Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 рубежка .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.21 Кб
Скачать

Материалдық мәдениеті.

Қазақтардың көшу кезінде алып жүруге қолайлы түрғын үйлерінің негізгі түрі - киіз үй. Киіз үйді Еуразия кешпелілері 1 мыңжылдықтың ортасында ойлап тапқан. Киіз үйдің 3 түрі болады: Салтанатты үй - 12 қанат керегеден түрғызылып, қонақтарды қабылдауға арналды.

Отау үй - жасауы неғүрлым бай, үйлену тойын өткізуге арналды. Шагын түрғын үй - 6 қанаттан қүралып, малшыларға арналды.

Жолама үй - 3-4 керегеден түрғызылып, эскери жорықтарға арналды. Күйме үй(көтерме шатырлар) - көшіп-қонуға арналған арба үстіне тігілген киіз үй. Бүл үйлер XVII ғ. жойылған. ХУ-ХУІ ғасырлардағы үйлердің түрі:

• Оңтүстік аймақтарда - жертөле мен жартылай жертөле;

• Солтүстік, солтүстік - шығыс аймақтарда - ағаш, тас, кірпіш үйлер.

Киіз үйдің ағаш сүйегі 4 бөліктен түрады.

- Кереге (қабырғалар)

- Уық (күмбез сүйегі)

- Шаңырақ (дөңгелек тебесі)

- Сықырлауық (есігі)

Киіз үйдің қүрылымы: Шаңырақ - тебесі.

Уық - кереге басы мен шаңырақты үстастыратын сүйегі.

Кереге - қабырғалары.

Сықырлауық - есігі.

Түндік - шаңырақты жабатын киіз.

Үзік - уықтарды жабатын киіз.

Туырлық - керегелерге жабылатын киіз.

Қүр - уықтың үстінен тартылатын жалпақ тоқымалар.

Керегелер санына қарай киіз үйлер 6,8,12,15,18 қанатты болып белінеді. 12 қанатты үй 100-120 м2 алаңды алды. Киіз үйдегі ең қүрметті орын - төр. Есік маңайы -босаға. Киіз үйдің оң қанаты эйелдер бөлігі саналып, тесек - орын, бесік, үй аспаптары, ыдыс-аяктар орналастырылады. Сол қанаты ерлер белігі саналып, ер-түмандар, қару-жарақтар түрады. Үйдің дэл ортасындағы от жағатын орын - ошақ. Кілемдер түрлері:

• Түксіз тақыр кілем.

• Түкті кілем.

• Орнектермен әшекейленген қабырғалық киіз кілем - түскиіз.

Сынатын ыдысты тасымалдауға арналып, жас шыбықтан тоқылатын дорба -шынықап.

Тоннын түрлері:

• Құнды аң терісін астарлап тігілген тон -ішік.

• Аң терісінен жібекпен тысталып тігілген тон - бас тон.

• Кек мауытымен тысталғаны - кек тон.

• Қамқамен тысталғаны - қамқа тон.

• Қүлын терісінен жаға салынған ұзын тон -жарғақ тон.

• Ешкі терісінен тігілген тон - қылқа жарғақ тон.

ХҮ-ХҮІІ ғасырларда жеңі жоқ жеңілсулық киім - кебенек, жұқа ақ киізден тігілген киім - қаттау, түйе жүнінен тоқылған ұзын сулық киім - шекпен кең тарады.

Кектем мен күзде ерлер аң терісімен жиектелген бас киім - борік, қыста үш қүлақшынды бас киім - тымақ, екі құлақшынды - елтірі малақай киді. Әйелдіц бас киімдері:

• Қүндыз терісімен жиектелген бас киім -кэмшат берік.

• Алтынмен кестеленгені - алтын берік.

• Маржандармен эшекейленгені қалмаржан берік.

• Барқыт немесе қамқадан тігілген жаздық бас киім - тақия.

• Қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі - сәукеле.

• Алғашқы нэрестелі болғанда жас әйелдің киетін ақ матадан тігілген бас киімі -кимешек.

Ерлердіц аяқ киімдері:

• Биік екшелі, қонышы тізеден асатын етік - шоңқайма етік.

• Басы жоғары қайырылған жеңіл, жұмсақ етік - бір тана етік.

• Ешкі терісінен жасалғаны - мэсі.

• Тығыз қайыстан тігілгені - кебіс.

• Қыста киетін аяқ киім - саптама етік.

• Кедейлердің аяқ киімі - шоқай мен шәркі.

Әйелдердің аяқ киімдері:

• Үй тұрмысында киетін аяқ киім - кебіс.

• Жасыл түсті былғарыдан тігіліп, күміс жапсырмалар мен эшкейленген биік екшелі етік - кек сауыр.

Ерлердің ернектеліп, асыл тастардан кездер салынған, сүйек оюлар бастырылып эшекейленген қайыс белдіктері -кісе.

Қазақ халқы уакыттың басым кепшілігін ат үстінде өткізгендіктен ердің жасалу түрлеріне үлкен мэн берген. Ерді қайың ағашынан жасап, тұзды суға қайнатып, иленген түйе терісімен қаптайды.

Ерлердің түрлері:

• Құранды ер - 18-20 немесе 20-23 ағаш белшектерінен кұралады.

• Ақбас ер - төрт белек қайыңнан шабылып, сырты кеңмен немесе қалың терімен қаптала шегеленеді.

• Ашамай - балаларға арналған ер. Қару - жарақтар:

Жауынгерлік тулар екі міндет атқарған:

- Қасиетті символ.

- Шайкаста эскерді басқарудың тиімді құралы.

Дэстүр бойынша, бір ханда 9 ту болған, шайқаста тудың күлауы немесе жоғалуы эскердің жеңілгендііік білдірген.

Қару- жарақтар:

Жауынгерлік тулар екі міндет атқарған:

- Қасиетті символ.

- Шайкаста эскерді басқарудың тиімді құралы.

Дэстүр бойынша, бір ханда 9 ту болған, шайқаста тудың күлауы немесе жоғалуы эскердің жеңілгендііік білдірген.

Жебе - қайың ағашынан жасалатын қару. Садақтың адырнасын қойдың ішегінен жасаған.

Қылыш түрлері:

• Екі жүзді түзу қылыш - семсер.

• Мықты батырлар ғана үстайтын ауыр қылыш - алдыаспан.

Найза болаттан немесе темірден жасалуына байланысты ақ найза, көк найза болып бөлінеді. Шоқпардың басы мен сабы түтас ағаштан жасалады. Бастары металдан кұйылған ауыр шоқпар - күрзі. XVII ғасырдың аяғында Орта Азия қалаларынан сатылып алынған мылтықтар пайдаланыла бастады.

Мылтық түрлері:

• Білтелі мылтық: білтемен атылып, күмістен эшекей салынған.

• Қара мылтық - эшекейсіз.

• Самқал - қысқа ұңғылы.

Қазақтардын материалдық мәдениеті көшпелі түрмыс салтына бейімделіп, ежелгі дәстүрді сақтағанымен ерекшеленеді.ді.

Сақ-сармат тайпалар одагы

Ерте темір дэуірінде тайпалық одақтар қалыптасты. Қазакстанның оңтүстік-шығыс жэне орталык аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одагына, ал батыс, солтүстік аймақтарындағы тайпалар сармат гайпалар бірлестігіне бірікті. Сақтардың қоғамдық қүрылысы

Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазакстан территориясын мекендеген көшпелілер-сақтар. Бүл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары жэне Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастыктары болды.

Сак тайпаларының атауы эр елде әртүрлі:

гректер - азиялық скифтер;

парсылар - қүдіретті еркектер;

ирандықтар - жүйрік атты турлар.

Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы:

Парадарайя (теңіздің арғы жағындағы сактар.) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы.

Тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.

Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар) Мургаб аңғары (Түркіменстан).

Б.з.б. УІІ-ГУ ғасырлар - сақ тайпалар одағы құрылды.

Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық. 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:

Жауынгерлер- қызыл түс.

Абыздар- ақ түс.

Қауым мүшелері- сары және көк түс.

Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған

садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құкығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі-патша.

Сонымен бірге сақ патшасы-

Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;

• Малшылардың үйретуші үстазы;

• Қрайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дэнекерші.

Қоғамдағы маңызды мэселелер халық жиналысында талқыланып, оған эйелдер де қатысты. Сақ эйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу крығына ие болды.

Малға жекеменшік пайда болып, мүлік тенсіздігі шықты. Соғыс түтқындары қүлға айналдырылып, үй шаруашылығында жүмыс істеді.

Бүл кезең-алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, эскери демократия курылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болгандықтан, сақтар мемлекет күру ісінің карсаңында түрды.

Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. V ғ. 40ж. - ЗОж. жазылған "Тарих" еңбегі) жэне Полиен деректері:

• б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің патшайымы Томиристің және оның үлы Спаргагшсестің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529 ж);

• бз.б. 519-518 жылдардағы парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы: (сақ косемі Скунха, малшы Ширак ерліктері).

• б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің (Ескендір Зүлқарнайын) сатармен шайқасы. (б.з.б. 330-327 ж) Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.

Сақтар парсы эскерлерімен қосылып Египегте, Грецияда соғысты. Фермопиль (б.з.б. 480 ж) жэне Платея шайқастарында батырлыктың үлгісін көрсетті. Гректерге карсы парсылармен одақтасып, Марафон шайкасында соғысты (б.з.б. 490 ж).

1 Дарийдің қалдырған Бехистун сына жазуында сак тайпалары туралы қүнды деректер бар (б.з.б. 516ж).

Сырдария жағасында Македонский бррығымен Александрия Эсхата (шеткі Александрия) қаласы салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бүл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нэтижесінде қиратылды. э) Шаруашылығы.

Б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.

Сақтардың негізгі шаруашылығы -көшпелі мал шаруашылыгы. Бүл дала тайпаларының өміріндегі үлкен

экономикалық прогресс болып саналады.

Сақтар мал шаруашылығының 3 түрін үйлестірді:

1. Кошпелі мал шаруашылығы- Батыс жэне Орталық Қазақстанда.

2. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы- Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір болігі, Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде.

3. Отырықшы мал шаруашылығы- Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында. Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды. Жылқы есіру маңызды орын алды. Батыс жэне Оңтүстік Қазақстанның далалық жэне шолейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Тебіндеп жайылуға қабілеті болмағандықтан ірі қара аз осірілді. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты - қой өсіру. Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасындағы грек авторы Хэрил сақтарды қойшылар деп атаған. Балық аулау Ертіс жағалауында жэне Сырдария атырабында тараған.

Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысты. Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар - Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бэбіш-молда қоныстары. Тары, қарабидай, бидай есірген.

Сақ тайпаларында металл ондіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қолонер жоғары дэрежеде дамыды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, Іле аңғары, Ыстықкөл маңында қазандар мен қүрбандық заттары жиі үшырасады. Қазан "жоғалган үлгі" әдісімен саз қалыптарға қүйылып жасалды. Осындай үлгімен жасалған _Жетісу михрабы" деп аталатын қүрбандық жозысы Алматы түбінен табылды.