
- •Ежелгі Түрік қағанаты (552-603 жылдар).
- •4 Таттар (қүлдар)
- •16 Жылға созылған (640-657 жылдар) тайпааралык соғыстардың кағанатты әлсіретуінің салдарынан, Таң империясы Жетісуды басып алды (659 ж.).
- •Қарлүқ қағанаты (756-940 жылдар)
- •Оғыздар мемлекеті
- •Қимақ кагандыгы
- •Қарахан мемлекеті
- •Қарақытайлар
- •Наймандар мен керейттер
- •Монғол мемлекетінің саяси тарихы. А) Монғол тарихы.
- •Монгол шапқыншылыгы.
- •Монғол үлыстары.
- •Монғол шапқыншылығының зардаптары.
- •Моғолстан
- •Әмір Темір жорықтары.
- •XIV ғ. Темір империясы - Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі мемлекет.
- •Ноғай Ордасы.
- •Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •1726 Жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.
- •Қазақ халқыныц қалыптасуы.
- •XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына жэне олар орналасқан аумактың Қазақ хандығына бірігуі, түтас халык болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.
- •Ә) "Қазақ" этнонимініц шығуы.
- •Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Материалдық мәдениеті.
- •Тоннын түрлері:
- •Мәдениеті.
- •Үйсіндер.
- •Ә) Археологиялық ескерткіштері.
- •Б) Шаруашылығы. Діні.
- •Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан
- •А) Шаруашылығы.
Ғұндар
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.
Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Ежелгі Түрік қағанаты (552-603 жылдар).
¥лы қоныс аудару оқиғасы (И-Уғ.ғ) Қазакстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халыктарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді.
V ғасырда түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңтүстікте көшіп-қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.
535 жыл - түрік қолбасшысы Бүмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546 жыл - теле тайпасы түріктерге косылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552 жылы 50 мың әскерімен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.
• 552 жыл - Түрік қағанаты (мемлекеті) құрылып, Бүмын өзін қаған (билеуші) деп жариялады.
Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы - Суяб. "Түрік" атауы алғаш рет 542 жылғы кытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың үрпағы деп санаған. Алғашында "түрік" этнонимі эскериіпонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.
Бұмын кағанның ізбасарлары Қара Ыссық жэне Мұкан қағандар түсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы
қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғасырда Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.
Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бүл - Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.
• 561-563 жыл - түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен эскери одақ құрды.
• 564 жыл - Иран шахы Хүсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.
• 567 жыл - Бүхар түбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Үлы Жібек жолын өз бақылауында үстады.
Түріктер жэне олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға үмтылды. Бүған Иран _ кедергі болады. Соған байланысты^5б^жыльі (еоғдьГ көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге * (Стамбул) келіп, Византия императоры II Юстинианмен сауда жэне әскери шарт жасасты. Түрік-Византия одағы нэтижесінде:
- Иран түріктерге жылына 40мың алтын динар салық төлеуге;
- Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.
• 575 жыл - Иран мен Византия келісімі нэтижесінде, Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретінде Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады.
Түрік қағанаты/ІО ^)ұлысқа бөлінді. Үлыс баскарушьісы^/шаюҮлыстық үстемдік белгісіретінде 10алтынжебе берілді.
Естеми қаған мен оның үлы Түріксанфа түсында қағанат элсіреді. Басты себептері:
- Ішкі тартыстар;
- Көрші елдермен соғыс.
Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.
• 603 жылы қағанат 2-ге бөлінді:
- Батыс Түрік қағанаты
- Шығыс Түрік қағанаты.
Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты қүрамына енді.
Батыс Түрік қағанаты (603-704 жылдар)
Қағанаттың орталығы - Жетісу. Астанасы - Суяб (Ақбешім) қаласы. (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы - Мыңбүлақ (Түркістан төңірегі).
Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан түрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:
• Дулу - Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан 5 тайпа;
• Нушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген 5 тайпа.
Қоғамдық қүрылымы
Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған - ең жоғарғы билеуші, эскер басы жэне бүкіл жердің иесі.
Қаған Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жогарғы шенділер)
Бек (ру, тайпа басқарушысы)
Тархан, бүйрықтар (сот қызметін атқарушылар) Түдын(салық жинаушы)
қара бүдын (қарапайым халық)