Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 рубежка .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.21 Кб
Скачать

Ә) Археологиялық ескерткіштері.

Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жүмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды қауыншы, отырар - қаратау, жетіасар археологиялық мэдениеттері деп бөлді.

Қауыншы мәдениеті - Ташкент төңірегіндегі аймақ. Бүл мэдениеттің ең жақсы зерттелген ескерткіші - Сырдария жағалауындағы Шардарага таяу орналаскан Ақтөбе конысы.

Отырар - Қаратау мәдениеті -

Сырдария өзенінің орта ағысы түсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралық. Бүл мэдениет ескерткіштерінің маңызды орталығы - Отырар алқабы. Арыс өзенінің сол жағалауынан 20 шақты төбе табылды: Пүшық-Мардан. Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Акайтөбе, Шалтөбе т.б. Олардың ең үлкені - Көк-Мардан. Бүл коныстан балшықтан жасалған кеспектер табылды, онда тары, күріш, бидай, арпа, ақбүршак сақталған. Отырар алқабындағы Мардан-күйік қорымындағы ер адам қабірінен мөр

(гемма) табылды. Мөр ¥лы Жібек жолы арқылы Ираннан экелінген. Ескерткіш II- V ғасырларға жатады.

Жетіасар мәдениеті - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарлары аралығы. Бүл - б.з.б. I мыңжылдықтың ортасы - б.з. I мыңжылдығының ортасы аралығындағы Арал теңізінің шығыс жағында өркендеген мэдениет.

Жетіасар мэдениеті ескерткіш-терінің шоғырланған жері - Қуаңдария бойы (150 қала орны жэне 100-деген қорымдар).

Б) Шаруашылығы. Діні.

тайпасының непзп

- көшпелі мал Басты байлығы - мал. мен қой өсірген. Мал

Қаңлы шаруашылығы шаруашылығы.

Көбінесе жылкы жайылымы Орталык Қазақстан далаларына дейін жеткен. Қыстаулары - негізінен Сырдария бойы.

Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен калалар калыптаса бастады. Отырықшы қаңлылар қарапайым суландыру тәсілі арқылы егіншілікпен айналысты. Б.з. басында Шыршық өзенінің оң жағалауында Зах арығы, ал сол жағалауында Ханарық арығы қазылған.

Жиналған өнім сақталатын орындар -үралар, астық сақтайтын қамбалар, қыш күмыралар.

Қосалқы кэсіпшілік - аңшылық пен балық аулау.

Қаңлылар жеріндегі металл өндірісінің орталығы - Шаш-Илак аймағындағы коныстар. Ежелгі Қү.іага қаласы - металл өңдеудің ірі орталығы.

Қаңлыларда сүйек үқсату ісі дамыған, сүйектен пышақ, қанжар, семсерлерге кын жасалган.

Қаңлы эйелдері арасында қолөнердің жүн өндеу кэсібі жақсы дамыды.

Б.з. ІІ- V ғасырда қаңлылар күнделікті түрмысына қажетті барлык өнімдерді өздері дайындаған.

Сауда байланысының дамығандығын осы аймақтан табылған 1300 теңгелер дэлелдейді.

Қасым хан саясаты.

Қазак хандығы ең жоғары куаттылығына XVI ғ. бірінші ширегінде, Қасым хан түсында жетті (1511-1521 ж.ж.). Қасым Әз Жэнібектің үлы, анасы Жағанбегім - Мүхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сүлтанның анасының сіңлісі.

Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайльщтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы жэне Моғолстанның батысындағы тайпалар енді. Қасым хан ел бірлігі жэне казақ хандығының тэуелсіздігі үшін белсене күресті.

Территориясы: Жайық өзені, Сырдария, Үлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі.

Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу.

Соғыс жорықтары:

1510 жыл - Мүхаммед Шайбани Сығанакка шабуыл жасап, жеңіліп Самарқанға қашты.

1510жылдың аяғы - ол Мерв түбіндегі Хорасанда Иран шахымен болған шайқаста қаза тапты.