Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 рубежка .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.21 Кб
Скачать

Әмір Темір жорықтары.

XIV ғ. Темір империясы - Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі мемлекет.

Темір-барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы (1336-1405 жж.). 1370 жылы Мэуереннахрдағы билікке ие болып, елді 35 жыл бойы басқарды. Астанасы -Самарқанд қаласы. Темірдің Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылды. XIV ғасырдың 70-90 жылдары Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісуға он рет жорық жасады. Ақ Ордаға Токтамысты қаруландырып жібергендегі мақсаты:

- Түркістанды өзіне қосып алу.

- Ак Орда мен Алтын Ордаға жол ашу. Әмір Темір варварлық эдістермен жүргізген жорықтарын Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттерінен бастады. Темірдің мақсаты - Шағатай үрпағының бұрынғы иеліктерінде, бір орталыкқа бағынған мемлекет қүру мақсатына кедергі болатын моғол билеушілерін әлсірету.

Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары басталды. Кейін тағы да бірнеше рет шабуыл жасады: 1375-1377, 1383 жылдар. 1388 жыл - Темір Иранға жасалған жорығынан оралып, бүлік шығарған Хорезм халқын қырғынға үшыратты. Астанасы Үргенішті тонады. 1389 (120 мың әскерімен), 1390 жылдары Моғолстанды қайтара шабуылдап, нэтижесінде Жетісу жері қаңырап бос калды. Алтын Ордаға қарсы бірнеше жорықтар жасады (1389, 1391, 1395 жылдар). Әмір Темір XIV ғасырдың 90-жылдары Иран, Ирак, Ауғанстан, Үндістан, Кіші Азия, Еділ бойы, Кавказ, Қазақстан, Орта Азияны камтитын империя күрды (барлығы 27 мемлекетті жаулады).

Әмір Темір өз өкіметінің тірегі ретінде ислам дінін барынша қолдап, мешіт пен медреселер, Иассыда Ахмет Иассауи кесенесін салғызды (1397ж.). 1404 жылы Темір Қытайға жорыққа дайындалды. 1405 жыл - Әмір Темір жолда ауырып,

Отырарда қайтыс болды. Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары Шығыс Дешті Қыпшақтын, зсіресе Онтүстік - Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайын қүлдыратты.

Ноғай Ордасы.

Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктің бірі - Ноғай Ордасы. Ол ХП/-ХУ гасырларда Батыс Қазакстанның бір бөлігін алып жатты. Ноғай - Алтын Орда әскерінің олбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306 ж.ж.). Ол Кавказ, Персия, Польша, Венгрия, лгария, Сербия, орыс жерлерін абуылдады. Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Византия императорының зына үйленіп, туыстық қатынас орнатты. рке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оньң күрамындағы рулар Каспий маңына оныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы- әмір Едіге (1395-1419 ж.ж.). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411 ж.ж.), "үлы әмір" атанған. Шыңғыс эулетінен хан сайлау Едіге эулетінің келісімінсіз қабылданбайтын дэстүрге айналды. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XIII ғ. екіңші жартысынан бөлектене бастады.

Орта ғасырлардағы Қазақстан

Бүл процесс XIV ғ. әмір Едіге түсында жалғасып, баласы Нүраддин кезінде аяқталды. Ноғай Ордасы Едігенің үлы Нүраддин (1426-1440 ж.ж.) түсында Алтын Ордадан бөлініп, дербес мемлекет атанды.

Территориясы: Жайық-Еділ арасы. Ең ірі тайпасының атымен "Маңғыт жүрты" атанған. Астанасы - Сарайшық (Жайық өзені бойында). Бүл - Қара теңіз жағалауынан Орта Азияға дейінгі аралықтағы сауда жолындағы ірі транзиттік қала. Халқы - маңғыт, қыпшақ, қоңырат, найман , арғын , үйсін, қарлүқ, алшын, тама тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар XV ғасырдың аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін қүрады.

Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір Еділ үрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды. Билік рудағы жасы үлкендігіне қарай мүраға қалдырылды.

Ноғай Ордасында үлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі - хан. ¥лыс билеушісі - мырза. Орданы Едіге үрпақтары басқарды. Мүрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, эскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды. Малдарынан айырылып, отырықшылыққа көшкен кедейлер - түмақтар. Үлыстан кол үзіп, эскери табыс тауып күн көрушілер (көшпелі казактар) болды.

Ш. Уэлиханов ноғайлар мен қазақтарды "екі туысқан Орда" деп атаган. Ал Хақназар хан "қазақтар мен ноғайлар ханы" атанған.

XVI ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда - экономикалық, саяси байланысы дамыды. XVI ғасырдың екінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге бөлінді:

Үлкен Ноғайлы - Еділдің шығысы;

Кіші Ноғайлы - Еділдің батысы;

1600 жылы Үлкен Ноғайлы мырзалары Борис Годунов түсында, Ресейге тэуелділігін мойындап, Иштерек мырза князь атанды.

1634 жыл - қалмақтар шабуылынан кейін, Үлкен Ногайлы Еділдің батысындағы Кіші Ноғайлыларға келіп қосылды. Кіші Ноғайлы қазақ хандығын мойындады, кейін Кіші жүз қүрамына енді.

Қазақ хандығының қүрылуы.

а) Хандықтың қүрылуыныц алғы шарттары.

Қазак хандығы көшпелі ақсүйектер басьтмдығы артқан Әбілхайыр хандығы жэне Моғолстаннын ішкі саяси кактығыстарының нэтижесінде күрылды. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда түратын ру, тайпа көсемдері саяси тэуелсіздікке үмтылып, Әбілхайыр мен Есен-Бүғаның (Моғолстан ханы) билігіне мойынсүнбады. Сондыктан, XV ғасырдың 40-50 - жылдары олар Керей мен Жэнібектің маңына: Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады.

1446 жылы Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Үгзент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін үлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті.

XV ғасырдың 20-жылдарынан бастап ойраттар Жетісуды жиі шабуылдай бастады:

Жайылым қажеттілігі.

Сауда орталықтарына үмтылу.

XV ғасырдың 50-жылдары ойраттар Түркістан аймағына жетті. Ал 1457 жылы Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларының Керей мен Жэнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті. Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды. XV ғасырдың 50-жылдарынан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады (200 мың адам). Халық Жетісудың батысына, Моғолстанға қарай көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды. Жэнібек пен Керей сүлтандар казақтардың саяси түрғыдан бірігуіне, қазак хандығының кұрылуына негіз қалады.

Саяси тарихы.Көшіп келген қазақ руларына Моголстан ханы Есен-Бүға Шу мен Талас бойынан жер берді. Есен-Бүғаның мақсаты:

Әбілхайыр мен Темір эулетіне қарсы қазақтардың күшін пайдалану.

Ойраттар (қалмақтар) шабуылынан Моғолстан шекараларын қорғау. 1465-1466 жылдар - Қазақ хандыгы құрылды (М. Хайдар Дулати). Хандықтың алгашқы территориясы:

Батыс Жетісу, Шу, Талас өңірі. Хандыктың алғашқы хандары - Керей мен Жәнібек (Орыс ханның үрпақтары). Қазақ хандығы шығысында Моғолстанмен, оңтүстік және батысында Темір үрпағының мемлекеті және Әбілхайыр хандығымен шектесіп жатты. Жас мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жэнібек хан (шын есімі - Әбусаид, халық эз-Жэнібек атаған) Моғолстан ханымен достық қатынаста болуға үмтылды. Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына бөгет жасауға ұмтылуынан еш нэтиже шыкпады. 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа атанған Әбілхайыр жолда кенеттен қайтыс болды. Бұдан кейін Жэнібек пен Керей шекараны кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шыгыс Дешті-Қыпшакты қосуға ұмтылды. Бүл аймақтардың экономикалык жэне стратегиялық маңызы күшті болды:

Сауда байланыстарының орталығы.

Мықты бекіністі қалалар.

Құнарлы жерлері-бағалы қыстау.

Шығыс Дешті-Қыпшақтағы шайбанилер эулетінің билігін қайта орнатуға ұмтылған Мүхаммед Шайбанидің көздегені де осы жерлер болғандықтан, екі арада жаулаушылық соғыстар басталды. Құлдырау жағдайындағы Моғолстанның билеушілері Жүніс пен оның үлы Сүлтан Махмүд Оңтүстік Қазақстандағы қалалар үшін жанталасты. Бүл күрес 30 жылға созылып, Бүрындық пен Қасым хандар тұсында жеңіспен аяқгалды.

а) Қазақ хандығыныц қүрылу жүйесі.

XV - XVI ғасырларда казақ хандығының мемлекеттік құрылысы 7 сатыдан қаланды:

Ауыл - туыстас, қандас адамдардан немесе бірнеше отбасынан кұралған қоғамдық ұйым. Ауылдың басқарушысы-ауылбасы.

Ата-аймақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауыл. Басқарушысы- ақсақал.

Ру - 10 немесе 15 аймақ. Басқарушысы-рубасы.

Арыс - бірнеше ру. Басқарушысы- би.

¥лыс - бірнеше арыс. Билеушісі- сұлтан. Олар хандар мен ақсүйектердің эулетінен болады.

Жүз - бірнеше ұлыс. Билеушісі- хан.

Хандық - үш жүз. Билеушісі- қаған (ұлы хан). Хандар Шыңғыс әулетінен сайланған.

ә) Саяси-әкімшілік қүрылымы.

XV ғасырда хандар сайланып қойылатын болған. Хан - азаматтық, экімшілік, соттық жэне эскери билікті қолына жинақтаган мемлекет басшысы. Ханның тұрақты эскері болмады. Қажетті жағдайда рулық-тайпалық жасақты жинап отырды.

Әскери қүрылым.

Біріккен эскер, басқарушысы - жоғарғы қолбасшы (хан) і

¥лыс эскері, басқарушысы - ұлыс эскерінің басшысы (ұлыс басшысы)

Рулық - тайпалық жасақ, басқарушысы - жасақ басшысы (рубасы)

Әрбір жасақтың, ұлыс эскерінің жауынгерлік туы мен ұраны болған. Жоғарғы қолбасшы (хан) шайқастарда жауынгерлерді басқарып, ауыртпалықтарды бірге көрген. Біріккен эскер саны 300-400 мыңға жеткен. Бір ханда 9 ту болған.

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.

1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.

Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.

Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.

Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы» - дейді.

Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.

XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.

Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен.

Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы).

Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.

Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.

Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.

1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді.

Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар батырларымыз да болды.

Бұқар жырау өзінің 29 толғауында олардың аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Райымбек, Малайсары.

Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.