыздар мемлекеті

Карлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында Сырдарияның орта және төменгі бойында, Арал маңында және оған жалғас жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX—X ғасырларда оғыз тайпаларының мемлекеттік бірлестігі өмір сүрді. Ежелгі жазбаларда оғыздардын алғашкы ата-бабала-рының жері Ыстықкөл маңы мен Жетісу болғандығы туралы айтылады.

«Оғыз» этнонимі туралы ғалымдар арасында бірыңғай орныкты пікір жоқ. Галымдардың бір тобы бұл терминді «ок» (жебе) сезінен алса, екінші бір тобы «уыз» сәзінен келтіреді. «Ок» терминінің «жебе», «ру», «тайпа» ұғымын білдіргенін ескерсек, аталған пікірталаста «оқ» термині біршама шындықка жанасады. «Күлтегін» жазбасында «тоғыз оғыз халкы жауы екен», «тоғыз оғыз халқы өз халқым еді, түлен түртіп өзіме жау болды», «оғыз жұртымнан Білге тамғашы келді» деген сөздер кездеседі. Бұның өзі оғыздардың түркі тілдес тайпалардың бірі болғандығын дәлелдей түседі.

Шамамен VIII ғасырдың орта кезінен бастап оғыздардың алғашқы тобы Жетісу бойынан кете бастады. Оғыздардың батысқа карай көшуі Батыс түрік кағандығы мен Түркеш қағандыгының қүлауымен және осы жағдай-дан кейінгі тайпалар арасындағы, әсіресе қарлүқтардың басқа тайпалар-мен арадағы қақтығысы себеп болса керек.

Оғыздардың этникалық калыптасуына шығыс түрік тайпалары - имақ-қимақтайпаларыныңтармақтары мен Обь пен Ертіс аралығын мекендеген баяндурлар, имурлар және қайлар да ықпал етті. Жаңа мекенге көшкен оғыздардың этникалық тұрғыдағы одан әрі дамуына Арал теңізінен Кас-пийгедейінгі жерлерді мекендеген аландардақатысты.

Қарлұқтардың шабуылынан ығысқан оғыздар Сырдария бойына келіп орналасады. Бірак Сырдария бойында оғыздардың каңғар-печенектермен ұзақ уақыт шайқасуына тура келеді. Печенектермен ұзақ уакыт бойы шай-қасу оғыз тайпаларының саяси топтасуына себепші болды. Оғыз тайпала-рының құрамына негізінен түрік тілдес халықтар кірді. Махмут Қашқарвдың айтуынша оғыздар бірлестігін 24 тайпа құраса, Марвазидың жазбасында 22 тайпадан құралатындығы айтьшады. Оғыз тай-паларының құрылтай жиналысында олардың екі ірі қанаты «бұзұқтар» мен «ұшұқтардың» тиісінше оң және сол канаттарға орналасатывдығы ту-ралы мәліметтер келтіріледі. «Аға» тайпа болып саналатын бүзұқгар қаған сайлауывда едәуір артықшылықтарға ие болғанға ұқсайды.

ІХ-ХІ ғасырларда оғыз мемлекетінің жоғары билеушісі «жабғу»деп аталды. Жабғулар ресми түрде сайланғанымен, жабғу билігі әкеден балаға мұрагерлікпен берілген. Саяси билікте жабғулардың кеңесшілері «күл-еркіңдер» мен әскер басшы-сюбасшылардың рөлі жоғары болған. Олар-мен жабғудың әзі де санасуға мәжбүр болатын.

Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихывда маңыз-ды роль атқарды. 965 жылы оғыздар мен Киев князі Святослав арасывда хазарларға қарсы соғыс одағы жасалынып, Хазар қағанаты талкавдалды. Ал 985 жылы орыс князы Владимир оғыздармен одақтасып Еділ бұлғары-мен соғысады. Оғыздардың коптеген калалары болған. Солардан Сырда-рия бойывдағы Сабран, Хора, Өзгент, Жент және тағы басқаларды атауға болады. Астанасы Сырдария бойывдағы Жаңакент қаласывда орналасты. Олардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы мен егіншілік болды. Қалаларда қолөнер мен сауда дамыды. Сырдария бойывдағы оғыз қалала-ры кәшпелі тайпалар мен Орта Азияның отырықшы халқын байланыс-тырған стратегиялық аймақ ролін атқарды.

XI ғасырда оғыз мемлекеті кұлдырай бастады. Бұған алым-салықтың көбеюіне наразылық білдірген жергілікті тұрғывдар көтерілістерімен қатар көршілес селжуқтардың жорықтары да себеп болды. Бұл жағдайлар бірте-бірте оғыздар мемлекетінің әлсіреуіне алып келді. Оғыздардын соңғы жабғуы Шахмәлік түрік селжұқтарының қолынатүсіп өлтірілді. XI ғасыр-дың ортасывда оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан құлады.