- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •1 Тақырып Психотерапия, оның мақсаты мен міндеті.
- •2 Тақырып. Психодинамикалық психотерапия.
- •3 Тақырып. Клиентке бағытталған терапиясы.
- •4 Тақырып. Гештальт терапиясы.
- •5 Тақырып. Когнитивтік психотерапия.
- •6 Тақырып. Рационалды психотерапия.
- •1 Кесте Рационалдық, когнитивтік және когнитивтік-эмоционалдық психотерапияның салыстырмалы сипаттамасы
- •7 Тақырып. Трансактілік талдау.
- •8 Тақырып. Нейролингвистикалық бағдарламалау (нлб).
- •2 Кесте Метаүлгінің бұзылуы мен нақтылайтын және сұрақтар мысалдары
- •3 Кесте Модальдылық тілдің екі жақты аудару
- •4 Кесте Рұқсаттың көз белгілері
- •9 Тақырып. Суггестивтік психотерапия.
- •10 Тақырып. Отбасылық психотерапия.
- •Тема 11. Арт-терапия.
- •12 Тақырып. Дене-бейімделу психотерапиясы.
- •13 Тақырып. Экзистенциалдық психотерапия.
- •Тема 14. Имаготерапия.
- •15 Тақырып. Мінез-құлық психотерапиясы.
- •16 Тақырып. Мәселелі-бейімделу психотерапия.
- •17 Тақырып. Топтық психотерапия.
- •Тест материалдары
- •Терминдер глоссарийі
- •Әдебиеттер
- •Психотерапия технологиялары
Терминдер глоссарийі
Психотерапия – (грек, psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (клиентті, пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті кажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы.
Психологиялық талдау – грек сөзі, analysis — ыдырау, болшектеу) — 1) адам психикасындағы жасырын ұғынылмаған үдерістерді айқындауға негізделген, австриялық психолог 3. Фрейд (1856-1939) пен оның ізбасарлары ұсынған психотерапия әдісі; 2) 3. Фрейд тұжырымдамасына негізделген және адам психикасы функциясының механизмі мен құрылысы туралы болжам мен идеялардың жиынтығы.
Кеңес беруді өткізу – психологиялық кеңес беруді өткізуге жұмсалатын бір күн ішіндегі уақыт немесе уақыт аралығы; психолог-кеңесшінің клиентпен жұмыс істсуге жұмсаған уақыт мөлшері. Кеңес берудің диагностикалық кезеңі — клиенттің психолог-кеңесшіге өз мәселесін айтуы, ал психолог-кеңесші оны зейін қойып тындап, талқылап, мәселені клиентпен бірге нақтылап, оған психологиялык, диагнөз қойып, керек болған жагдайда клиенттің өзіне психодиагностикалық зерттеу жүргізіп қарайтын психологиялық кеңес берудің кезеңі.
Кеңестің құпиялығы – Мұндай жайдың ерекшелігі — кеңес уақытында болатын мәселелер және клиенттің психологиялық кеңеске өтініш беру фактісі бөгделерден құпия түрінде сақталады. Кеңестің бақылаушы кезеңі — психологиялық кеңестің аяқталу кезеңі. Бұл кезеңде психолог-кеңесші және клиент мәселені шешуде алынған практикалық ұсыныстардың орындалу нәтижесі бағаланады.
Психодинамика – (rpetLdynamis — күш) — қарама-қарсы бағыттағы мотивациялық ықпалдан туындайтын ойлану, сезіну, мінез-құлық құбылыстарын түсіндіретін психикалық талдаулық теорияның маңызды саласы. Негізінде, П. әртүрлі қөздырғыштардың өзара ықпалын зерттеуге, психикалық үдерістің мәнісін айқыңдауға, психикалық қызметтің үдерісті, жағымды және регресті, жағымсыз өзгерістерін айқындайды.
Психодрама – (грек сөзі, drama — іс-әрекет) — топтық психотерапияның бір түрі; мұнда пациенттер актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзін-де олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін түлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталады: бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып білу мақсаты көзделеді. Психодрама ұғымын және процедурасын Д.Морено (АҚШ) ұсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір кұралы деп түсіндірді.
Клиент – қандай да бір мәселені шешу үшін кәсіби пси-хологтан кеңес алуға келген адам. К.-ті вербалды қолдау — психологиялык кеңес жүргізіп жаткан уақытта, клиентті психолог-кеңесшімен бірлесіп белсенді жұмыс істеуіне ықпал ететін сөйлеу әдісі; клиенттегі психологиялық күйзелістерді, әсіресе оны ашық әңгімеге тартқанда психолог-кеңесшінің түрлі сөздер мен сөйлемдерді қоіщануы.
Клиенттің кері байланысы – психологиялық кеңестен ксйіші, кеңес барысьшда алынған ұсыныстарды клиентгің орындау үдерісінде, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынасы. Сонымен бірге клиент өз мәселесін шешуіне байланысты кылыктарын түзетуге де мүмкіндік туғызады. Клиентті бағаламау — психолог-кеңесшінің клиенттің түлға-лығына немесе қылығына «жақсы» немесе «нашар» деген баға беруден бас тартуы; психолог-кеңесшінің клиешті сол күйінде тұлға ретіңде қабылдауға ыңғйы.
Когнитивтік психология – қазіргі психологиядағы таным әрекеттерін зерттейтін жетекші бағыттарынын бірі. Әуел баста когнитивтік психологиянын басты міндеті — сенсорлык ақпараттың стимулдың рецепторлық бетке түскен сәтінен жауап алынганга дейінгі өзгерулерін зерттеу болды. К.п. бихевиоризм мен психологиялық талдауды интеллектуалистік немесе менталистік позициялардан сынайтын барлық бағыттарды қамтиды.
Когнитивті психологиялық кеңес – клиентте танымдық үдерістерді дамыту және қалыптастыру мәселелері негізінде жүргізілетін психологиялық кеңес. Когнитивтік сфера — адамның өзі және әлем туралы ойларының танымдық үдерістері мен санасына байланысты адам психологиясының бөлімі. Когнитивтік даму — адамның когнитивті сферасының, оның қабылдауы, зейіні, қиялы, есі, ойлау және сөйлеуінің қалыптасуы мен даму үдерісі. Когнитивті үдерістер — адамдағы сезу, қабылдау, қиялдау, зейін, есте сақтау, ойлау жоне сойлеу үдерістсрін қамтитын танымдық үдерістер.
Гештальтпсихология – (нем. gestalt - пішін, тұтастық) - шетелдік психологияның сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Гермапияда пайда болған. Гипнотерапияның ізашары X. Фон Эренфельс (1859-1932) болып табылады. Басты өкілдері: М. Вертгеймер (1880-1944), В Келер (1887-1967) және К. Коффка (1886-1941).
Гештальтерапия – гештальтпсихологияның теориясына негізделген, адамға психотерапевтік ықпал ететін әдістер және процедуралар жүйесі — психологиялык зерттеулердің аумағы, тұтастық құрылымының қызметтері мен зандарын алғышарт ретінде қарастырып, соның нәтижесінде олардың арасындағы байланыстары түсіндіріледі.
Инсайт – (ағылш. insight — түсіну) — 1) неғүрлым жалпы мағынасы — бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік; 2) стандартты жағдайда — кез келген өзіндік сана-сезім немесе өзіндік ұғыну; 3) психотерапияда — біреудін бұрын аңғарылмаған психикалық күйін түсіну немесе білу; 4) еске түсірмей-ақ, бұрынғы тәжірибеге сүйенбей, бір нәрссні жаңадан дұрыс аңғару; 5) гештальтпсихологияда — проблемалар сол арқылы шешілетін үдеріс.
Экзистенциялық психология – «гуманистік психология» бағыттарынын бірі. Э.п.-ның зерттейтіні: 1) уақыт, омір мен өлім проблемалары; 2) бостандық, жауапкершілік пен таңдау проблемалары; 3) қарым-қатынас, махаббат пен жалғыздық проблемалары; 4) тіршіліктің мәнін іздеу проблемалары.
