Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 рубежка .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.21 Кб
Скачать

1726 Жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.

Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды.

Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.

Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді.

Бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ қырылған» деп аталады.

1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады.

Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.

Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.

1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасады. Содан 1758 жылы олардың түбіне Қытай империясы жеңді.

Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады.

Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.

Қазақ халқыныц қалыптасуы.

Қазақ халқының қалыптасу процесі көне \ заманнан б.з.б. ІІ-І мыңжылдықтан \ басталады. Қазақ халқының қалыптасу ' кезендері:

I • Көне заман- б.з.д. VIII - б.з. V ғғ.

• Әуелгі орта ғасыр - УІ-Х ғғ.

• Орта ғасыр - Х-ХІІІ ғғ.

• Кейінгі орта ғасыр - ХІУ-ХУ ғғ.

• Кейінгі орта ғасыр - ХУ-ХУІ ғғ.і

Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі - б.з.б. I мыңжылдығының

I ортасы, туріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, канлылардың үрпағымен араласқан түріктер

і этно-демографиялық жағдайды өзгертті.

ІЭтникалық қалыптасу процесінің келесі

і кезеңі - Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген ^ Қарахан жэне Қыпшақ хандықтарымен байланысты.

XIII ғасырдың басында Шыңғыс хан д кысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін косты. \Монғол шапқыншылығы халык болып калыптасу процесіне тежеу

I болды.

уСШ-ХІУ ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасынын күрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді/1

XV ғасырда Қазақ хандығыныц кү-рылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.

І ғасырдың басында Қазак хандығы біріктірген тайпалар казақ этносының негізін кұрады: үйсін, қаңлы, қыпшак, арғын, дулат, керей, найман, алшын, коңыраттар т.б. Бүл тайпалардың тілі - түркі тілі, антропологиялық типі - монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.

Шаруашылығы - көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік

Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі - шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы болып табылады. Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XV ғ.г. аяқталды.

Саяси жағынан шашыраңқы этникалык туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының қүрылуы эсер етті.