
- •Жерге орналастыру жайында негізгі түсініктер
- •1.1 Жерге орналастыруды жобалау
- •1.2 Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы
- •2.1 Жоба алды жұмыстар.
- •2.2 Жобаларды топтастыру (классификациялау)
- •2.3 Жерге орналастыруды жобалау кезеңдері
- •Қазіргі кездегі жерге орналастырудың құрылымы
- •А) салааралық жерге орналастыру (сажо)
- •Б) Шаруашылық аралық жерге орналастыру (шажо)
- •Г) участкелік жерге орналастыру
- •4.1 Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру жобасының мазмұны, әдістемесі
- •4.2 Жер пайдаланудың ауданын анықтау.
- •4.3 Жер пайдалануды орналастыру
- •4.4 Ауылшаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.
- •4.5 Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануын құру
- •6.1 Берілетін жер учаскесінің ауданын анықтау және негіздеу.
- •9.1 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру
- •9.2 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының құрылымы.
- •9.3 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарындағы дайындық жұмыстары.
- •9.4 Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттеу.
- •9.5 Далалық дайындық жұмыстар.
- •10.1 Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын ұйымдастыру
- •10.2 Өндіріс бөлімшелерін және оның орталықтары шаруашылық жер массивінде орналастыру
- •11.1 Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілері.
- •11.2 Негізгі ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыру
- •11.3 Жобалау әдістемесі.
- •12.1 Алқаптарды ұйымдастыру
- •12.2 Алқаптарды ұйымдастырудың әдістемесі жайында түсінік, оның шешетін мәселелері және мазмұны.
- •13.1 Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
- •13.2 Ауыспалы егістікті жобалау кезегі
- •14.1 Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру
- •14.3 Дала жолдарын жобалау
- •15.1 Жайылымның территориясын ұйымдастыру
- •15.2 Қоршалған жайылымдарды пайдалану.
1.1 Жерге орналастыруды жобалау
Жобалау- жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу- барлық жерге орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың предметі болады.
Қазіргі жерге ораластыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы- таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.
Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қәзіргі әдістерін кең қолданады(есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико-математикалық(ЭММ), болжамдау әдістері және т.б.), ұғымның диалектік- материалистік әдісіне негізделген.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер ресурстарынпайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т.б.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады,сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.
Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейтін өңделгенжобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару, жалпы қажетті басқару ережелерімен жерге орналастыру процессі толық және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды орындауды талап етеді.
1.2 Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы
Жерге орналастыру өзінің жүзеге асуының барлық тарихи кезеңінде алдына қойған мәселелерді түрлі құралдармен және жобалау тәсілдерімен орындады.
Жеке немесе өзіндік жер иеленушілік пен жер пайдаланушылық болған мерзімде(мысалы Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы столыпиндік реформа жүргізілгенде) шаруа қоғамдарының шектері және әсіресе аула,кіші аулалар мен хуторлар, басқада жер иеленушілердің шекараларын жоғары дәлдік қағидасы аналитикалық тәсілмен жобалаған.
Осыған байланысты жерге орналастыруды жобалау туралы ғылым ең бастысы аудандарды бөлу ұсынылған математикалық және геодезиялық тәсілдер бойынша ұсынылған, сондай-ақ жерді иелену мен пайдалану құқығын заңды рәсімдеу ұсынылған. Революциядан кейінгі жылдары және Кеңес Одағы кезінде жерге орналастыруды жобалау революциядан бұрынғы жылдардан алынып сақталған, дегенмен жерді ұлтандыру негізінде жердің қайта қалыптастыру (1917-1921жж) жерге орналастырудың кластық және әлеуметтік мазмұны түпкілікті түрде өзгерді. Жерге орналастыру ғылымы толығымен немесе оның құрам бөлігі- жерге орналастыруды жобалау сол уақытта қалыптасқан колхозды-совхозды жер пайдаланумен дамып отырды.
Кейбір тұғырықтық құбылыстарды өткізгеннен кейін, жер пайдаланудың қалыптасқан формаларын түпкілікті өзгерісін жерге орналастыру ғылымы жер құрылымының жаңа тәсілдерін іздеуге мақсат қойған болатын, бұл қайта қалыптасқан колхоз және совхоздарды ұйымдасқан- шаруашылық бекітуді талап етеді. Біртіндеп, колхоздардың шекарасын нақты мәнге шығару қарапайым тәсілінен жерге орналастыру бұрын қалыптасқан а.ш кәсіпорындың жерін құрудың ең күрделі тәсілдеріне өтті.
Жерге орналастырудың ірі жер массивтерін, адамдардың коллективтік еңбегін ұтымды пайдалануды және машина техниканы пайдалану өндірісін қамтамасыз ететін ең жетілген жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі туды. Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа шекаралары рәсімдеумен байланысты жерге пайдалану құқығына мемлекеттік актілерді беруге жер пайдалануды дайындау, бірінші жоспарда колхоз және совхоздың шаруашылық орталығын орналастыру жөнінде, өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру және оған жер массивтерін бекіту, қажетті алқаптар құрылысын белгілеу, дұрыс ауыспалы егісті енгізу және т.б.жаңадан орналастыру бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді шешуге алып келеді. Жерге орналастыру ауылдар арасынан ауылдар ішіне ауысуынан, шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыруға өтті. Көрсетілген мәселерді шешу жолдарын ғылыми өндеудің объективті қажеттілігі туды. Жерге орналастыру ғылымында және тәжірибесінде жобалау әлеуметтік- экономикалық бағыттан жер өлшеу –техникалық(геодезиялық) бағытта болды.
Ол енді әлеуметтік-экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары көрнекті ғалым П.Н.Першин (1890-1970ж.ж.) сол уақыттағы жерге орналастыру ғылымына ұйымдасқан-құқықтық және жерөлшеу-техникалық бағытымен қарама қайшы келді. П.Н. Першин алдын ала көрді халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі барысында «Аумақты жерге орналастырумен құрылған мемлекет ұйымдастырушы әрекеттің жемісі болады, қоғамдық шаруашылық формасында қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталған.
Ауыл шаруашылығын реттеумен байланысты жаңа жерге орналастырудың мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И.Д.Шулейкин берді. Оның актив қатысуымен қысқа мерзім ішінде(1932-1938ж.ж) Аумақты Ұйымдастыру Ғылыми Зерттеу Институтын құрылды, ұлкен ғылыми жұмыстар жүргізді, оның нәтижесі бір қатар монографияларда жарық көрді.
АҰҒЗИ трудтарымен Жерге орналастыру мектебін құру және дамыту үшін қажетті бағыт құрылды. Бұл ғылыми мектепті отыз жылдан артық уақыт ВАСХНИЛ академик С.А.Удачин (1903-1974жж.) басқарды.
Жерге орналастырудың ғылыми түсінігі қалыптасты, оның мақсаты мен міндеті, ұйымдастырудың жалпы қағидалары, жерге орналастыру шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыру болып бөлінуі ұсынылды, шаруашылық жерін орналастырудың құрылымдық бөлінуі өңделді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жерге орналастырудың жалпы теориясын одан әрі дамыту және экономикалық аудандар мен табиғи аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып жобалау әдісін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жер-бағалау жұмыстарымен, аудандық ауыл шаруашылық жоспарлаумен, келешектік жоспарлаумен, ұзақ мерзімді болжамдармен, мелоирациямен, агроорманмелиорациясымен, жол жұмыстарымен,ауыл елді мекендерді жоспарлаумен және т.б. жерге орналастырудың өзара байланысы ескеріліп отырады.
Нег: 4.[4-16], 5.[5-15]
Қос: 14. [8-27]
Бақылау сұрақтары:
1. Жерді ұтымды пайдалану мәселесі және оның мәні.
2. Жерге орналастыру қандай мақсатта жүргізіледі?
3. Жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру қандай жобаларды өңдеумен қамтамасыз етіледі?
4. Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы.
5. Жерге орналастыру ғылымы мен тәжірибесіндегі бағыты.
Дәріс№2. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.