- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
Қазіргі кездерге дейін топырақ пен су құрамдарын химиялық заттардан тазарту көп қаражатты қажет ететіндіктен, әзірге жақсы нәтижеге қол жеткізілді деп айту қиын. Өйткені осы мақсатта қазір көп қолданылып жүрген әдістер өте қарапайым. Олардың бірнеше түрі бар болғанымен, сайып келгенде қоршаған ортаны тазалаудағы ролі шамалы. Мысалы, қалалардан, өндіріс орындарынан шыққан қоқыстар – қала сыртында орналасқан арнайы орындарға көміліп тасталады, немесе химиялық заттармен ластанған су – активтендірілген көмір арқылы сүзіп алынады. Бұл дегеніміз, бір жердегі қалдықты екінші жерге (қаладан – қала сыртына), немесе бір ортадағы қалдықты екінші ортаға (судағыны – құрлыққа) ауыстыру ғана болып табылады. Тағы бір көп қолданылатын әдістің – қоқыстарды өртеудің де тиімділігі шамалы. Өйткені, бұл үшін көп энергия (отын) жұмсалады және өртенген улы заттардың басым бөлігі ауаға тарайды.
Биоремидиация – қоқыс өңдейтін орындарда немесе ластанған ортада жиналатын химиялық улы қалдық заттарын, қауіпсіз немесе қауіпсіздігі төмендетілген заттарға айналдыру мақсатында арнайы микроорганизмдерді пайдалануды ұсынады.
Қазіргі кезде биоремидиация технологиясы арнайы басылымдар арқылы жақсы бағаланып, экологиялық мәселелермен айналысатын мекемелер тарапынан қолдау табуда. Бірақ та, әлі де бірсыпыра техникалық қиындықтарды шешуді талап ететіндіктен, қоқыс өңдеумен айналысатын мекемелер оңай жол іздеп, бұрыңғы тәсілмен көміп немесе өртеп жіберіп жатады.
Осы бағытта жүргізілген соңғы жұмыстардың кейбіреулері, биоремидиацияның болашағынан зор үміт күттіреді. Бұлардың ішіндегі биоремидиация технологиясының ең табысты деп танылатыны қатарында, қалыпты жағдайда ласты ортада тіршілік ететін микроорганизмдерді көптеп пайдалану есептелінеді. Табиғатта кездесетін көптеген бактериялар мен саңырауқұлақтар, химиялық ластағыштарын ыдырата алатын қасиетке ие. Мысалы, бұлардың қатарына әртүрлі пестицидтер мен полихлорланған бефинилдердерді, ауыр металдарды детоксикация жасай алатын микроорганизмдерді жатқызуға болады. Басқа бір жолы – арнайы интродукцияланылған, яғни ГМ-микроорганизмдерді пайдалану болып табылады.
Ластанған ортаны улы заттарынан табиғи мүмкіндіктері арқылы тазалау ұзақ мерзімді қажет ететіндіктен, бұл үдерістің қарқынын арттыратын әдістерді ойлап тауып, қолдану қажеттілігі туындайды. Сол үшін, белгілі-бір микроорганизмдері бар осындай ластанған ортаға, осы микроорганизмдердің өсіп-көбеюіне қажетті құрамында азотты заттары бар немесе басқа да қоректік заттарды салу арқылы, биоқолдау (биостимулдеу) әдістері қолданылады. Мысалы, лас суларда өмір сүретін микроорганизмдер үшін қоректік зат ретінде, осы сулар метанмен байытылып отырылады.
Бұл бағытта қолданылатын әдістер қатарында, полихлорланған бефинилдер сияқты суда ерімейтін улы заттардың микроорганизмдер үшін пайдалана алатындай дәрежеге жеткізіліп берілуі айтылады. Улы заттарды микроорганизмдер қорыта алатындай дәрежеге жеткізу үшін, оларды ерітіп-ыдырату әдістерін ендіру қажет. Алайда, биоремидиация үдерісін арттыру мақсатында жасалынатын бұл шара барысында, ерітілген улы заттардың топырақ немесе табиғи су көздеріне өтіп кетпеу мәселесі де қамтамасыз етілуі қажет болады. Бұл бағытта істелетін пайдалы шаралар қатарында – оларды қыздыру, сурфактанттарды (беткейлі белсенді заттар) пайдалану, реакциялы ортаның оптималды сулығын сақтап тұру мақсатында ылғалды ауамен үрлеп тұру, қалпына келтіретін химиялық агенттерді пайдалану жатқызылады. Мұнда анаэробты жағдайдың in situ, немесе өңдеу кезіндегі сақталуы маңызды. Өйткені анаэробты жағдай көптеген органикалық және бейорганикалық ластағыштарының детоксикациялануына қолайлы орта тудырады.
Биоремидация ортаның ауыр металдармен ластануы жағдайында да көп пайдасын тигізе алады. Мысалы, табиғатта металдармен «қоректенетін» бактериялар да кездеседі. Сіздер ауыр металдар қатарына мырыш, сурьма, кадьмий, хром, қорғасын, сынап, темір, марганец, радий, никель, селен, күміс, талий, жататынын білесіздер. Биоремидиация арқылы жер үсті және жер асты суларын, топырақты тазарту, кен қойнауынан алынған топырақтардан әртүрлі металдарды алу сияқты жұмыстарды атқаруға болады. Мұнда металдар мүлде жоғалып кетпей, тек қана улылығы төмен күйге айналады.
Металмен қоректенетін белгілі бактериялар қатарында алты валентті хромды үш валентті хромға айналдыратын анаэробты бактерияларын атай аламыз. Алты валентті хром адамдарда ісік ауруын тудырса, үш валентті хромның мұндай әсер жоқ. Сондықтан, көбінесе құрамында хромы бар топырақтарда, биореактордан өткізілу арқылы, осындай микроорганизмдердің тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасалынады.
Қоршаған ортаны ауыр металдардан тазарту мақсатында өсімдіктерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу жұмыстары да белсенді түрде қолға алынуда. Бұл бағыт – фиторемидиация деп аталады .
Фиторемидиация деп – өсімдіктердің, бойында ауыр металдарды тұтып қалу қабілетін, қоршаған ортаны тазалау мақсатында пайдаланылу айтылады. Көптеген өсімдіктер өз бойында (жапырағы, сабағы) ауыр металдарды, оны қоршаған ортадан (топырақ, ауа, су) ондаған есе, немесе кейбіреулері жүз еседей артық жинай алатын қабілетке ие. Қазіргі кезде осындай «жасыл технологияның» бірнеше мүмкіндіктері қарастырылуда:
Фитоэкстракция – металдарды жердің үстіндегі бөліктеріне (жапырақ, сабақ) жинау қабілетіне ие өсімдіктер, топырақтың құрамындағы улы заттарын өз бойына жинақтаған соң, кейіннен жойылады.
Фитодеградация – органикалық ластаушы заттарды ыдырату мақсатында өсімдіктер мен арнайы іріктелініп алынған микроорганизмдер штаммдарын пайдалану.
Фитофильтрация – топырақ суы құрамынан ауыр металдардың ертінділерін сорып алу мақсатында өсімдік тамырын (ризофильтрация) және өскіндерді (бластофильтрация) пайдалану.
Фитоволитилизация – топырақтағы буланып ұшатын заттарды экстракциялау мақсатында арнайы өсімдіктерді пайдалану.
Фитостабилизация – арнайы өсімдіктерді пайдалану арқылы ластаушы заттарды мейлінше қол жетпейтін дәрежеге (малодоступный) өткізу.
Біздің санамызда қоқыстардан арылуда қалыптасып қалған «көміп таста, өртей сал, ағызып жібер» деген көзқарастан арылуға биоремидиация әдістері әсер ете ала ма? Мұнда көптеген мәселе аталған технологияны қоғамның дұрыс қабылдауына байланысты өзгереді. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғауда биотехнологиялық әдістерді кеңінен қолдану – азаматтар тарапынан түсіністік пен белсенділікті қажет етеді демекпіз.
